• БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Қазақша
Русский
Кері байланыс
TURANINFO.KZ
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
TURANINFO.KZ
No Result
View All Result
Басты бет Қазақстан жаңалықтары

Т. Дүйсенова Жамбыл облысына жұмыс сапары барысында өңір активімен кездесті

21.07.2022
0
Т. Дүйсенова Жамбыл облысына жұмыс сапары барысында өңір активімен кездесті
234
ҚАРАЛЫМ
FacebookTwitter

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова Жамбыл облысына жұмыс сапары барысында өңір активімен кездесу өткізді. Министр халықты жұмыспен қамту шаралары жөнінде айтып, жергілікті атқарушы орган өкілдерін жұмыссыздық деңгейін назарда ұстауға шақырды.

Кездесуге Жамбыл облысының әкімі Нұржан Нұржігітов, облыстық мәслихат пен жергілікті атқарушы орган өкілдері, аудан әкімдері қатысты.

Тамара Дүйсенова өз сөзінде қазір еңбек нарығында болып жатқан өзгерістер туралы айтты. Ұлттық статистика бюросының ақпаратына сәйкес, Жамбыл облысында жалдамалы жұмысшылардың саны 1,2 мыңға көбейген. Ал өзін-өзі жұмыспен қамтығандар саны 2,3 мың адамға азайған. Жұмыссыздық деңгейі – 5,1%, жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейі – 3,1%.

Жамбыл облысында 15-28 жас аралығындағы жастардың саны – 221 мың. Бұл облыс халқының 19%-ы. Осыған орай министр жастарды жұмыспен қамтудың маңызына тоқталды.

«Жамбыл облысындағы жастардың саны 2030 жылға қарай 64 мың адамға көбейіп, 286 мыңға жетеді. Ал 2040 жылға қарай бұл көрсеткіш тағы 100 мыңға артады. Экономикалық белсенді жастардың саны 2030 жылға қарай 149 мыңға дейін көбейіп, еңбек нарығына күш түсіретіні анық. Мектептегі біліммен қалған жастардың үлесі — 18%, ал жоғары білімі жастардың үлесі — 39%. Өңірде жұмыспен қамтылған 157 мың жастың 101 мыңы – жалдамалы жұмысшылар», — деді Тамара Дүйсенова.

Министр биылғы 6 айда облыста 27 мыңнан астам адамның жұмысқа орналасқанын атап өтті. Оның басым көпшілігі – 17 мыңнан астам азамат жұмыспен қамту орталықтары арқылы жұмысқа тұрған.

«Ұлттық жобалар аясында ашылып жатқан тұрақты жұмыс орындарының көрсеткіші төмен. Жамбыл, Жуалы, Тұрар Рысқұлов, Мойынқұм аудандарында бұл жұмыс мүлде жүргізілмеген. Сарысу ауданында тек 9 адам ғана Ұлттық жобалар аясында жұмыспен қамтылған.

Мониторинг жүргізу тәртібіне сай, жұмысқа тұрған азаматтар міндетті зейнетақы жарналарымен, жеке табыс салығының бар-жоғымен расталады. Жамбыл облысында бұл көрсеткіш 48% болып отыр. Облыс деңгейінде ең төменгі көрсеткіш Жамбыл және Сарысу аудандарында тіркелген», — деді министр.

Тамара Дүйсенова Жамбыл облысының өңірлік картасында көзделген 4 576 тұрақты жұмыс орнының биылғы жарты жылда 433-нің ғана ашылғанын атап өтті. Ал осы өңірлік картада көзделген 235 Ұлттық жобаның 123-і ғана Электронды еңбек биржасына енгізілген.

«Электронды еңбек биржасына енгізілген Ұлттық жобалар аясында жарияланған жұмыс орындарының талдау нәтижелері: Жамбыл облысы бойынша жарияланған 1 999 орынның 520-на белгілі бір біліктілік талаптары қойылған, ал 1 479-на талап жоқ. Осы жұмыс орындарына жіберуге болатын жұмыссыздардың да сапасын қарадық. Жамбыл облысында жұмыссыз ретінде тіркелген 4816 жұмыссыз адамның 2526-нің біліктілігі бар, ал 2290 адамның біліктілігі жоқ.

Жамбыл облысында бос жұмыс орындары жеткілікті екенін Электронды еңбек биржасындағы осы мысалдардан көруге болады. Жұмыссыз қалып жатқан азаматтарға қолдау көрсетіп, қажетті жұмыс орындарына орналасуға барынша қолдау көрсету барлығымыздың міндетіміз екенін ұмытпағанымыз жөн», – деді министр.

