• БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Қазақша
Русский
Кері байланыс
TURANINFO.KZ
Advertisement
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • Рухани жаңғыру
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • Рухани жаңғыру
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
TURANINFO.KZ
No Result
View All Result
Басты бет Облыс жаңалықтары

СУ ҚҰБЫРЛАРЫ ҚАЙТА ЖАҢҒЫРТЫЛМАҚ

16.08.2021
0
СУ ҚҰБЫРЛАРЫ ҚАЙТА ЖАҢҒЫРТЫЛМАҚ
241
ҚАРАЛЫМ
FacebookTwitter

Бүгінгі таңда әлеуметтік желі мен бұқаралық ақпарат құралдарының маңызы ерекше. Қоғамның барлық саласында маңызды рөл атқаратын әлеуметтік желінің бүгінгі таңда қолданушылары көп. Ақпарат алмасудан бастап, жұмыс беруші мен іздеушінің негізгі құралына айналды, тіпті, халық тарапынан кейбір мәселелердің шешілуіне өз септігін тигізуде. Мәселен Байзақ ауданының оң имиджін қалыптастыру мақсатында әлеуметтік желілерде, баспасөз беттерінде бірнеше материал жарияланып, нәтижесінде халықпен кері байланыс орнатылуда. Қазіргі кезде аудан әкімдігінің парақшасына желі қолданушылары тарапынан 89 сұрақ түсіп, сұрақтардың барлығына дер кезінде жауаптар берілген. Бұл бағыттағы жұмыстар жүйелі түрде жүргізілуде. Мәселен, Байзақ ауданына қарасты Базарбай ауылында жалпы 162 аула және 722 тұрғын қоныстанған. Елді мекенде ауыз су жүйесі мүлдем болмаған. Осыған байланысты, ағымдағы жылдың 2 наурызында Базарбай ауылының тұрғындарынан аудан әкімдігіне келіп түскен арыз, шағымдарды ескере келе 2020 жылы Базарбай ауылындағы су құбыры желілері және су қабылдау ғимараттарының құрылысына жергілікті бюджеттен 9672,1 мың теңге қарастырылып, «Каспий құрылыс басқармасы – Шымкент» ЖШС-і арқылы жобалық сметалық құжаттама әзірленіп, «Tech Group KZ» ЖШС-і арқылы сараптаманың оң қорытындысы алынған. Жобаның жалпы құны 429503,42 мың теңгені құраған. Ағымдағы жылы, аталған жобаны іске асыру мақсатында 396850,7 мың теңгеге «Радикон» ЖШС-мен келісім шарт жасалынып, құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Құрылыс жұмыстары аяқталғаннан кейін, елді мекендегі тұрғындар таза ауыз сумен қамтылып, әлеуметтік-экономикалық және санитарлық-гигиеналық жағдайы жақсаратын болады.

Сондай-ақ Байзақ ауданына қарасты Үлгілі ауылында жалпы 337 аула және 2085 тұрғын қоныстанған. Елді мекенде ауыз су жүйесі мүлдем болмаған. Осыған байланысты, ағымдағы жылдың 15 сәуірінде Үлгілі ауылының тұрғындарынан аудан әкімдігіне келіп түскен арыз, шағымдарды ескере келе 2020 жылы Үлгілі ауылындағы су құбыры желілері және су қабылдау имараттарының құрылысына жергілікті бюджеттен 16637,0 мың теңге қарастырылып, «Каспий құрылыс басқармасы – Шымкент» ЖШС-і арқылы жобалық сметалық құжаттама әзірленіп, «Tech Group KZ» ЖШС-і арқылы сараптаманың оң қорытындысы алынған. Жобаның жалпы құны 606544,9 мың теңгені құрады. Ағымдағы жылы, аталған жобаны іске асыру мақсатында 563348,9 мың теңгеге «БАҚ-INDUSTRY» ЖШС-мен келісім шарт жасалынып, құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Құрылыс жұмыстары аяқталғаннан кейін, елді мекендегі тұрғындар таза ауыз сумен қамтылып, әлеуметтік-экономикалық және санитарлық-гигиеналық жағдайы жақсаратын болады.

