Футбол әлемдегі ең танымал әрі сүйікті спорт түрі. Жасыл алаңда жасындай жарқырап, атой салудың өзі бір ғанибет. Өйткені, футбол – қозғалыс, футбол – өмір. Бұқараны баурап алған спорт түрімен тәртіп сақшылары да кәсіби түрде айналысады.
Жамбыл облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне бағынысты қауіпсіздігі барынша төмен №26 түзеу мекемесінің жеке құрам қызметкерлері жасыл алаңда қайта кездесті. Тартысты өткен доп додасында жеңіс үшін жанталасқан ҚАЖ қызметкерлері осылайша ойын сергітіп, бойларын ширатты.