• Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс
  • ҚАЗ
  • РУС
05.09.2026, 07:11
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
No Result
Барлық нәтижені қарау

Талас өзенінің суын тиімді пайдалану үшін арнайы кесте бекітіледі

turan_admin turan_admin
04.02.2022, 16:49
Облыс жаңалықтары
Талас өзенінің суын тиімді пайдалану үшін арнайы кесте бекітіледі
365
қаралым
FacebookWhatsAppTelegramTwiiter

Облыс әкімі Бердібек Сапарбаев жұмыс сапарымен Сарысу ауданына барып, бірқатар нысандардың жұмысымен танысып, жергілікті тұрғындармен, жұмысшылармен кездесті.

Аймақ басшысы алдымен Байқадам ауылдық округіндегі «Ынтымақ» шаруа қожалығына ат басын бұрды. 1995 жылы құрылған қожалықта  қазіргі таңда 910 бас қой, 17 бас мүйізді ірі қара, 82 бас жылқы және 100-ге жуық түйе бар. Сонымен қатар, 2 МТЗ тракторы, 2 комбайн, 1 арнайы жүк көлігі қожалықтың жұмысын жандандыруға өз септігін тигізуде. Қожалық төрағасы Жақсыгелді Иманбаев алдағы уақытта асыл тұқымды мал басын көбейтуді жоспарлап отырғанын жеткізді.

— Бүгінде біздің қожалықта 6 адам тұрақты жұмыспен қамтылған. Жұмысшылардың ай сайынғы жалақысы 100 мың теңге көлемінде. Дәл қазір біздегі қойлардың  50 пайызы асылдандырылған, алдағы уақытта олардың санын арттыруға ниеттіміз, — деді ол.

Облыс әкімінің жергілікті шаруалармен кездесуінде бірқатар мәселелер көтерілді десек, олардың негізгісі суармалы суға қатысты болды.

— Бүгінде Талас өзенінің суын Талас және Сарысу аудандары тиімді пайдалану үшін жұмыстар атқарылуда. Ол үшін арнайы кесте жасалады. Сол кестеге сәйкес, шаруалар суды рет-ретімен алатын болады. Сондай-ақ, аудан әкіміне «ҚазСуШар» мекемесімен жүйелі жұмыс істеуді тапсырамын. Шаруалар да каналдарды асарлатып тазалау жұмыстарын жүргізуге атсалысу қажет, — деді Б.Сапарбаев.

Бұдан соң аймақ басшысы Тасарық каналына барып, жай-күйімен танысты. Өткен жылы бұл каналдың 15 шақырымына механикалық реттеу жұмыстары жүргізілген. Аталған канал «Су арналарын автоматтандыру бойынша 5 жылдық жоспарға сәйкес ағымдағы жылы іске асырылатын жобалар тізіміне енген.

Іргетасы 1972 жылы қаланған Саудакент ауылындағы мәдениет үйі өткен жылы жергілікті бюджет есебінен 166,8 миллион  теңгеге күрделі жөндеуден өткен. Бүгінгі күні мұнда 31 адам қызмет етеді. Мәдинет ошағында болған облыс басшысы орындалған жұмыстардың сапасын тексерді.

Қазіргі таңда ресейлік «Еврохим-Тыңайтқыш» компаниясы аудан аумағында минералды тыңайтқыштар шығаратын зауыт құрылысын жүргізуде. Бұл орайда салынатын инвестиция көлемі  1 миллиард АҚШ долларын құраса, жоба жүзеге асқанда 900-ден аса тұрақты жұмыс орны ашылмақ.

Өндіріс орнының ұжымымен жүздескен Бердібек Сапарбаев ағымдағы жылы жүзеге асатын «Жаңарған Жаңатас» жобасына ерекше тоқталып, оған осындай ірі зауыт басшылығының да қолдау білдіріп, атсалысуы аса маңызды екенін баса айтты.

— Былтыр «Таразға тарту» жобасы аясында облыс орталығында көпшіліктің көңілінен шыққан ілкімді істер атқарылды. Ал биыл «Жаңарған Жаңатас» жобасын іске асыруды мақсат етіп отырмыз. Осыған байланысты, өндіріс орнының басшылығын игі іске атсалысуға шақырамыз. Бұл бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі аясында өздеріңіздің қалаларыңызға деген көрсеткен құрметтеріңіз болар еді, — деді облыс әкімі.

