Аталған іс-шара Еңбекші мамандықтар жылы аясында ұйымдастырылып, мейіргер мамандығының қоғамдағы беделін арттыруды, студенттердің практикалық дағдыларын жетілдіруді және кәсіби бағдарын нақтылауды көздеді.
Байқау қорытындысы бойынша келесі жеңімпаздар анықталды:
• 🥇 І орын – Марат Адемі Маратқызы, Жамбыл жоғары медициналық колледжі
• 🥈 ІІ орын – Сатылған Аружан Даниярқызы, Жамбыл жоғары медициналық колледжі
• 🥉 ІІІ орын – Абдирахман Назерке Махатқызы, «Тараз-Болашақ» жоғары медициналық колледжі
Арнайы номинациялар иегерлері:
• 🏅 «Шебер мейіргер» – Рыскелді Жәнел Айболқызы, «Тараз-Болашақ» жоғары медициналық колледжі
• 🏅 «Үздік күтім мейіргері» – Турғанбай Ақмаржан Мәуленбекқызы, «ALEM» колледжі
«MEDSKILLS ZHAMBYL – 2025» чемпионаты – болашақ медицина қызметкерлерінің кәсіби шеберлігін, ізденісін және жауапкершілікке деген дайындық деңгейін айқын көрсеткен жарқын алаң болды. Мұндай жарыстар тек кәсіби құзыреттілікті дамытумен шектелмей, мейіргер мамандығына деген құрметті нығайтып, ізгілік пен кәсібилікті бойына сіңірген жаңа буын мамандарын қалыптастыруға серпін береді.