— Тұрар мырза, Мектептерде психология айлықтары жиі өтіп тұра ма?
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқарамсының оқу-әдістемелік кабинетінің жылдық жоспарына сәйкес, 23.01.2023 жылғы №014-08/037 хат бойынша 2023 жылдың ақпан айында Шу ауданының білім бөліміне қарасты білім мекемелерінде жоспар құрылып, бекітілді. Жоспарға сай жұмыстар дер кезінде орындалып, психологиялық кеңес беру айлығы өткізілді. Осыған орай, психологиялық кеңес беру бағытындағы жұмыстарды жандандыру мақсатында:
“Шу ауданы білім бөліміне қарасты білім мекемелерінде (орта мектеп — 37, негізгі мектеп -2), мектеп психологтары (орта мектепте — 49, негізгі мектепте — 2) ақпан айының 1-28 аралығында психологиялық кеңес беру айлығын” өткізуге бұйрық шығарылып, жоспары да құрылды. Жоспарға сай мектеп психологтары , сынып жетекшілер және пән мұғалімдері мен әлеуметтік педагог, тәлімгерлер өздеріне бекітілген іс-шараны толықтай орындап шықты. 5-11 сынып оқитын 12236 оқушының арасында «Баршаға шаттық тілейміз» тақырыбында директордың тәрбие ісі-жөніндегі орынбасары және сынып жетекшілердің қатысуымен психологиялық кеңес беру айлығының ашылу салтанаты ұйымдастырылды.
Сонымен қатар оқушылар арасында нашақорлықты алдын-алуға бағытында арнайы сауалнама алынды. Сауалнама мақсаты: Жасөспірімдердің арасында нашақорлықтың алдын-алу. Сауалнамаға 7280 оқушы қатысты. 7-11 сынып оқушылар арасында алынған сауалнама қорытындысы бойынша білім алушылар арасында есірткі және «белсенді» заттарды қолданатын, оның түрін, тарату жолдарын білетін жасөспірім анықталған жоқ. Жасөспірімдер арасында спорттық іс-шаралардың жиі өткізілуі тиімді және алдын алу жұмыстын аздығына назар аударды.
2022 жылдың 25 ақпан күні аудандық білім бөлімінің оқу-әдістемелік кабинетінің жылдық жоспарына сәйкес, Т.Әшімбаев атындағы орта мектеп базасында «Жасөспірімдер арасында зорлық-зомбылықтың және суицидтің алдын алуда психологиялық қызметтің рөлі» тақырыбында аудандық семинар өтті. Семинарға білім беру мекемелерінен 31 педагог-психолог қатысты.
2022-2023 оқу жылында аудандағы барлық білім беру ұйымдарында зорлық-зомбылық пен буллингтің, интернет-қудалаудың алдын алу шаралары ұйымдастырылуда.
Аудандағы барлық білім беру ұйымдарында 8-11 сынып оқушыларына арналған «Тұлғаның өзін-өзі дамыту психологиясы», «Саналы қарым-қатынас: отбасында, мектепте, қоғамда тиімді коммуникация дағдылары», «Street Law: барлығына арналған адам құқығы және балаларды зорлық-зомбылықтан және буллингтен қорғау» атты тақырыптарда сынып сағаттары жүйелі түрде өтіп тұрады.
Шу ауданы білім бөлімінің оқу әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен 2022-2023 оқу жылында М.Әуезов атындағы орта мектебінің базасында «Жасөспірімдер арасында аутодеструктивті мінез-құлықтың алдын алу» атты аудандық ата-аналар арасында кездесу өтті. Кездесу мақсаты: Ата-аналарды жасөспірімдердің өтпелі кезеңіндегі қиындықтардың алдын алу жұмыстарымен таныстыру. Жасөспірімдердің психологиялық дамуындағы қиындықтарға көңіл бөлу. Ата-ананы психологиялық сауаттандыру, ескерту. Ата-ана мен бала арасындағы қарым-қатынастың маңыздылығын түсіндіру. Суицидтік мінез-құлықтың алдын алу. Кездесуге аудан әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссия хатшысы Бағлан Кенжеғазыұлы мен Шу ауданы білім бөлімінің әдіскері Шолпан Анапиянова мен қатар 120-ға жуық ата-анаға қатысты. «Жасөспірімдер арасында аутодеструктивті мінез-құлықтың алдын алу» тақырыбында педагог-психолог Сексенбаева Балнур Елтаевна баяндама оқып, ата-аналардың сұрақтарына жауап берді. Кездесу жоғары деңгейде өтті.
