Талас ауданының орталығы — Қаратау қаласында ел егемендігінің 30 жылдық мерейтойына орай «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне — 30 жыл» саябағы ашылды.
Салтанатты шараға облыс әкімі Бердібек Сапарбаев, «ҚазФосфат» ЖШС бас директоры Нұрхан Нұрланов және аудан әкімі Қанатбек Мәдібек қатысты. «ҚазФосфат» ЖШС демеушілігімен салынған, құны 80 млн теңгені құрайтын саябақтың жалпы ауданы — 1,15 гектар. Жобалаушы мердігер – «Diveev» ЖШС.

Саябақ алаңына брусчаткалар төселіп, көгалдандыру жұмыстары жүргізілген. Сондай-ақ онда талапқа сай орындықтар, жарық бағаналары, қоқыс жәшіктері мен балаларға арналған әткеншектер орналасқан. Одан бөлек, футбол, баскетбол стадиондары мен стрит воркаут алаңшалары бар. Іс-шара барысында облыс әкімі Бердібек Машбекұлы қала тұрғындарына осындай керемет саябақты ел игіліне тарту еткен «ҚазФосфат» ЖШС басшылығына ризашылығын жеткізді. Өз кезегінде Нұрхан Нұрланов аталған игі істердің алдағы уақытта Тараз, Жаңатас қалаларында жүзеге асырылатынын атап өтті.
Өңірлік коммуникациялар қызметі






