• Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс
  • ҚАЗ
  • РУС
05.09.2026, 19:52
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
No Result
Барлық нәтижені қарау

«Таразға тарту» жобасы сәтті жүзеге асуда

turan_admin turan_admin
18.08.2021, 11:33
Облыс жаңалықтары
«Таразға тарту» жобасы сәтті жүзеге асуда
144
қаралым
FacebookWhatsAppTelegramTwiiter

«Таразға тарту» жобасы аясында Братская көшесіндегі №52 тұрғын үйдің жанындағы сквер ашылды. Аталған аумаққа Шу ауданы әкімдігі жауапты болып бекітілген болатын.

Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев облыс орталығын кезекті рет аралау барысында, жаңа скверге арнайы барып, танысты.

Жаңаша кейіпке енген аумаққа жаяу жүргінші жолдары төселіп, гүлзарлар орнатылған, суару жүйелері ретке келтіріліп, жарық шамдары, орындықтар, қоқыс жәшіктері қойылған. Ашылған ойын алаңшасы Тараз қаласы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімінің қарамағына берілетін болады. Скверде «Стрит воркаут» әуесқойлары үшін де арнайы бұрыш қарастырылған.

— «Таразға тарту» жобасының арқасында облыс орталығында абаттандырылған саябақтар мен скверлер пайда болды. Балаларға арналған заманауи ойын алаңдары салынды. Барлық конструкциялар қауіпсіз материалдардан жасалған. Өкінішке орай, кейде ойын мен спорт алаңшаларының бұзылу жағдайларымен жиі күресуге тура келеді. Жергілікті тұрғындар алаңшаларды күтіп-ұстауға және бұзушылардан қорғауға атсалысу керек, — деп Бердібек Сапарбаев қалалықтарды ұқыпты болуға шақырды.

Тұрғындар аулаларында көпфункционалды алаңның ашылғанына қуанышты екендерін жеткізді.

— Балаларымыз енді бос уақыттарын осында тиімді өткізетін болады. Бұл жерде балалар ойнап, үлкендер тыныға алады, — дейді зейнеткер Нағызбек Бейсембеков.

Сондай-ақ, бұл күні облыс әкімі Бердібек Сапарбаев құрылыс-жөндеу жұмыстарының да барысын тексеріп, спорт нысандарын аралады.

Үшбұлақ каналы бойындағы аумақты абаттандырумен «Қазфосфат» ЖШС айналысуда. Мұнда шағын жағалау жасақталуда. Қарасу каналының бойында да осындай жұмыстар жүргізілуде.

Бұдан кейін Бердібек Сапарбаев 2002 жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан №4 облыстық мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер спорт мектебіне ат басын бұрды. Оның базасында Тараздағы ірі бассейндердің бірі «Дельфин» ашылған. Мектеп жаттықтырушылары табысты спортшылардың бірнеше буынын тәрбиелеп шығарған. Көптеген тәрбиеленушілері Қазақстанның ұлттық құрамаларында өнер көрсетеді. Мұнда мыңнан астам жас спортшы шұғылданады. Спорт мектебі жаттықтырушылар кабинеттерімен, душ кабиналары бар ұлдар мен қыздарға арналған киім ауыстыру бөлмелері мен асхана, техникалық  кабинетер, заманауи тренажерлері мен спорт жабдықтары бар үлкен спорт залымен қамтылған.

Спорт мектебі жүзуден, су добынан және велоспорттан, триатлоннан, бессайыстан және үлкен теннис бойынша спортшылар дайындайды.

Олимпиадалық резервті даярлау орталығында сабақтар 9 түрлі бағытта өткізіледі десек, олар: еркін күрес, жеңіл атлетика, грек-рим күресі, бокс, дзюдо, ату, каратэ-до, таеквандо, үстел теннисі.

— Спорт залдары таңертеңнен кешке дейін, әсіресе демалыс және мереке күндері де ашық болуы тиіс. Балалар бос уақыттарын осында тиімді өткізулері керек, — деді аймақ басшысы.

Сол секілді, облыстық олимпиадалық резервтің мамандандырылған мектеп-интернат-колледжі 2004 жылы салынған.

Мекеме директоры Ақжүрек Таңатаров мұнда 20 жаттықтырушы жұмыс істейтінін, 200-ден астам спортшы жаттығатынын жеткізді. Барлық тәрбиеленушілер спорт мектебінің жатақханасында тұрады. Бокс, дзюдо, ауыр атлетика, еркін күрес, грек-рим күресі, футбол, таеквандо секциялары жұмыс істейді.

Облыс әкімімен спорт мектебінің ғимаратына жапсарлас құрылыс салу мәселесі талқыланды.

Қазір үстел теннисімен және көркем гимнастикамен айналысуға арналған спорт кешенінің құрылысы жедел қарқынмен жүруде. Нысанның жалпы ауданы — 11,9 мың шаршы метр десек, оның ішінде 2460 шаршы метрі – спорт залдарына тиесілі. Мердігер – «Тараз Строй 2004» ЖШС-і бүгінде ішкі аумақты ішкі безендіруге және абаттандырумен айналысуда.

Сондай-ақ, облыс әкімі барған келесі нысан – 1961 жылы салынған Д. Карбышев атындағы № 16 орта мектебі болды. Білім ордасының негізгі корпусының орнына қазір 348 орынға арналған жаңа ғимарат салынуда.

Өңір басшысы жауапты тұлғаларға құрылыс жұмыстарының сапасын бақылауды тапсырды. Сондай-ақ, Бердібек Сапарбаев іргелес аумақтардың тартымды заманауи көрінісін ойластыруды тапсырды.

— Жаңа мектеп заманауи, әдемі келбетке ие болуы керек. Білім басқармасы сәулетшілермен бірге мектептің ерекше, шығармашылық безендірілуін ойластыруы тиіс, — деді облыс әкімі.

Жамбыл облысы әкімінің баспасөз қызметі

БөлісуЖолдауБөлісуTweet
Құрылтай

Ұқсас мақалалар

Жамбыл облысында аға прокурор ұсталды

Жамбыл облысында аға прокурор ұсталды

05.09.2026, 18:12
«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

04.09.2026, 21:20
Жамбыл облысында жұмыспен қамту және әлеуметтік қолдау бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда

Жамбыл облысында жұмыспен қамту және әлеуметтік қолдау бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда

03.09.2026, 10:51
Жамбыл облысында 2026 жылғы шомылу маусымы қорытындыланды

Жамбыл облысында 2026 жылғы шомылу маусымы қорытындыланды

03.09.2026, 10:49

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Жамбыл облысында аға прокурор ұсталды

05.09.2026, 18:12

Елордада жамбылдық креаторлардың жәрмеңкесі өтуде

05.09.2026, 15:50

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

04.09.2026, 21:20

Ұлттық өнердің зерлі өрнегі: Әбілхан Қастеев атындағы музейде Бәтима Заурбекованың мерейтойлық көрмесі өтеді

04.09.2026, 12:52

Алматы облысына жаңа әкім тағайындалды

04.09.2026, 10:09

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

  • Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ауыл» партиясы Құрылтайға өтетін депутаттар тізімін бекітті

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ақ жол» Демократиялық партиясы Құрылтайдағы депутаттық мандаттарды бөлді

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Вице — Президент Ерлан Қарин немен айналысады?

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, №16981- ИА куәлігі берілген.

Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com



  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.