Екі адамның бірі әкімдікте келісімшартпен жұмыс істеп жүрген. Екіншісі — аудан тұрғыны, жұмыссыз. Әкімдік дерегінше, оқиға дүйсенбіде таңертең болған. Төбелеске қатысқандар бірін бірі таниды.
Бұл адамдар мемлекеттік қызметшілер емес. Қазір бұл оқиға бойынша құқық қорғау органдары соталды тергеп-тексеру амалдарын жүргізіп жатыр», деп хабарлады Келес ауданының әкімдігі.
Әзірге төбелес неден шыққаны, кім бастағаны беймәлім. Полиция оқиғаға қатысты ақпарат таратпады. Бейресми ақпаратқа қарағанда, төбелес кезінде бір адам жарақат алған. Оның қандай жарақат алғаны белгісіз. Келес аудандық ауруханасы науқастың құқығына байланысты бұл туралы қандай да бір ақпарат беруден бас тартты.