Талас ауданы әкімдігі ішкі саясат бөлімінің әлеуметтік тапсырысы шеңберінде «Қоғамда жемқорлыққа қарсы иммунитетті қалыптастыру мақсатында кешенді іс-шаралар ұйымдастыру» тақырыбы бойынша «Талас ғұмыры» жастар қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен Талас ауданы, Ақкөл ауылдық округінде «Біз жемқорлыққа қарсымыз!» атты акция, Қасқабұлақ ауылдық округінде «Еңбек ұжымындағы моральдық – этикалық жауапкершілік!» атты дөңгелек үстел отырысы, С.Шәкіров ауылдық округінде «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл – әрбір азаматтың міндеті» атты дөңгелек үстел отырысы, Қаратау қаласында «Сыбайлас жемқорлыққа — жол жоқ» атты аудандық форум өткізілді. Аталған іс-шараларға «Нұр Отан» партиясының Талас аудандық филиалының өкілі, «Қазақстанның болашағы үшін» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Исатай Ғабиден Сандыбекұлы, «Талас ғұмыры» жастар қоғамдық бірлестігінің мүшесі Көлбаева Жазира, ардагерлер Кеңесі, ауылдық округ және Қаратау қаласының тұрғындары, белсенді жастар, еңбек ұжымдары, БАҚ өкілдері қатысты. Іс-шара спикерлері қатысушыларға Қазақстан Республикасының 2015 – 2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясына орай, сыбайлас жемқорлықпен күресу әрбір мемлекеттік органдар басшыларының, ел азаматтарының міндеті екендігі атап өтті. Аталмыш заң азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауға, сыбайлас жемқорлық көріністерінен туындайтын қауіп-қатерден еліміздің ұлттық қауіпсіздігін қамтамсыз етуге, жемқорлыққа қатысты құқық бұзушылықтың алдын алуға бағытталған. Қоғамымыздың барлық саласына дендеп еніп бара жатқан жемқорлықтың жолына батыл тоқсауыл қойып, олардың зардаптарын жою және мүдделілерді жауапқа тарту бүгінгі күннің ең басты міндеттерінің бірі екендігі туралы айтып өтті. Жалпы іс-шара соңында пікір алмасып, бүктемелер таратылды.
«Талас ғұмыры» жастар қоғамдық бірлестігінің төрағасы Б.БАЙҰЗАҚ