Тараз қаласы №2 сотында 4 полиция қызметкеріне қатысты қылмыстық іс қаралды.
2 сотталушылар азаптау (ҚК-нің 146-бабының 2-бөлігі 1-тармағы), жәбірленушіні өз-өзіне қол жұмсауға дейін жеткізу (ҚК-нің 3-тармағының 105-бабының 2-бөлігі), адамдар тобының алдын ала сөз байласуы бойынша билікті немесе лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдалану (ҚК-нің 362-бабының 4-бөлігі 3-тармағы) бойынша, 1 сотталушы билікті немесе лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдаланғаны үшін (ҚК – нің 28-бабы 5-бөлігі, 362-бабы 4-бөлігі 3-тармағы); ал 1 сотталушы дәлелдемелерді бұрмалағаны үшін (416-бабы 4-бөлігі) айыпталған.
І эпизод бойынша
М. және М. полиция бөлімінің жедел уәкілі бола отырып, аса ауыр қылмысты ашу және бұрын сотталған Ж. — ның мал ұрлығына қатыстылығын анықтау мақсатында, полиция бөлімінің кабинетінде ресми тіркеусіз, мойындау айғақтарын алу үшін оны азаптауға ұшыратып, оған тән және психикалық азап келтіріп, сондай-ақ оған қатысты қылмыстық іс қозғау туралы қауіп төндірген.
Келесі күні М.және М. жәбірленуші Ж. — ның тұрғылықты мекен-жайына келіп, оған моральдық қысым көрсетуді жалғастырып, оны өзін өртеу арқылы өлтіруге дейін жеткізген. Дәрігерлердің жедел араласуының нәтижесінде тірі қалды, бірақ денесінің 12% термиялық күйік алған.
ІІ эпизод бойынша
2021 жылдың наурыз айында М. және М. қылмысты ашу көрсеткіштерін арттыру мақсатында, яғни есірткі заттарын заңсыз сақтау фактісі бойынша жалған қылмыстық іс қозғау үшін жәбірленуші Б.-ның құқықтық сауаттылығы жоқ екендігін пайдалана отырып көндіріп, оған есірткі заты бар пакет берген. Полиция қызметкері Б., жәбірленуші Б.-ға оған қатысты жалған қылмыстық іс бойынша кеңестер мен нұсқаулар беріп, М. мен М.-ға көмектескен. А. полиция бөлімінің жедел уәкілі бола отырып, тергеу фактілерін анықтамай, өз қалауы бойынша көрінеу жалған мәліметтерді көрсету арқылы хаттаманы бұрмалаған.
Тараптардың позициясы
Прокурор қылмыстардың жиынтығы бойынша М. және М.-ға, әрқайсысына 8 жыл бас бостандығынан айыру түріндегі түпкілікті жаза тағайындауды, Б.-ға 8 жыл бас бостандығынан айыруды, ал А.-ға рақымшылық жасауды қолдана отырып, 3 жыл бас бостандығынан айыруды сұрады. Жәбірленушілер Ж. мен Б. жазаны соттың қарауына қалдырды. Сотталушылар кінәсін мойындамады.
Дәлелдемелер бойынша
Сотталушылардың кінәлары іс бойынша жиналған дәлелдермен, яғни жәбірленушілердің, куәлердің айғақтарымен, сарапшылардың қорытындыларымен және заттай дәлелдемелермен дәлелденді.
Сот шешімі
Жаза тағайындау кезінде сот қылмыстық жауаптылық пен жазаны ауырлататын мән-жайлар деп олардың кәсіби антты бұзғанын, ал жеңілдететін жағдайларға Б. мен А.-ның жас балаларының болуын жатқызды.
Сот үкімімен М. мен М.-ны қылмыстардың жиынтығы бойынша мемлекеттік қызметте лауазым атқару құқығынан өмір бойына айыра отырып, түпкілікті 10 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Б.- мемлекеттік қызметте лауазым атқару құқығынан өмір бойына айыра отырып, 7 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. А.- 7 жыл бас бостандығынан айыру жазасы, Рақымшылыққа сәйкес, ½ қысқартылып, түпкілікті 3 жыл 6 айға бас бостандығынан айыру және мемлекеттік қызметте лауазым атқару құқығынан 7 жылға айыру жазасы тағайындалды. М. мен М. – «полиция аға лейтенанты», Б. – «полиция лейтенанты», А. –«полиция капитаны» арнаулы атағынан айырылды.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.
Дереккөз: Тараз қаласы № 2 сотының баспасөз қызметі