Бүгін №1 аумақтық округіне қарасты «Ы.Дүкенұлы» атындағы қалалық мәдениет үйінің маңында көшпелі қоғамдық қабылдау өткізілді. Ашық аспан астында ұйымдастырылған шараға қала әкімі – Ержан Жылқыбаев пен бөлім басшылары қатысты. 38 тұрғынды қабылдап, халықтың базынасын тыңдаған шахар басшысы тиісті органдарға тапсырма жүктеді
Қабылданған 100 — ге жуық қала тұрғындарының сауалдары ішінде 70% тұрғын-үй, коммуналды-шаруашылық, 20% әлеуметтік, қалған 10% әртүрлі мәселелер. Сондай-ақ, қайтарымсыз гранттар мен атаулы әлеуметтік көмек алу туралы кеңес берілді Тұрғындар тарапынан тіркелген әрбір мәселе бойынша кері байланыс орнатылып, нақты шешім табу үшін комиссия құрылып, жан-жақты зерделенетін болады.Айта кетерлігі көшпелі қоғамдық қабылдау әр жұма сайын тамыз айына дейін жалғаспақ