Суицид әрекеттерінің алдын алу бағдарламасы мектептердің 8-10 сыныптарының оқушылары үшін, 3 түрлі шара арқылы жасөспірімдердің психикалық денсаулығын жақсартуға және өзін-өзі бүлдіруші мінез-құлықтардың алдын алуына бағытталған.
Одан бөлек Шу ауданының білім бөліміне қарасты білім беру мекемелерінде 2022-2023 оқу жылының мамыр айында 8-9-10-11 сынып оқушылар арасында «Жасөспірімдердің нашақорлыққа қатынасы» туралы сауалнама алынды.
2023 жылдың 31 наурызында Төле би ауылы, М.Әуезов атындағы орта мектебінің базасында «ҰБТ-ге дайындық кезіндегі өзін-өзі реттеу және психологиялық қолдаудың негізгі аспектілері» тақырыбында педагог-психологтарға арналған аудандық семинар-практикум өтті. Ал өткен жылдың 23 желтоқсанында Далақайнар ауылы, Т.Әшімбаев атындағы орта мектебінің базасында «Мектептегі психологиялық қызметтің маңызы, оның ұйымдастыру жолдары және психологиялық түзету-дамыту жұмыстарының тиімділігін арттыру» атты аудандық семинар ұйымдастырылды. Қысқаша айтқанда биылғы оқу жылында атқарған жұмыстарымыздың легі осындай.
— Суицид секілді жайсыз жағдайлар көбінесе жайсыз отбасыларда болатынан жақсы білеміз. Сіздерде мұндай отбасыларға бақылау жүргізіле ме?
— Иә, әрине. Бұл да біздің құзырымызға кіретін жұмыс. Шу ауданының білім бөліміне қарасты білім беру мекемелерінің бақылауында 7 жайсыз отбасы бар. Олар: Ғ.Муратбаев атындағы орта мектепте, Е.Бекмаханов атындағы мектеп гимназиясында, Әль-Фараби атындағы орта мектепте, С.Сейфуллин атындағы орта мектепте, Т.Рысқұлов атындағы орта мектепте және Д.Қонаев, М.Х.Дулати атындағы орта мектептерде. Бұлардың ішінде 14 оқушы орта мектепте білім алады. Ғ.Мұратбаев атындағы орта мектебі бойынша 2022-2023 оқу жылында девиантты мінез -құлықты 1 оқушы анықталды. Ол 15.09.2010 жылы туылған 6 «Г» сынып оқушысы Карасев Дмитрий. Толық емес, аз қамтылған отбасында тәрбиеленуде. Анасы: жұмыссыз, жалғыз басты, жасы кәмелетке толмаған екі баланы тәрбиелеп отыр. Қыркүйек айларында мобильді топпен бірлесе девиантты мінез құлықты әлеуметтік тұрмыс жағдайын зерделедік. Зерделеу барысында оқушының тұрмыс жағдайы орташа екені анықталды. Шу станциясындағы желілік полиция бөлімінің қызметкерлері аз қамтылған отбасы Карасев Дмитрийдің отбасына 40 000 тг көлемінде ( азық-түлік, көмір) көмек көрсетті.
— Суицидті алдын-алу бағытында биылға жоспарланған жұмыстар қаншалықты көңіліңізден шығады?
