• БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Қазақша
Русский
Кері байланыс
TURANINFO.KZ
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
TURANINFO.KZ
No Result
View All Result
Басты бет Облыс жаңалықтары Азаматтық қоғам институттары

Түсім айдай келеді…

05.12.2017
0
Түсім айдай келеді…
499
ҚАРАЛЫМ
FacebookTwitter

Түсім айдай келеді…
Жалпы біз түсті қалай түсінеміз? Адамдардың барлығы дерлік түс көреді. Бірақ әр адам түсті әртүрлі түсінеді. Кейбір адамдар қатты ауырып ес түсінен айрылып қалған кезде қатты ұйқыға кетеді. Сол кезде де мен біраз жерді көріп келдім, тіпті жұмақты немесе жәһәннәмді көрдім деп жатады. Сол көрген түсінен кейін имандылыққа келіп намаз оқып Аллаға құлшылық жасай бастайтын адамдар да кездесіп жатады.
Жалпы адам баласы жанмен тәннен тұрады. Адам баласының жаны ол шексіз әлемге жатады, өйткені адам баласы ұйықтап жатқан кезде басқа қалаларда тіпті Мекке қаласын көрдім деп жатады, түсінде ол өзі үйінде ұйықтап жатқан болады. Осындай жағдай кез келген адамда болады. Ұйықтап жатып көрілген нәрселер шындыққа ишарат болуы мүмкін болумен қатар, шындықтан тыс және ояу кезінде ойында жүрген нәрселер, қалауына қол жеткізе алмаған нәрселер де болуы мүмкін. Сондықтан түстер Рахмани яғни Алладан және періштелерден, немесе шайтани әзәзіл шайтанмен нәпсіден болады. Пайғамбарларға уахи келу жолдарының бірі рахмани шыншыл түстер. Біздің пайғамбарымыздың алғашқы жылдарында көрген түстері осы өмірінде қайталанып отырған. Түстердің шын болатыны туралы Алла тағала Юсуф сүресінің төртінші және бесінші аяттарында айтады: «Сол уақытта Юсуф (ғ.с.) әкесіне: «Әкетайым! Рас мен түсімде он бір жұлдыз және күн мен айды, маған сәжде қылғанын көрдім» деді. (Яқұб ғ.с.) «Әй балақайым! Түсіңді туыстарыңа айтпа! Саған бір айлакерлік жасар. Расында шайтан адам баласына ашық дұшпан» деді.
Пайғамбарлардың көрген түстері шын және тура болумен қатар салиқалы адамдардың да көрген түстері шын және тура бола алады. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) да осыған ишарат еткен: «Кімде-кім түсінде мені көрсе, міндетті түрде ол шындығында және ақиқатында мені көрген болып саналады. Себебі шайтан менің бейнеме кіре алмайды».
Ислам ғалымдары жақсы игі түстің Алладан, жаман түстің шайтаннан келетінін айтқан. Сонымен бірге жақсы ұнамды түс көрген адам оның Алладан екеніне сеніп басқалармен де бөліскені жақсы. Нашар ұнамсыз түс көрген адам оның шайтаннан екен деп, оның жамандығынан Аллаға сиынып басқаларға жарияламауы керек. Қазақ халқы жалпы жақсы сөз жарым ырыс, жақсы пікірде, жақсы ниетте болу керек деп жатады.
Түстің өзін кейбір үлкен кісілер түс сынап сияқты, оны қалай жорысаң солай ауып кетеді, қандай түс көрсеңде жақсылыққа жоры деп жатады. Тіпті түсінде көрген нәрсесін түсінбеген жағдайда арнайы түсті жақсы жоритын адамдарға жорытқан. Жаман түс көресе, түс түлкінің тезегі, деп қатты мән бермеуге тырысқан.
Осы түс туралы үлкен әжемнің айтқан бір әңгімесі есіме түсіп отыр. Ілгергі уақытта үлкен ас жиын болып, бәйгіге ат қосайын деп бір күн бұрын дайындалып жатады. Сол түні түс көреді. Бәйгіге қосқан атын жығылды-жығылды деп жатыр екен, сонда таң ертең тұрып жақсылыққа жориды. Ат құласа құласын адамы аман болса екен деп Алладан сұрайды. Айтқандай бәйгіден бірінші келе жатқан ат кілт тоқтайды, адамы аман сөйтсе аттың тұяғы бір шұңқырға кіріп кетіп сіңірі үзіліп кеткен екен. Содан ол атты тіпті үйге әкелместен құдайы қылып сол жерде таратып жібереді. Дегенмен түске қатты бір мән беріп байланып қалуға болмайды. Кейбір адамдар түсінде қайтыс болған адамдарды көріп жатады. Ондай жағдайда оларға білген құранын оқып бата тілек жасап қойған жақсы. Арнайы мал сойып құдайы тамақ таратуы шарт емес.
Жаман түс көргенде пайғамбарымыз 4 нәрсені жасаңдар сонда сендерге ол түстің еш зияны тимейді деген.
1. Сол көрген жаман түстен және шайтаннан Алла тағалаға сиынып дұға жасау керек.
2. Сол жағына үш рет түкіру (сүф-сүф) деп айту.
3. Жатқан жанбасынан ауысып басқа жағымен жату.
4. Көрген түсті ешкімге айтпау.
Жалпы қандай түс көрейік оны жақсылыққа, ізгілікке жорып жақсы ниетте болайық. Баршамызға Алланың өзі жар болсын, пейіліміз кең нйетіміз ақ болсын.
Ораз БАЙМАХАНОВ,
«Әулие ата» мешітінің бас имамы.