Кездесу барысында зауыт қызметкерлерінің коронавирус індетіне қарсы екпе алуы да сөз болды. Аймақ басшысы қалыпты өмірге қайта оралудың бірден-бір жолы – вакцинация екенін еске салды.

Ирина Георгиади басқаратын «Стиль»  тігін цехы 2010 жылы ашылған. Арнайы және медициналық киімдер мен төсек жабдықтарын дайындайтын цехта бұл күнде 20-ға жуық адам тұрақты жұмыспен қамтылған. Бүгінде жобаны кеңейту жұмыстары жүргізіліп, ұжым жаңа нысанға орналасқан. Қазіргі таңда мұнда «Слава» маркасы бойынша жүйелі жұмыс жүргізілуде. Цех жұмысымен танысқан облыс басшысы жергілікті тұрғындарды жұмыспен қамтып, аудан экономикасының өсуіне үлес қосып отырған кәсіпкерге мемлекет тарапынан қашан да қолдау көрсетілетінін жеткізді.

Жаңатас қаласының орталығындағы «Үш алып» ғимараты жыл өткен сайын тозып, қала көркіне нұқсан келтіруде. Жоспарға сәйкес ғимаратты қайта қалпына келтіріп,  қала тұрғындарын баспанамен қамту көзделуде. Бұл жұмыстарға «Қазфосфат» ЖШС филиалы — «Қаратау» тау-кен өндеу кешені ықылас танытып отыр.

Аудан орталығындағы «Батыр-Бек» әлеуметтік дүкені әлеуметтік маңызы бар 19 түрлі азық-түлік бағаларын негізсіз көтерілудін алдын алу мақсатында ашылған. Әйтсе де, мұндағы кейбір азық-түліктердің бағасы шекті бағадан асатыны анықталды. Бұл мәселені сынға алған облыс басшысы бақылау шараларының әлсіздігін айтып, аудан әкіміне ескерту жасады.

Бердібек Сапарбаев жұмыс сапары аудан активімен өткен жиында қорытындыланды. Басқосуда аудан әкімі Марат Сұлтанғалиев әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы есеп берді. Ауданда атқарылып жатқан істерге қанағаттанарлық деген баға берген облыс әкімі мемлекеттік бағдарламалардың мүмкіншілігін тиімді пайдалану керектігін, үлкендер жағы жастар тәрбиесіне айрықша көңіл бөлу қажеттігін атап өтті.

Жамбыл облысы әкімінің баспасөз қызметі

БөлісуЖолдауБөлісуTweet
Құрылтай

Ұқсас мақалалар

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

04.09.2026, 21:20
Жамбыл облысында жұмыспен қамту және әлеуметтік қолдау бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда

Жамбыл облысында жұмыспен қамту және әлеуметтік қолдау бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда

03.09.2026, 10:51
Жамбыл облысында 2026 жылғы шомылу маусымы қорытындыланды

Жамбыл облысында 2026 жылғы шомылу маусымы қорытындыланды

03.09.2026, 10:49
Тамыз айының топ-мақалалары: «Turaninfo.kz» оқырмандары қандай тақырыптарға басымдық берді?

Тамыз айының топ-мақалалары: «Turaninfo.kz» оқырмандары қандай тақырыптарға басымдық берді?

02.09.2026, 19:06

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

04.09.2026, 21:20

Ұлттық өнердің зерлі өрнегі: Әбілхан Қастеев атындағы музейде Бәтима Заурбекованың мерейтойлық көрмесі өтеді

04.09.2026, 12:52

Алматы облысына жаңа әкім тағайындалды

04.09.2026, 10:09

Қазақстан мен Лаос: достық байланыстарды жаңа деңгейге көтеруге бағытталған маңызды қадам

03.09.2026, 17:34

Жаңа Үкімет, ескі құрам: министрлер кабинетінде кім кетті, кім орнында қалды?

03.09.2026, 14:38

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

  • Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ауыл» партиясы Құрылтайға өтетін депутаттар тізімін бекітті

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ақ жол» Демократиялық партиясы Құрылтайдағы депутаттық мандаттарды бөлді

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Вице — Президент Ерлан Қарин немен айналысады?

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, №16981- ИА куәлігі берілген.

Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com



  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.