• Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс
  • ҚАЗ
  • РУС
18.08.2026, 04:43
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
No Result
Барлық нәтижені қарау

Тараз қаласы маңындағы тұрғын алқаптарының мәселелерін шешу жолдары сараланды

turan_admin turan_admin
04.03.2020, 18:56
Облыс жаңалықтары
Тараз қаласы маңындағы тұрғын алқаптарының мәселелерін шешу жолдары сараланды
345
қаралым
FacebookWhatsAppTelegramTwiiter

Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев Тараз қаласы мен  тиісті басқармалардың басшыларына облыс орталығының шеткі ауданы мен саяжай алқаптарының қордаланған мәселелерін шешу бойынша жоспар-кестесін әзірлеуді тапсырды. Ондағы тұрғындармен кездесулер өткізіп, оларға түйінді түйткілдердің жергілікті бюджеттің мүмкіншілігіне қарай  кезең-кезеңімен шешілетіндігін ашық түсіндірудің маңыздылығын баса айтты.

Аймақ басшысы әлеуметтік мекемелер мен қажетті инфрақұрылымдардың құрылысы қомақты қаржыны талап ететінін,  дегенмен өзекті мәселелерді шешу  үшін кез-келген жағдайда тиісті шараларды қабылдау керектігіне назар аудартты. Бұл орайда басты талап –  жүктелген міндеттерді уақытылы орындау, халықпен ашық диалог жүргізу.

Тараз қаласының әкімі Айтқазы Қарабалаевтың айтуынша, шалғай Қарасу тұрғын алқабында 25 келушіге арналған дәрігерлік амбулаторияның құрылысын жүргізу, оның одан әрі жұмыс істеуін жергілікті кәсіпкердің бірі өз мойнына алып отыр. Ол үшін арнайы жер телімі де бөлініп қойыпты. Емдеу мекемесінің құрылысы ағымдағы жылы басталып, аяқталады деп күтілуде. Амбулатория келісім-шартқа сәйкес сенімгерлік басқаруға берілмек.

Сондай-ақ, қазіргі таңда аталған алқаптың  2 388 баласы қаланың түрлі оқу орындарына қатынап оқуда десек, онда жаңа мектеп салу қажеттігін айтпасақ та түсінікті. Бұл бойынша алдын-ала есепке сәйкес жоба құны 2,1 млрд.теңгені құрап отырғандығы айтылды.

—  600 орындық мектеп үшін  бұл өте жоғары баға. Жоба құның қайта қарау керек, — деп атап өтті облыс әкімі.

 Бұл орайда аймақ басшысы құрылыс тек келесі жылы, құжаттамалар мен мемлекеттік сараптаманың қорытындысы дайындалғаннан кейін басталуы мүмкін екендігі алға тартып, әзірге балаларды тасымалдау ісін дұрыс ұйымдастыру қажеттігіне көңіл бөлді.

Шалғай Қарасудың жеті жаңа  тұрғын алқабына ауыз су мен электр желілерін тарту қажет. Ол жұмыстар бюджеттен бірінші кезеңде 570 миллион теңге, екінші кезеңде 450 миллион теңге қарастыруды талап етеді. Тиісті құжаттарды дайындалу үстінде. Жобаларды жүзеге асыру келесі жылдың жопарында.

Барлық жолдары бірден асфалтьтау мүмкін емес, сондықтан  бірқатар көшелерге қиыршық тас төселсе, кейбір жолдар ағымдағы жылы жөндеуден өтпек.

Айтқазы Қарабалаев жеке автобус парктерінің қоғамдық көліктері шеткі аудандарға қатынай бермейтінін атап өтіп, келесі конкурс талаптарында осындай тиімділіктерді ескеру керектігін жеткізді.

Аталған тұрғын алқаптағы тағы бір мәселе – жергілікті көшелердің тарылуы. Ондағы көптеген тұрғындардың рұқсатсыз әр түрлі шаруашылық құрылыстарын жүргізуі қоғамдық көліктердің қозғалысы үшін ыңғайсыздық туғызуда.

Бұл мәселелер қаланың барлық саяжай алқаптарына ортақ.  Алқаптарды электр желілерімен қамтуға 1,5 миллиард теңге, ауыз сумен қамтамасыз етуге – 2 миллиард теңге қажет.

— Тараздықтар қоғамдық көліктердің жағдайына және олардың жұмыс кестесіне шағымдануда. Шағын автобустарды ыңғайлы отандық көліктермен ауыстыру керек. Қоғамдық көлік кемінде 22:00 сағатқа дейін жұмыс істеуге  мінддеті,  бұл талап келісім шартта нақты жазылуы тиіс. Бюджеттік бағдарламалар әкімшілеріне осы шарттың орындалуын қатаң бақылауда ұстағаны абзал, — деп атап өтті өңір басшысы.

Бердібек Сапарбаев осы мәселені Тараз қаласы әкімінің тиісті орынбасарына жолаушылардың шағымдарына назар аударып, тасымалдаушыларға қатаң шара қолдануды тапсырды.

 Жиын қорытындылаған облыс әкімі саябақтарды, скверлер мен аллеяларды облыстық басқармаларға бекіту, Тараз тұрғындарын тарта отырып, ауқымды сенбіліктер өткізуді бастау туралы тапсырмасын қайта нықтады.

Жамбыл облысы әкімінің баспасөз қызметі

 

БөлісуЖолдауБөлісуTweet
Құрылтай

Ұқсас мақалалар

Таразда балалардың құқықтарын қорғау мәселесі бойынша семинар өтті

Таразда балалардың құқықтарын қорғау мәселесі бойынша семинар өтті

15.08.2026, 17:33
Партиялардың ақпараттық жұмыстары: апталық шолу (7–13 тамыз 2026)

Партиялардың ақпараттық жұмыстары: апталық шолу (7–13 тамыз 2026)

14.08.2026, 20:55
68 млн теңге кімге бұйырды? Жамбылда білім саласының үздіктері марапатталды

68 млн теңге кімге бұйырды? Жамбылда білім саласының үздіктері марапатталды

14.08.2026, 13:49
Мырзабосынов мереке қарсаңында спорттық менеджерлерге құрмет көрсетті

Мырзабосынов мереке қарсаңында спорттық менеджерлерге құрмет көрсетті

13.08.2026, 20:20

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Қорғаныс министрінің орынбасары оңтүстіктегі әскери нысандарды тексерді

17.08.2026, 14:54

Сөз бостандығы мен жауапкершілік қатар жүруге тиіс

17.08.2026, 11:40

Ferrari-дің алғашқы электромобилі 40 миллион долларға сатылды

17.08.2026, 09:59

Мультимиллионер қазақтың журналист қызымен отбасы құрды

16.08.2026, 18:54

Таразда балалардың құқықтарын қорғау мәселесі бойынша семинар өтті

15.08.2026, 17:33

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

  • Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

    Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Жамбылда білім саласында байқау мен конкурстарға жауапты мекеме басшысы тағайындалды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Жамбыл прокуратурасында кадрлық ауыс-түйіс орын алды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Қазақстандықтардың басым бөлігі Қ.К.Тоқаевқа сенім білдіреді

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Тараз қаласында «Taraz-Insight 2026» әлеуметтік жобасы іске асырылады

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, №16981- ИА куәлігі берілген.

Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com



  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.