Шейренов Жасқайрат Тағайұлы 1992 жылы 19 наурызда Жамбыл облысы, Тараз қаласында дүниеге келген.
2014 жылы М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетін «Дене шынықтыру және спорт», 2016 жылы М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетін «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандықтары бойынша бітірген.
Еңбек жолын 2014-2018 жылдары №3 Жамбыл облыстық мамандандырылған олимпиада жеткіншектерін даярлайтын балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің каратэ-до бөлімінің жаттықтырушысы болып бастаған.
2018-2020 жылдары Жамбыл облысы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасы №3 облыстық мамандандырылған балалар жасөсіпірімдер спорт мектебінің киокушинкай-кан каратэден жаттықтырушысы.
2020-2023 жылдары Жамбыл облысы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасы №7 облыстық мамандандырылған балалар жасөсіпірімдер спорт мектебінің киокушинкай-кан каратэден, каратэ WKF-тен жаттықтырушысы.
2023 жылы Жамбыл облысы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасының бұқаралық-спорттық шаралар өткізу орталығы басшысының орынбасары.
2023-2024 жылдары Жамбыл облысы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасының бұқаралық-спорттық шаралар өткізу орталығының басшысы.
2024 жылдың 26 қыркүйегінен осы уақытқа дейін Жамбыл облысы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасы олимпиадалық резервтің облыстық мамандандарылған мектеп интернат колледжінің спорт-ісі жөніндегі орынбасары қызметін атқарып келді.
Отбасы жағдайы: отбасылы






