• Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс
  • ҚАЗ
  • РУС
05.09.2026, 03:06
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
No Result
Барлық нәтижені қарау

Су тасқыны. Депутаттар жағдай тұрақталғанша апатты аймақтарда болады

Елдің солтүстік және батыс өңірлеріндегі елді мекендерге тасқын судың келуі толастамай тұр.

Turan Redaktor Turan Redaktor
11.04.2024, 20:35
Қазақстан жаңалықтары
Су тасқыны. Депутаттар жағдай тұрақталғанша апатты аймақтарда болады
70
қаралым
FacebookWhatsAppTelegramTwiiter

Сондықтан Мәжiлiс депутаттары жағдайды бақылау үшiн аймақтарда жүр. Олар апатқа қарсы жұмыстарды ұйымдастыруға көмектесіп, зардап шеккен тұрғындарға мемлекеттік қолдау шараларын түсіндіріп жатыр.

Қостанай облысында жүрген депутат Екатерина Смышляева жергілікті ведомство өкілдерімен және су тасқынынан зардап шеккен Алтынсарин мен Мичурино ауылдарының тұрғындарымен кездесті. Алтынсаринда 141 үйді, Мичуринода 34 үйді су шайып кеткен.

– Қазір ең бастысы – азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және материалдық шығынды барынша азайту. Комиссия мүшелері үйлердің жағдайын бағалау үшін аудан әкімдігімен бірлесіп жұмыс істейміз. Ахуал толық тұрақталғанша біз осында болып, бақылауда ұстаймыз, – деді Екатерина Смышляева.

Сондай-ақ депутат зардап шеккен тұрғындарға көрсетілетін мемлекеттік қолдау шаралары, қаржылай көмек алу, өтемақы төлеу процедуралары және басқа да жайттар туралы түсіндірді. Жиында гуманитарлық көмек, соның ішінде азық-түлік, киім-кешек пен қажетті заттар таратылды.

Мәжіліс депутаттары Қазыбек Әлішев, Аманжол Әлтай және Асқар Садықов Ақтөбе облысында жұмысын жалғастырып, су тасқынынан ең көп зардап шеккен Ойыл ауданының тұрғындарымен кездесті. Қазір Ойыл ауылына баратын жолдың су шайған бөлігі жөнделіп, көліктер өте бастады. Депутаттар жергілікті атқарушы органдарға көпірді қалпына келтіруді жеделдету керектігіне назар аударды.

Өз кезегінде, халық баспана жайына алаңдаулы. Қазір үйі суға кеткен тұрғындарға уақытша қоныстануы үшін әскери палатка тігіліп, ағаш үйлер тұрғызуға аудандық бюджеттен қаржы бөлінген.

Депутаттар Айна Мысырәлімова, Гауһар Танашева және Дәулет Мұқаев Ақмола облысының бірнеше ауданында болды. Атбасар қаласында Жабай өзенінің деңгейі артып, 4,5 метрді құрап отыр. Қосымша бөгеттер салу және нығайту жұмыстары жүргізілуде. Оған әкімдіктердің, Ақмола және Жамбыл облыстарының Төтенше жағдайлар департаментінің күштері, курсанттар, әскери қызметшілер мен еріктілер жұмылдырылды. 123 адам қауіпсіз жерге көшірілді.

Есіл және Қызыл су өзеніндерінгі су деңгейінің көтерілуінен Есіл ауданындағы елді мекендерді су басу қаупі туындап отыр. Осыған байланысты соңғы тәулікте құтқарушылар Ленинское, Игілік және Свободное ауылдарынан 461 адамды қауіпсіз жерге көшірді. Қазіргі уақытта су тасқынына қарсы іс-шаралар жалғасуда.