Байзақ ауданына қарасты Қызыл жұлдыз ауылында жалпы 945 аула және 6120 тұрғын қоныстанған. Елді мекенге су құбыры желілері 1986 жылы жүргізілген. 2009-2011 жылдар аралығында қосымша 3 көшеге (92 аула) су құбырлары тартылған. Қазіргі таңда, ауыл ішіндегі су құбырларының ескіруіне және күрделі жөндеу жұмыстарының болмауына байланысты су құбырының жарылуы және т.б. себептердің орын алуы салдарынан тұрғындарға ауыз су берілу қалыптары бұзылуда. Бұл өз кезегінде тұрғындар тарапынан наразылық туғызуда.

Қызыл жұлдыз ауылындағы су құбыры 1986 жылы темір құбырлармен жүргізілгендіктен, кей көшелерде су құбырларының жарамсыз жағдайлары анықталуда. Осыған байланысты, аудан әкімдігі тарапынан Қызыл жұлдыз ауылындағы су құбыры желілері мен су қабылдау имараттарын қайта жаңғырту жұмыстарына жобалық сметалық құжаттама әзірленіп, сараптаманың оң қорытындысы алынған. Құрылыс жұмыстарын жүргізу мақсатында мердігер мекеме «Тараз-Даниял и К» ЖШС-мен ағымдағы жылдың 26 шілдесінде №61 келісім шарт жасалынып, қазіргі кезде құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Жобаның жалпы құны 446590,6 мың теңгені құрайды. Су құбыры желілері және су қабылдау ғимараттарын қайта жаңғырту жұмыстары аяқталған жағдайда, су берілу жұмыстары еш кедергісіз және тәулік бойы тоқтаусыз берілуіне септігін тигізері анық.

Байзақ ауданына қарасты Құмжота ауылында жалпы 746 аула және 3920 тұрғын қоныстанған. Елді мекенге ауыз су жүйесі жүргізілген. Алайда, «Нұр» массиві ауыз су жүйесіне қосылмаған. Себебі, аталған массивте 2019 жылдан бастап жеке тұрғын үйлер соғылуда. Бүгінгі күнге, 70-тен аса аула бар. Құмжота ауылы, «Нұр» массивінің тұрғындарынан аудан әкімдігіне келіп түскен арыз, шағымдары бойынша, Құмжота ауылы «Нұр» массивін ауыз сумен қамту мақсатында, 2020 жылы «Азимут» ЖШС-і арқылы жобалық сметалық құжаттама әзірленіп, сараптаманың оң қорытындысы алынған. Жалпы жобаның құны 82573,8 мың теңгені құрады. Ағымдағы жылы, аталған жобаны іске асыру мақсатында «Ауыл ел бесігі» бағдарламасы аясында тиісті қаражат бөлініп, мемлекеттік сатып алу конкурсы аяқталды. Конкурс нәтижесінде жеңімпаз мердігер құрылыс жұмыстарын жүргізіп, «Нұр» массивінің тұрғындарын ауыз сумен қамтитын болады.

Байзақ ауданы, Жалғызтөбе ауылдық округі, Жетібай ауылы тұрғындарының арыз, шағымдарын ескере келе ағымдағы жылы Тараз-Жетібай-Тегістік-Ойық автожолын орта жөндеуден өткізу мақсатында республикалық және облыстық бюджеттен 383469,0 мың теңге бөлініп, «Айя Сервис» ЖШС-мен келісім шарт жасалынды. Құрылыс жұмыстары басталып, ағымдағы жылы аяқталатын болады.  Байзақ ауданы, Қостөбе ауылдық округі, ст.Талас тұрғындарының арыз, шағымдарын ескере келе ағымдағы жылы Тараз-ст.Талас автожолын орта жөндеуден өткізу мақсатында республикалық және облыстық бюджеттен 75064,0 мың теңге бөлініп, «Рауан» ЖШС-мен келісім шарт жасалынған. Қазіргі уақытта құрылыс жұмыстары жүргізілуде, ағымдағы жылы аяқталатын болады.