  • Маңызды
  • Пікірлер
  • Соңғы
Туған жер – алтын бесігім

Туған жер – алтын бесігім

14.08.2017
Ораза-2024 кестесі. Ауызашар, ауыз бекіту уақыты

Ораза-2024 кестесі. Ауызашар, ауыз бекіту уақыты

11.03.2024
Үйдегі бәле-жаладан мына дұғалар қорғайды

Үйдегі бәле-жаладан мына дұғалар қорғайды

05.12.2017
Таразда денсаулық сақтау саласы қызметкерлері арасында  Ұлт жоспарының жүзеге асырылу барысы талқыланды

Таразда денсаулық сақтау саласы қызметкерлері арасында Ұлт жоспарының жүзеге асырылу барысы талқыланды

14.08.2017
СІЗДІҢ ПІКІРІҢІЗШЕ КЕРІ БАЙЛАНЫС ОРНАТА АЛҒАН ҚАЙ МЕКЕМЕЛЕР?

СІЗДІҢ ПІКІРІҢІЗШЕ КЕРІ БАЙЛАНЫС ОРНАТА АЛҒАН ҚАЙ МЕКЕМЕЛЕР?

26.03.2020
Жамбыл облысында төрт блок-бекеті орнатылды

ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНДА КОРОНАВИРУС ИНФЕКЦИЯСЫ ТІРКЕЛДІ

24.03.2020
ҚОРДАЙ ОҚИҒАСЫ. СОТ ҮКІМІ ШЫҒУДА… (жаңартылуда)

ҚОРДАЙ ОҚИҒАСЫ. СОТ ҮКІМІ ШЫҒУДА… (жаңартылуда)

13.07.2021
История о том, как 3 сотрудника Tele2 создали популярное мобильное приложение

История о том, как 3 сотрудника Tele2 создали популярное мобильное приложение

6
6 000 000 теңгеге айыпталды

6400 теңге үшін 4 жылға сотталды

5
Шу ауданындағы күрделі мәселе

Шу ауданындағы күрделі мәселе

3
ӘКІМДЕРДІҢ ОРТА ЖАСЫ ҚАНДАЙ?

ЖЫЛ ҚОРЫТЫНДЫСЫ. ӘКІМДЕР РЕЙТИНГІСІ

3
28-і Универсиада алауы 28 қаңтар күні  Таразда

28-і Универсиада алауы 28 қаңтар күні Таразда

2
2017 жылдың «Жыл журналисі» кім болды?

2017 жылдың «Жыл журналисі» кім болды?

2
1 наурыз «Нұр Отан» партиясының құрылған күні

1 наурыз «Нұр Отан» партиясының құрылған күні

1
Grand Slam. Қазақстан алтынсыз қалды

Grand Slam. Қазақстан алтынсыз қалды

09.05.2025
Путин Тоқаевқа әкесіне арналған Кеңес Одағының батыры атағын беретін марапат қағазын тапсырды

Путин Тоқаевқа әкесіне арналған Кеңес Одағының батыры атағын беретін марапат қағазын тапсырды

09.05.2025
Жеңіс күні: Президент Путиннің шақыруымен Ресейге барды

Жеңіс күні: Президент Путиннің шақыруымен Ресейге барды

08.05.2025
Жамбыл облысында инвестиция көлемі 37,1 пайызға өсті

Жамбыл облысында инвестиция көлемі 37,1 пайызға өсті

08.05.2025
Таразда дәрігерлік амбулатория ашылды

Таразда дәрігерлік амбулатория ашылды

08.05.2025
Жеңіс күні: Ардагерлерге 545 млн теңге төленді

Жеңіс күні: Ардагерлерге 545 млн теңге төленді

08.05.2025
Таразда әскери қызметшілер майдангерлер үшін Жеңіс парадын ұйымдастырды

Таразда әскери қызметшілер майдангерлер үшін Жеңіс парадын ұйымдастырды

08.05.2025
  • БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com

© 2016-2025. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 
2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, № 16981- ИА  куәлігі берілген.
Сайт материалдарын көшіріп жариялаған жағдайда "Turaninfo.kz" ақпарат агентігіне сілтеме берілуі тиіс.
Құпиялылық саясаты


No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • Спорт
  • Видеоблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2025. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 
2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, № 16981- ИА  куәлігі берілген.
Сайт материалдарын көшіріп жариялаған жағдайда "Turaninfo.kz" ақпарат агентігіне сілтеме берілуі тиіс.
Құпиялылық саясаты