— Бізге өз жұмысымызды бақылау және оған баға беру оңай шаруа емес. Жұмыстың сапасы нәтижеден және атқарылып жатқан жұмыстың ауқымынан көрінеді. Мысалы, 18.09.2023 жылғы №2-07-2305949 және 20.10.2023 жылғы №2-07-23-06767 хаттарына сәйкес, «Жасөспірімдер арасында өзіне-өзі қол жұмсаудың алдын алу» бойынша 2023-2024 оқу жылына арналған бірлескен жоспар негізінде педагог-психологтармен ауқымды шаралар ұйымдастырылғанын ауыз толтырып айта аламын. Білім бөлімінің оқу-әдістемелік кабинетінің жылдық жоспарына сәйкес, 2023 жылды Шу қаласы, Т.Рысқұлов атындағы орта мектебінің базасында «Жасөпірімдер арасындағы өзіне-өзі қол жұмсаудың алдын алу» тақырыбында педагог-психологтарға арналған аудандық семинар-практикум өткізілді. Ал биыл біздің ұстаздарымыз М.Х.Дулати атындағы орта мектебінің базасында «Жасөспірімдер арасындағы буллингтің алдын алу» тақырыбында педагог-психологтарға арналған аудандық семинар-практикумға қатысты. Ал ақпанда Жамбыл атындағы орта мектебінің базасында “Балалар мен жасөспірмідердің арасындағы суицидтік мінез-құлықтың алдын алу” педагог-психологтарға арналған аудандық семинар-практикум жоғары деңгейде өтті.
— Суицидтің алдын-алу бойынша жоспарланған және жүргізіліп жатқан жұмыстарды нақты сипаттап беріңізші
Бұл жұмыстар негізінде сауалнама арқылы жүргізіледі. Оқушылардың жай-күйі сауалнама негізінде анықталады. Кейде оқушылардың суиуицдке баруы зорлық-зомбылыққа куә болғаннан немесе өздері зорлыққа ұшырағаннан болатынын тәжірибе көрсетіп отыр. Бұл бағытта оқушылардың арасындағы зорлық -зомбылықтың алдын алу бойынша әр тоқсан сайын 7-11 сыныпта оқитын 8212 оқушыдан жасырын сауалнамалар алынып, 2023 жылы жасырын сауалнаманы талдау кезінде отбасында, көшеде, мектепте зорлық-зомбылыққа ұшыраған балалар анықталмаған болатын. Суицидтік мінез-құлық белгілері бар кәмелетке толмағандарды анықтау, анықталған жағдайда олармен және «тәуекел» тобындағы оқушылармен ары қарай жұмыстар жүргізу мақсатында алгоритм құрылады. Биыл алгоритм негізіндегі жұмыстарға сынып жетекшілер, ата-аналар, Шу аудандық денсаулық сақтау мекемелерінің және жергілікті полиция қызметінің ювеналды полиция инспекторлары тартылып, жұмыстар атқарылды. Өз-өзіне қол жұмсау құралдарына қол жеткізуді шектеу бойынша 30 білім беру мекемелерінде ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Шатырға шығып орынсыз контент жасау кейде сәтсіздік тудыратындығы, дәрілік препараттарды мөлшерден көп пайдалану адам өміріне қауіп төндіретіндігі туралы бейнероликтер көрсетілді. Оқушыларға ақпараттық қауіпсіздік ретінде қандай сайттарға кіруге болмайтындығы түсіндіріліп, жадынамалар таратылды.
Жалпы білім беру мекемелеріндегі білім алушылар мен олардың ата-аналарына психологиялық қолдау көрсету мақсатында педагог-психологтармен супервизия, яғни кеңес беру бойынша ата-аналарға арналған жиын өткізілді. Жиында ата-аналар өз мәселелері бойынша психологтардан кеңес алды. Мектепте психологтар сұраныс бойынша үнемі кеңес беріп, тіркеу парағына тіркеп отырады. Балаларды зорлық-зомбылықтан қорғау, суицидтің алдын алу және олардың құқықтары мен саламаттығын қамтамасыз ету жөніндегі 2023-2025 жылдарға арналған кешенді жоспарды іске асыру шеңберінде жол картасы әзірленіп, бекітілген. Жол картасы негізінде жасалған жоспар бойынша жұмыстар жүргізілуде. Диагностика жүргізіліп, нәтижесі бойынша коррекциялық, ағартушылық жұмыстар қоса атқарылуда. Жол картасы көрсетілген іс-шаралар уақытында орындалып, әлеуметтік желілерге жариялануда.
- Әңгімеңізге рақмет!