• Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс
  • ҚАЗ
  • РУС
05.09.2026, 03:07
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
No Result
Барлық нәтижені қарау

ТҰРҒЫНДАРДЫҢ ҰСЫНЫСЫ НАЗАРҒА АЛЫНДЫ

turan_admin turan_admin
29.01.2021, 14:05
Облыс жаңалықтары
ТҰРҒЫНДАРДЫҢ ҰСЫНЫСЫ НАЗАРҒА АЛЫНДЫ
283
қаралым
FacebookWhatsAppTelegramTwiiter

Бүгін Қазақстан Республикасы Президентінің «Орталық атқарушы органдар басшыларының, әкімдердің, ұлттық жоғары оқу орындары ректорларының халыққа есеп беру кездесулерін өткізу туралы» 2016 жылғы 5 ақпандағы №190 Жарлығына сәйкес, Жамбыл ауданының әкімі мен ауылдық округ әкімдерінің жыл қорытындысы бойынша тұрғындар алдында есеп беру кездесулері Ерназар, Тоғызтарау, Өрнек ауылдық округтерінде өтті.
Есептік кездесу кезінде жұртшылықтың дене қызуы өлшеніп, әлеуметтік арақашықтықтың қатаң сақталуы жіті бақылауда болды. Сондай-ақ есептік кездесулер ауданның және округтердің әлеуметтік желілердегі парақшаларында тікелей эфирде көрсетілді.
Алдымен аудан әкімі Сәкен Арубаев Ерназар ауылдық округінің тұрғындары алдында жыл ішінде атқарған және алдағы жоспары туралы айтып, көпшілік тарапынан түскен сауалдарға толымды жауап қайтарды. Ерназарлықтар табысын жерден тауып, кәсібін дөңгелетіп отырғанын айтып, егістікке жетпей жүрген егінсу мәселесін шешіп беруін өтінді. Тұрғындардың сауалын назарға алған аудан әкімі Сәкен Қаланұлы суды үнемдеу технологиясы бойынша тиімді жоба қолға алынғанын және «ПУЙД» бағдарламасы аясында каналдар қалпына келтіріліп жатқанын жеткізіп, нәтижені алдағы күннің еншісінен байқалатынын айтты.

Келесі кездесу Тоғызтарау ауылдық округінде жалғасын тапты. Ауылдық клубта өткен кездесуде сөз алған ауылдық ардагерлер кеңесінің төрағасы Кендебай Оңғарбаев Төлеген Тоқтаров атындағы орта мектепке спорт зал қажеттігін, ауылдан өнер ордасы бой көтерсе деген өтініштерін алға тартып, басқа да ұсыныс-пікірлерін жеткізді. Жұртшылықты мұқият тыңдаған аудан әкімі көтерілген сұрақтар бойынша жұмыстар жүргізілетін айтып, хаттамаға енгізу қажет екенін сала мамандарына тапсырды.

Кестелік тәртіпке сәйкес соңғы кездесу Өрнек ауылында өтті. Спорт жанашыры Тамдыбек Арызбаев ауылға спорт кешені қажет екенін айтса, жергілікті жұртшылық ағынсудың байламын тауып беруді өтінді. Бұл сауалдар төңірегінде сөз алған аудан әкімі Сәкен Арубаев алдағы жоспарға енгізетін жеткізіп, ағымдағы жылы ауылдың 5 көшесі асфальттанатынын және ауылдық Мәдениет үйі бой көтеретінін баяндады.

Есептік кездесуге аудандық мәслихат хатшысы Райымбек Сейітов, аудан әкімдігі экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің басшысы Қуаныш Бүркітәлиев, аудан әкімдігі ауыл шаруашылық бөлімінің басшысы Қанат Темешбаев, аудан әкімдігі жер қатынастары бөлімінің басшысы Беркінбек Бижигитов, аудан әкімдігі ұйымдастыру-инспекторлық бөлімшесінің басшысы Дәрмен Дәулетов, «Казсушар» РМК қызметкерлері мен бірқатар сала басшылары қатысып отырды.

Ақжігіт Жетпісбай
Жамбыл ауданы әкімдігінің баспасөз хатшысы
БөлісуЖолдауБөлісуTweet
Құрылтай

Ұқсас мақалалар

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

04.09.2026, 21:20
Жамбыл облысында жұмыспен қамту және әлеуметтік қолдау бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда

Жамбыл облысында жұмыспен қамту және әлеуметтік қолдау бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда

03.09.2026, 10:51
Жамбыл облысында 2026 жылғы шомылу маусымы қорытындыланды

Жамбыл облысында 2026 жылғы шомылу маусымы қорытындыланды

03.09.2026, 10:49
Тамыз айының топ-мақалалары: «Turaninfo.kz» оқырмандары қандай тақырыптарға басымдық берді?

Тамыз айының топ-мақалалары: «Turaninfo.kz» оқырмандары қандай тақырыптарға басымдық берді?

02.09.2026, 19:06

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

04.09.2026, 21:20

Ұлттық өнердің зерлі өрнегі: Әбілхан Қастеев атындағы музейде Бәтима Заурбекованың мерейтойлық көрмесі өтеді

04.09.2026, 12:52

Алматы облысына жаңа әкім тағайындалды

04.09.2026, 10:09

Қазақстан мен Лаос: достық байланыстарды жаңа деңгейге көтеруге бағытталған маңызды қадам

03.09.2026, 17:34

Жаңа Үкімет, ескі құрам: министрлер кабинетінде кім кетті, кім орнында қалды?

03.09.2026, 14:38

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

  • Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ауыл» партиясы Құрылтайға өтетін депутаттар тізімін бекітті

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ақ жол» Демократиялық партиясы Құрылтайдағы депутаттық мандаттарды бөлді

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Вице — Президент Ерлан Қарин немен айналысады?

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, №16981- ИА куәлігі берілген.

Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com



  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.