2017 жылдың 7 мамыры күні Қазақстан Республикасы Қарулы күштерінің 25 жылдығына және Ұлы Отан соғысындағы жеңістің 72 жылдығына орай Тараз қаласының орталық көшелерінде біркелкі әскери киім үлгісімен Тараз қалалық горнизон бөлімшелерінің әскерилері мен мектеп оқушылары майдандық әндерді шырқап бір сап бойымен жүріп өтті.
Аталмыш іс-шара екі бағытта орын алды:
1-ші бағыт Тұңғыш Президент саябағынан — Төле би және Абай даңғылымен Т.Рысқұлов саябағына дейін.
2-ші бағыт Мәңгілік алау мемориалынан Төле би және Абай даңғылымен Т.Рысқұлов саябағына дейін.
Аталған Т.Рысқұлов саябағы нысанында түйіскен әскери топ, қала тұрғындары мен қонақтары және мектеп оқушылары Астана қаласындағы әскери парадтың тікелей көрсетілімін облыс әкімі К.Көкрекбаевпен бірге тамашалады.