Өңір активімен кездесуде қазақстандықтарды зейнетақымен қамту, әлеуметтік қолдау шаралары, мүгедектігі бар адамдарды қолдау шаралары да талқыланды.

  • Маңызды
  • Пікірлер
  • Соңғы
Туған жер – алтын бесігім

Туған жер – алтын бесігім

14.08.2017
Ораза-2024 кестесі. Ауызашар, ауыз бекіту уақыты

Ораза-2024 кестесі. Ауызашар, ауыз бекіту уақыты

11.03.2024
Үйдегі бәле-жаладан мына дұғалар қорғайды

Үйдегі бәле-жаладан мына дұғалар қорғайды

05.12.2017
Таразда денсаулық сақтау саласы қызметкерлері арасында  Ұлт жоспарының жүзеге асырылу барысы талқыланды

Таразда денсаулық сақтау саласы қызметкерлері арасында Ұлт жоспарының жүзеге асырылу барысы талқыланды

14.08.2017
СІЗДІҢ ПІКІРІҢІЗШЕ КЕРІ БАЙЛАНЫС ОРНАТА АЛҒАН ҚАЙ МЕКЕМЕЛЕР?

СІЗДІҢ ПІКІРІҢІЗШЕ КЕРІ БАЙЛАНЫС ОРНАТА АЛҒАН ҚАЙ МЕКЕМЕЛЕР?

26.03.2020
Жамбыл облысында төрт блок-бекеті орнатылды

ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНДА КОРОНАВИРУС ИНФЕКЦИЯСЫ ТІРКЕЛДІ

24.03.2020
ҚОРДАЙ ОҚИҒАСЫ. СОТ ҮКІМІ ШЫҒУДА… (жаңартылуда)

ҚОРДАЙ ОҚИҒАСЫ. СОТ ҮКІМІ ШЫҒУДА… (жаңартылуда)

13.07.2021
История о том, как 3 сотрудника Tele2 создали популярное мобильное приложение

История о том, как 3 сотрудника Tele2 создали популярное мобильное приложение

6
6 000 000 теңгеге айыпталды

6400 теңге үшін 4 жылға сотталды

5
Шу ауданындағы күрделі мәселе

Шу ауданындағы күрделі мәселе

3
ӘКІМДЕРДІҢ ОРТА ЖАСЫ ҚАНДАЙ?

ЖЫЛ ҚОРЫТЫНДЫСЫ. ӘКІМДЕР РЕЙТИНГІСІ

3
28-і Универсиада алауы 28 қаңтар күні  Таразда

28-і Универсиада алауы 28 қаңтар күні Таразда

2
2017 жылдың «Жыл журналисі» кім болды?

2017 жылдың «Жыл журналисі» кім болды?

2
1 наурыз «Нұр Отан» партиясының құрылған күні

1 наурыз «Нұр Отан» партиясының құрылған күні

1
Grand Slam. Қазақстан алтынсыз қалды

Grand Slam. Қазақстан алтынсыз қалды

09.05.2025
Путин Тоқаевқа әкесіне арналған Кеңес Одағының батыры атағын беретін марапат қағазын тапсырды

Путин Тоқаевқа әкесіне арналған Кеңес Одағының батыры атағын беретін марапат қағазын тапсырды

09.05.2025
Жеңіс күні: Президент Путиннің шақыруымен Ресейге барды

Жеңіс күні: Президент Путиннің шақыруымен Ресейге барды

08.05.2025
Жамбыл облысында инвестиция көлемі 37,1 пайызға өсті

Жамбыл облысында инвестиция көлемі 37,1 пайызға өсті

08.05.2025
Таразда дәрігерлік амбулатория ашылды

Таразда дәрігерлік амбулатория ашылды

08.05.2025
Жеңіс күні: Ардагерлерге 545 млн теңге төленді

Жеңіс күні: Ардагерлерге 545 млн теңге төленді

08.05.2025
Таразда әскери қызметшілер майдангерлер үшін Жеңіс парадын ұйымдастырды

Таразда әскери қызметшілер майдангерлер үшін Жеңіс парадын ұйымдастырды

08.05.2025
  • БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com

© 2016-2025. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 
2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, № 16981- ИА  куәлігі берілген.
Сайт материалдарын көшіріп жариялаған жағдайда "Turaninfo.kz" ақпарат агентігіне сілтеме берілуі тиіс.
Құпиялылық саясаты

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • Спорт
  • Видеоблог
  • Қазақша
  • Русский