2020 жылдың 12 қарашасында сағат 17.40-та Тараз қаласы 10 мөлтекауданы көпқабатты тұрғынүйдің пәтерінің бірінде өрт оқиғасы орын алған. Оқиға орнына Тараз қ. №1 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінен 2 өрт сөндіру автокөлігі мен 1 дана автосаты, сондай-ақ 9 адам жеке құрам мен Кезекшілік өрт сөндіру қызметі шыққан.
Өрт сөндірушілер мекен-жайға 7 минуттың ішінде жетті. Жедел жүргізілген барлау жұмыстарынан соң пәтердің жатын бөлмесіндегі тұрмыстық заттардың (көрпе-төсек) өртенгендігі анықталған. От жауынгерлері пәтердегі өртті сөндірумен бірге оқиға орнынан 15 адамды қауіпсіз орынға көшірген. Оның ішінде 4-уі балалар екендігін атап өткен жөн. Өрт небәрі 10 минутта ауыздықталған. Өрт оқиғасынан зардап шеккендер жоқ.
Жамбыл облысы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің Жұртшылықпен байланыс тобы






