Тараз қаласы әкімінің м.а. 2022 жылғы 5 шілдедегі №217-ж/қ өкімімен Тараз қаласы әкімінің орынбасары болып Қалдыбаев Нурбол Бекежанұлы тағайындалды.
Калдыбаев Нурбол Бекежанович 1977 жылы 4 желтоқсанда Жамбыл облысы, Тараз қаласында дүниеге келген. Білімі – жоғары.
1992 жылы Жамбыл қазақ-түрік есеп-экономикалық колледжін «бухгалтерлік есеп, бақылау және шаруашылық қызметін талдау», 2000 жылы М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетін «бухгалтерлік есеп және аудит», 2013 жылы Тараз инновациялық-гуманитарлық университетін «мемлекеттік және жергілікті басқару» және 2015 жылы Тараз техникалық институтын «өнеркәсіптік және азаматтық құрылыс техникасы» мамандықтары бойынша бітірген.
Алғашқы еңбек жолын 1995 жылы «Майра» жеке кәсіпкерлігінде бухгалтер болып бастаған.
2001 – 2003 жылдары «Прима» ЖШС-де сауда өкілі;
2004 – 2009 жылдары Тараз қаласы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінде бас маман, бөлім меңгерушісі;
2009 – 2010 жылдары Тараз қаласы әкімінің кеңесшісі;
2010 – 2012 жылдары Жамбыл облысы, Қордай ауданы әкімі аппаратының басшысы;
2012 – 2017 жылдары Тараз қаласы әкімдігінің құрылыс бөлімінің сектор меңгерушісі, бөлім басшысы;
2017 – 2018 жылдары Жамбыл облысы әкімдігінің құрылыс басқармасының бас маманы, бөлім басшысы;
2018 – 2019 жылдары «ТПЭП» ЖШС-нің Тараз қаласындағы филиалы директорының орынбасары;
2019 – 2022 жылдары «Инжиниринг Group» ЖШС-нің директоры;
2022 жылғы ақпан – шілде айлары Тараз қаласы әкімдігінің құрылыс бөлімінің басшысы;