Жамбыл облысы төтенше жағдайлар департаментінің «101» қызметіне
Тараз қ. 11 м/а, №23 көпқабатты тұрғынүйдің пәтерінде өрт оқиғасы орын алғандығы жөнінде хабарлама түскен. оқиға орнына Тараз қ. №1 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімі, кезекшілік өрт сөндіру қызметі және Медициналық апаттар орталығынан барлығы 15 адам жұмылдырылды. Сондай- ақ шақырту орнында 5 техника жұмыс атқарды. Өрт оқиғасы кезінде өрт сөндірушілер оқиға орнынан 12 адамды (3-уі балалар) қауіпсіз орынға көшірген. Өрттен зардап шеккендер жоқ. Өрт салдарынан ас бөлмедегі жиһаздар жойылды. Қазіргі уақытта тиісті қызметкерлерімен өрттің шығу себебі және өрттен келтірілген материалдық шығын анықталуда.
Жамбыл облысы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің Жұртшылықпен байланыс тобы