Сондай-ақ депутаттар Еркебұлан Мәмбетов, Дмитрий Колода және Бақытжан Базарбек Солтүстік Қазақстан облысының орталығы – Петропавл қаласының апатқа төтеп беру дайындығымен танысты. Онда осы аптада су тасқынының шарықтау шегі болуы мүмкін. Су қалаға Сергеев бөгенінен келе жатыр. Жол бойындағы елді мекендерден, соның ішінде Покровка мен Новоникольское ауылдарыннан өтті.

– Басты міндет – қауіпсіздік. Тұрғындар мен ауылдық округ әкімдерінің бұған жеткілікті мән бермегенін байқап отырмыз. Су деңгейі өте үлкен. Тұрғындарда мүлік шығындарын өтеуге қатысты күмән бар. Сондықтан біз осында жүрміз. Су тасқынан зардап шеккен тұрғындардың барлығына төлем берілетінін түсіндіріп жатырмыз, – деді Еркебұлан Мәмбетов.

Қазір Подгора шағын ауданындағы бөгетті нығайту жұмыстары қарқынды жүріп жатыр. Заречный ауылында полиция мен төтенше жағдайлар қызметі тұрғындарды су басқан аймақтан эвакуациялауда, бірақ 47 адам үйінен кетуден бас тартты. Депутаттар оларға жағдайды түсіндірді. Дән осы күні Петропавл су торабының жағдаймен танысып, Кожевенный кентіндегі бөгетті де аралады.

Депутат Азат Перуашев та қазір осы облыста жүр. Бүгін ол Есіл өзенінің шығыс жағалауын қарап шықты. Мұнда алдағы бірнеше сағатта су деңгейі көтеріледі деп болжанып отыр. Мәжілісмен сондай-ақ Тепличное ауылының тұрғындарымен кездесіп, құтқару жұмыстарына қажет резеңке қайықтар мен арнайы киімдер табыстады. Алда су тасқыны аймағында орналасқан басқа да елді мекендер де қамтылады.

Мәжілістің баспасөз қызметі

Тегтер: депутатзардап шеккендерпарламент мәжілісісу тасқыны
БөлісуЖолдауБөлісуTweet
Құрылтай

Ұқсас мақалалар

Ұлттық өнердің зерлі өрнегі: Әбілхан Қастеев атындағы музейде Бәтима Заурбекованың мерейтойлық көрмесі өтеді

Ұлттық өнердің зерлі өрнегі: Әбілхан Қастеев атындағы музейде Бәтима Заурбекованың мерейтойлық көрмесі өтеді

04.09.2026, 12:52
Алматы облысына жаңа әкім тағайындалды

Алматы облысына жаңа әкім тағайындалды

04.09.2026, 10:09
Қазақстан мен Лаос: достық байланыстарды жаңа деңгейге көтеруге бағытталған маңызды қадам

Қазақстан мен Лаос: достық байланыстарды жаңа деңгейге көтеруге бағытталған маңызды қадам

03.09.2026, 17:34
Жаңа Үкімет, ескі құрам: министрлер кабинетінде кім кетті, кім орнында қалды?

Жаңа Үкімет, ескі құрам: министрлер кабинетінде кім кетті, кім орнында қалды?

03.09.2026, 14:38

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

04.09.2026, 21:20

Ұлттық өнердің зерлі өрнегі: Әбілхан Қастеев атындағы музейде Бәтима Заурбекованың мерейтойлық көрмесі өтеді

04.09.2026, 12:52

Алматы облысына жаңа әкім тағайындалды

04.09.2026, 10:09

Қазақстан мен Лаос: достық байланыстарды жаңа деңгейге көтеруге бағытталған маңызды қадам

03.09.2026, 17:34

Жаңа Үкімет, ескі құрам: министрлер кабинетінде кім кетті, кім орнында қалды?

03.09.2026, 14:38

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

  • Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ауыл» партиясы Құрылтайға өтетін депутаттар тізімін бекітті

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ақ жол» Демократиялық партиясы Құрылтайдағы депутаттық мандаттарды бөлді

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Вице — Президент Ерлан Қарин немен айналысады?

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, №16981- ИА куәлігі берілген.

Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com



  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.