Бүгін Тараз қаласында Ержан Тәтішевтің әдейі өлтіру бойынша қылмыстық іс туралы сот отырысы басталды.
Жамбыл облысы бойынша қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотының төрағасы Азамат Тілепов төрағалық етіп жатқан сот отырысында Е.Тәтішевтің өліміне қатысы бар деген күдікті Мұратxан Тоқмади заң алдында жауап беруде. Прокурордың Тоқмадиге тағылған айыбы бойынша елімізге белгілі Мұxтар Әбіләзов пен Нартай Дүтбаевтың есімдері де аталды. Күдіктінің Тәтішевті өлтіруінің басты себебі болып жанұясына қауіптілігі мен арадағы 4 млн доллар сыйақы болып отырған сыңайлы. Банкирдің өліміне тапсырыс берушісі болып Мұxтар Қабылұлының есімі аталды. Ал Ержанның өлімінен кейін «БТА Банк» Мұxтар Әбіләзовтың қолына алуы үшін бұрынғы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы Нартай Дүтбаев көмектескен екен.
Банкир оққа ұшар алдында оның қасында жеке күзетшісі Сергей Козлиxин болыпты. Оқ атылар кезде жеке күзетшісі көліктің алдында отырыпты. Ал оқиға болған кезде Мұратxан Тоқмади артқы орында отырып көлік қотыр жолға түскенде қарудан оқ атқан. Бірақ бұл істі жабу үшін эксперттер Бишманов пен Уфимцев жалған экспертиза қорытындысын берген.
Банкирдің өлімінен кейін Тоқмади «Мурка» әйнек зауытын құрылысын аяқтап, Дүтбаевтың қамқорлығы мен Әбіләзовтан қаражат алуына көмек жасаған.
Бүгінгі сот отырысында прокурордың қылмыстық іс бойынша тағылған айыбын күдікті толықтай мойындап, тапсырыс беруші деп Мұxтар Қабылұлы деп айтып кетті. Өйткені, ол М.Әбләзов Е.Тәтішевті өзінің жеке қарсыласы деп санаған.
TURANINFO.KZ