• Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс
  • «Ой шебері» зияткерлік ойыны
  • ҚАЗ
  • РУС
16.10.2026, 04:43
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
No Result
Барлық нәтижені қарау

«Тұңғышбай Әл-Тарази Таразға шақырады» халықаралық актерлар фестивалі өз мәресіне жетті

Жамбыл облысы әкімдігінің қолдауымен, облыс әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту басқармасының Асқар Тоқпанов атындағы академиялық қазақ драма театры ұйымдастырған Қазақстанның Халық әртісі, профессор Тұңғышбай Жаманқұлов атындағы «Тұңғышбай Әл-Тарази Таразға шақырады» халықаралық актер өнері фестивалінің салтанатты жабылу рәсімі өтті.

Ғалия Абылай Ғалия Абылай
30.05.2026, 19:37
Мәдениет
«Тұңғышбай Әл-Тарази Таразға шақырады» халықаралық актерлар фестивалі өз мәресіне жетті
18
қаралым
FacebookWhatsAppTelegramTwiiter

Үш күнге созылған театр мерекесі аясында Қырғызстан, Өзбекстан, Маңғыстау, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстары мен Шымкент қаласынан келген театр ұжымдары және жамбылдық Тоқпанов театры көрермен назарына үздік қойылымдарын ұсынды. Жалпы саны жеті театр қатысқан фестиваль театрсүйер қауымға ерекше рухани әсер сыйлады.

Фестиваль барысында актерлік шеберлік, режиссерлік ізденіс, сахналық шешімдер мен заманауи театр бағыттары кеңінен көрініс тапты. Сонымен қатар халықаралық мәдени байланыстар нығайып, театр мамандары арасында тәжірибе алмасуға мүмкіндік туды.

Жабылу салтанатында Қазақстанның Халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, профессор Тұңғышбай Жаманқұлов сөз сөйлеп, фестивальдің жоғары деңгейде ұйымдастырылғанын атап өтті. Ол қатысушы театр ұжымдарына, ұйымдастырушылар мен көрермен қауымға шынайы ризашылығын білдіріп, ерекше көзге түскен өнер иелеріне арнайы «Дара» медалін табыстады.

Сондай-ақ, Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту басқармасының басшысы Ерлан Жүнісбай фестиваль қатысушыларына алғыс айтып, шығармашылық табыс тіледі.

Фестиваль қорытындысы бойынша:
– «Актерлік дуэт» номинациясы Қырғызстандағы Шаршен Термечиков атындағы Шу облыстық музыкалық драма және сатира театрының «Илегилек» драмасындағы актер Нурсултан Кадыруулу мен актриса Аэлита Ысаковаға;
– «Ең үздік екінші пландағы әйел адам рөлі» номинациясы Қарағанды мемлекеттік «Халықтар достығы» орденді К.С.Станиславский атындағы орыс драма театрының «7» документальді спектакліндегі рөлі үшін актриса Ирина Городковаға;
– «Ең үздік екінші пландағы ер адам рөлі» номинациясы Райымбек Сейітметов атындағы Түркістан қаласының сазды драма театрының «Ханшаның көз жасы» драмасындағы Тағдыр рөлі үшін актер Шакен Амантұровқа;
– «Ең үздік әйел адам бейнесі» номинациясы Нұрмұхан Жантөрин атындағы Маңғыстау облыстық музыкалық драма театрының «Я – Қарлығаш» драмасындағы Зияш рөлі үшін актриса Гюль Зиятоваға;
– «Ең үздік ер адам бейнесі» номинациясы Өзбекстан мемлекеттік жастар театрының «Клятва» публицистикалық драмасындағы рөлі үшін актер Отабек Нематовқа;
– «Үздік актерлік ансамбль» номинациясы Шығыс Қазақстан облыстық драма және оперетта театрының жас көрермендер труппасы сахналаған «Ит» драмасына берілді.

Айта кетейік, фестивальдің қазылар алқасына Қазақстанның Халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, профессор Тұңғышбай Жаманқұлов төрағалық етті. Сонымен қатар қазылар құрамында Қырғыз Республикасының халық әртісі, актер әрі кинорежиссер Бусурман Одуракаев және театртанушы, өнертану кандидаты, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Меруерт Жақсылықова болды.

Тегтер: ТаразТеатрфестиваль
БөлісуЖолдауБөлісуTweet
Құрылтай Құрылтай Құрылтай

Ұқсас мақалалар

Жамбыл облысында Ұлы Жеңіске арналған 244 ескерткішке мониторинг жүргізілді

Жамбыл облысында Ұлы Жеңіске арналған 244 ескерткішке мониторинг жүргізілді

12.10.2026, 11:56
Жамбыл облысында кітапхана жұмысына жасанды интеллект енгізілуде

Жамбыл облысында кітапхана жұмысына жасанды интеллект енгізілуде

11.10.2026, 00:11
Жамбыл облысында соңғы 7 жылда 45 мәдени нысан салынды

Жамбыл облысында соңғы 7 жылда 45 мәдени нысан салынды

10.10.2026, 23:50
Тоқпанов театрының құрамы 12 жас актермен толықты

Тоқпанов театрының құрамы 12 жас актермен толықты

09.10.2026, 12:29
«Ой шебері» зияткерлік ойыны

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

«Берекелі отбасы – берік қоғам» іс-шарасы өтті

15.10.2026, 19:45

Шу ауданындағы жасыл энергетика: Өңірдің қуат көздері жаңа сатыға көтерілуде

14.10.2026, 23:51

Таразда тазалық талаптары қатаң бақылауда

14.10.2026, 23:41

Navai лақап атымен белгілі шетелдік азамат Жамбыл облысының аумағында ұсталды

14.10.2026, 20:37

Астанада Astana Media Week медиа апталығы басталды

14.10.2026, 14:13

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

  • СЕРІКБОЛ БЕРІКҚОЖАНЫҢ САЯСИ ЖОЛЫ: «ӘДІЛЕТКЕ» ТӨРАҒА АТАНДЫ

    СЕРІКБОЛ БЕРІКҚОЖАНЫҢ САЯСИ ЖОЛЫ: «ӘДІЛЕТКЕ» ТӨРАҒА АТАНДЫ

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ой шебері» зияткерлік ойынында оқылуға міндеттелген 5 кітап

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Кінәмді мойындамаймын»: Тараздың бұрынғы бас сәулетшілері сотта соңғы уәждерін айтты

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Тараз теміржол көлік және коммуникация колледжіне жаңа директор тағайындалды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, №16981- ИА куәлігі берілген.

Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com



  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
  • «Ой шебері» зияткерлік ойыны
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.