• Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс
  • ҚАЗ
  • РУС
05.09.2026, 04:46
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
No Result
Барлық нәтижені қарау

Тұрғын үй мен жер телімін беру тетігі ашық әрі түсінікті болуы тиіс, — Н. Нұржігітов

turan_admin turan_admin
16.02.2023, 10:39
Облыс жаңалықтары
Тұрғын үй мен жер телімін беру тетігі ашық әрі түсінікті болуы тиіс, — Н. Нұржігітов
600
қаралым
FacebookWhatsAppTelegramTwiiter

Жамбыл облысының әкімі Нұржан Нұржігітовтің төрағалығымен Тараз қаласын дамыту мәселелері бойынша кеңейтілген кеңес өтті.

Басқосуда Тараз қаласының әкімі Бақытжан Орынбеков әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштер туралы баяндап, 2025 жылға дейінгі қаланың даму жоспарының орындалу барысы мен алдағы жұмыстарға тоқталды.

Өткен жылдың қорытындысы бойынша облыс орталығының өнеркәсіп саласындағы өсімі 9,5 пайызды, ауыл шаруашылығындағы өнім 3, пайдалануға берілген тұрғын үй құрылысы 5,4, инвестиция 7,5 пайызға артқан. Жалпы құны 20,9 млрд. теңге болатын 71 тұрғын үйдің құрылысы қолға алынып, оның 25-і пайдалануға берілген. Даму жоспары бойынша 16726 адам жұмыспен қамтылды.

Өнеркәсіп өндірісінің көлемін 2025 жылға қарай 567,8 млрд. теңгеге жеткізу көзделуде. Ол жалпы құны 16,5 млрд. теңгені құрайтын 6 инвестициялық жобаны іске асыру есебінен орындалмақ.

«Тараз» индустриалды аймағында 55,3 млрд. теңгені құрайтын 5 жобаның жұмыстары қолға алынуда.

 Ағымдағы жылы облыс орталығында «Пышка» ЖШС кондитерлік цех, «Алел-Агро» ЖШС құс етін өңдейтін цех салу жоспарлануда. Сондай-ақ, Казарма, Арай мен Барысхан тұрғын алқаптарында және 15-шағын ауданда (2) жаңа мектеп пайдалануға беріледі деп көзделуде. Бұдан бөлек, Талас шағын ауданында фитнес-зал, Құмшағалда спорт кешенін салу жоспарлануда. 54 инженерлік инфрақұрылым жобасы жүзеге асып, 116 көше орташа жөндеуден өтеді.

Автобус паркін жаңарту мақсатында биылдан бастап жыл сайын үлкен және орташа сыйымдылықтағы 70 автобустан сатып алынбақ.

Бүгінгі таңда 111 134 азамат жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер телімін алуға кезекте тұр. Оларды жер телімімен қамтамасыз ету мақсатында 1821,6 гектар аумаққа қажетті инфрақұрылым жүргізу жұмыстары басталған.

Үш жыл ішінде 3,2 млрд. теңгеге суару жүйелерін қалпына келтіру жұмыстары кезең-кезеңімен жүргізіледі деп көзделуде.

Облыс әкімі өзекті мәселелерге назар аудартты. Атап айтқанда, Нұржан Нұржігітов тұрғын үй құрылысының қарқынын сынға алды.

– Жыл сайын баспана кезегіндегі азаматтардың саны өсіп келеді. Біздің міндетіміз – олардың барлығын баспанамен қамтамасыз ету. Алайда, үй құрылысының қарқыны ойдағыдай дей алмаймыз. Жұмыстың сапасымен бірге орындалу кестесі де қатаң бақылауда болуы тиіс. Бұл  құрылысы созылған мектептерге де қатысты. Кезектегі азаматтардан менің атыма көптеген өтініштер түсіп жатады. Бұл ашық әрі түсінікті жүйе болуы керек. Барлық деректер интернет-порталы арқылы қолжетімді болуы шарт. Тұрғындарға кезектің барысы туралы жаңартылған ақпараттардың тұрақты түрде жеткізілуі маңызды,-деді Нұржан Нұржігітов.

Сондай-ақ жылу желілерін жаңғырту, қазандықтарды жөндеу жобаларының жоқтығы да сынға алынды.

Жиын қорытындысы бойынша облыс әкімі инвестициялық жобалар аясында жаңа жұмыс орындарын ашу, жолдарды жөндеу, көшелерді жарықтандыру, аулаларды абаттандыру, құрылыс жұмыстарының қарқынын арттыру, аудандарға бекітілген бас инспекторлардың қызметін жандандыру бойынша бірқатар тапсырмалар жүктеді.

– Көп нәрсе бас инспекторлардың жұмысына байланысты. Олардың нәтижелі жұмысы көзге көрінбейді. Дәл солар тұрғындарға ақпараттарды дер кезінде жеткізіп, абаттандыру шараларын ұйымдастырып, мәселелерді айтып қана қоймай, оларды шешу жолдарын іздестіру керек,-деп түйіндеді Нұржан Нұржігітов.

 Дереккөз: Жамбыл облысы әкімінің баспасөз қызметі

БөлісуЖолдауБөлісуTweet
Құрылтай

Ұқсас мақалалар

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

04.09.2026, 21:20
Жамбыл облысында жұмыспен қамту және әлеуметтік қолдау бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда

Жамбыл облысында жұмыспен қамту және әлеуметтік қолдау бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда

03.09.2026, 10:51
Жамбыл облысында 2026 жылғы шомылу маусымы қорытындыланды

Жамбыл облысында 2026 жылғы шомылу маусымы қорытындыланды

03.09.2026, 10:49
Тамыз айының топ-мақалалары: «Turaninfo.kz» оқырмандары қандай тақырыптарға басымдық берді?

Тамыз айының топ-мақалалары: «Turaninfo.kz» оқырмандары қандай тақырыптарға басымдық берді?

02.09.2026, 19:06

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

04.09.2026, 21:20

Ұлттық өнердің зерлі өрнегі: Әбілхан Қастеев атындағы музейде Бәтима Заурбекованың мерейтойлық көрмесі өтеді

04.09.2026, 12:52

Алматы облысына жаңа әкім тағайындалды

04.09.2026, 10:09

Қазақстан мен Лаос: достық байланыстарды жаңа деңгейге көтеруге бағытталған маңызды қадам

03.09.2026, 17:34

Жаңа Үкімет, ескі құрам: министрлер кабинетінде кім кетті, кім орнында қалды?

03.09.2026, 14:38

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

  • Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ауыл» партиясы Құрылтайға өтетін депутаттар тізімін бекітті

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ақ жол» Демократиялық партиясы Құрылтайдағы депутаттық мандаттарды бөлді

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Вице — Президент Ерлан Қарин немен айналысады?

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, №16981- ИА куәлігі берілген.

Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com



  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.