Ш.Уәлиханов атындағы Жамбыл облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы Жамбыл облысының мамандандырылған күзет қызметі басқармасымен бірлесіп, 1 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне орай «Елбасы. Ел сенімі. Ел бірлігі» тақырыбында кітап көрмесін ұйымдастырды.
Кітап көрмесінде ел Тәуелсіздігінің дамуы мен мемлекет ретінде қалыптасуын, сондай-ақ еліміздің жеткен жетістіктерімен қатар, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың кемел саясаты мен ерен еңбегі, өмір жолының өнегелі тұстары жайындағы кітаптар ұсынылды. Полиция қызметкерлері ұсынылған әдебиеттермен жан-жақты таныстырылды.
Іс-шараға арнайы шақырылған Жамбыл облысының Құрметті азаматы, зейнеткер Сағынхан Әміреқұлов аз уақытта ордалы елге айналған тәуелсіз Қазақстанның негізін қалаған Елбасы жайындағы әдемі әңгімелерімен бөлісіп, Елбасының Nur Otan партиясы Саяси кеңесінің кеңейтілген отырысындағы «Мәңгілік ел» мұратын жүзеге асырудың жеті тұғырының тиімді тетіктерін атап өтті.
Сондай-ақ, Сағынхан Әміреқұлұлы, ел тыныштығын күзетіп жүрген басқарма қызметкерлеріне кітаптың орны ешқашан жоғалмайтынын, әр адамның серігі кітап болуы керектігін жеткізді.