Жамбыл облысы әкімінің 2017 жылғы «15» қыркүйектегі №383-ө өкімімен Әлиев Досмаханбет Қасымұлы Жамбыл облысы Талас ауданының әкімі болып тағайындалды.
Әлиев Досмаханбет Қасымұлы 1966 жылы туылған, білімі жоғары, 1989 жылы Жамбыл гидромелиоративтік-құрылыс институтын «құрылыс-инженері» мамандығы, 2007 жылы «Әулие-ата» университетін «заңтану» мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын 1989 жылы Семей зооветеринарлық институтында күрделі жөндеу инженері болып бастаған.
1992-1994 жылдары Жамбыл қалалық өнеркәсіп комбинатында құрылыс мастері, 1994-1995 жылдары Жамбыл облыстық сәулет, қала құрылысы қызметін лицензиялау департаментінің жетекші маманы, 1995-2005 жылдары Жамбыл облыстық мемлекеттік лицензиялау орталығында бас маман, бөлім бастығы, бастықтың орынбасары, 2005-2011 жылдары Жамбыл облысы сәулет, қала құрылысы және құрылыс департаменті директорының орынбасары, 2011-2015 жылдары Жамбыл облысы бойынша мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау және лицензиялау департаменті директорының орынбасары, департамент басшысы қызметтерін атқарған.
2015 жылдан бастап Жамбыл облысы әкімдігінің мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасының басшысы қызметін атқарып келді.