Материал Жамбыл облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасының тапсырысы бойынша дайындалды

Тегтер: Байзақ ауданыжаңғыртуҚҰРЫЛЫССу құбыры
  • Маңызды
  • Пікірлер
  • Соңғы
Туған жер – алтын бесігім

Туған жер – алтын бесігім

14.08.2017
Таразда денсаулық сақтау саласы қызметкерлері арасында  Ұлт жоспарының жүзеге асырылу барысы талқыланды

Таразда денсаулық сақтау саласы қызметкерлері арасында Ұлт жоспарының жүзеге асырылу барысы талқыланды

14.08.2017
Үйдегі бәле-жаладан мына дұғалар қорғайды

Үйдегі бәле-жаладан мына дұғалар қорғайды

05.12.2017
“Жамбыл облысы Жастар мәслихаты” жастар қоғамдық бірлестігі “Жас депутаттар” корпусының IV шақырылымына ҮМІТКЕРЛЕР

“Жамбыл облысы Жастар мәслихаты” жастар қоғамдық бірлестігі “Жас депутаттар” корпусының IV шақырылымына ҮМІТКЕРЛЕР

28.02.2020
СІЗДІҢ ПІКІРІҢІЗШЕ КЕРІ БАЙЛАНЫС ОРНАТА АЛҒАН ҚАЙ МЕКЕМЕЛЕР?

СІЗДІҢ ПІКІРІҢІЗШЕ КЕРІ БАЙЛАНЫС ОРНАТА АЛҒАН ҚАЙ МЕКЕМЕЛЕР?

26.03.2020
Жамбыл облысында төрт блок-бекеті орнатылды

ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНДА КОРОНАВИРУС ИНФЕКЦИЯСЫ ТІРКЕЛДІ

24.03.2020
ҚОРДАЙ ОҚИҒАСЫ. СОТ ҮКІМІ ШЫҒУДА… (жаңартылуда)

ҚОРДАЙ ОҚИҒАСЫ. СОТ ҮКІМІ ШЫҒУДА… (жаңартылуда)

13.07.2021
История о том, как 3 сотрудника Tele2 создали популярное мобильное приложение

История о том, как 3 сотрудника Tele2 создали популярное мобильное приложение

6
6 000 000 теңгеге айыпталды

6400 теңге үшін 4 жылға сотталды

5
Шу ауданындағы күрделі мәселе

Шу ауданындағы күрделі мәселе

3
28-і Универсиада алауы 28 қаңтар күні  Таразда

28-і Универсиада алауы 28 қаңтар күні Таразда

2
2017 жылдың «Жыл журналисі» кім болды?

2017 жылдың «Жыл журналисі» кім болды?

2
ӘКІМДЕРДІҢ ОРТА ЖАСЫ ҚАНДАЙ?

ЖЫЛ ҚОРЫТЫНДЫСЫ. ӘКІМДЕР РЕЙТИНГІСІ

2
Экстремизм мен терроризмнің алдын алу жолдары

Экстремизм мен терроризмнің алдын алу жолдары

1
Жамбыл облысына өткен жылы 620,6 миллиард теңге кіріс кірген

Жамбыл облысына өткен жылы 620,6 миллиард теңге кіріс кірген

08.06.2023
Жамбылдық дәрігерлер дабыл қағуда

Жамбылдық дәрігерлер дабыл қағуда

08.06.2023
Қасым-Жомарт Тоқаев Астана халықаралық форумының пленарлық сессиясына қатысты

Қасым-Жомарт Тоқаев Астана халықаралық форумының пленарлық сессиясына қатысты

08.06.2023
Тамара Дүйсенова ҚР Премьер-Министрінің орынбасары — Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі болып тағайындалды

Тамара Дүйсенова ҚР Премьер-Министрінің орынбасары — Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі болып тағайындалды

08.06.2023
ЖАМБЫЛҒА ЖАҢА БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ ТАНЫСТЫРЫЛДЫ

ЖАМБЫЛҒА ЖАҢА БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ ТАНЫСТЫРЫЛДЫ

08.06.2023
Алтай Көлгінов Президент Жарлығымен қызметінен босатылды

Алтай Көлгінов Президент Жарлығымен қызметінен босатылды

08.06.2023
Мемлекет Басшысы Қатар Әмірі бастаған делегациямен кездесті

Мемлекет Басшысы Қатар Әмірі бастаған делегациямен кездесті

08.06.2023
  • БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com

© 2016-2023. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 
2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, № 16981- ИА  куәлігі берілген.
Сайт материалдарын көшіріп жариялаған жағдайда "Turaninfo.kz" ақпарат агентігіне сілтеме берілуі тиіс.
ZERO.kz

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • Рухани жаңғыру
  • Спорт
  • Видеоблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2023. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 
2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, № 16981- ИА  куәлігі берілген.
Сайт материалдарын көшіріп жариялаған жағдайда "Turaninfo.kz" ақпарат агентігіне сілтеме берілуі тиіс.
ZERO.kz