Бүгін «Баласағұн» ОКЗ Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының ұйымдастыруымен «Ұстаздық-ұлы қызмет!» атты мұғалімдер мерекесіне арналған мерекелік іс-шара өтті.
Мерекелік іс-шараға Жамбыл облысы әкімі Нұржан Нұржігітов, аудандар мен Тараз қаласы әкімдерінің орынбасарлары, облыс әкімдігінің басқарма басшылары, Республикалық мекемелердің қызметкерлері, Үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері, Жоғары оқу орындарының басшылары, Еңбек ардагерлері, білім беру ұйымдарының басшылары, педагогтар қатысты.
Мұғалімдердің кәсіби мерекесіне арналған іс-шара А.Тоқпанов атындағы Жамбыл облыстық қазақ драма театрының көрінісімен бастау алды. Педагогтардың жетістіктері туралы бейне ролик көрсетіліп, Облыс әкімі Н.Нұржігітов құттықтау сөз сөйледі. Сонымен қатар, облыстың үздік педагогтары марапатталды. Іс-шара талантты оқушылардың өнерімен жалғасын тапты.
Кез-келген мемлекеттің болашағы мұғалімдер жасайтын бүгінгі мектептің бейнесімен айқындалады. Ал, мектептегі білім сапасы осы мектепте жұмыс істейтін мұғалімдердің сапасынан жоғары болмайды. Бүгінде Жамбыл облысының 1015 білім беру ұйымдарында 42894 мұғалім қызмет етеді. Оның ішінде, мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында 6884, орта және жалпыға міндетті білім мекемелерінде 26179 ұстаз білім берсе, қосымша білім беру ұйымдарында 1978, балаларға арналған арнайы ұйымдарда 1214, колледждерде 1869 педагог қызмет етеді. Облыстағы 328 099 балалар мен жасөспірімдерге дәл осы педагогтер тәрбиемен қатар, білім беруде.
Облыс педагогтерінің шығармашылық, зияткерлік әлеуетін дамыту өңірлік білім беру жүйесінің негізгі бағыттарының бірі болып табылады. Осы бағыттағы жүйелі жұмыстардың нәтижесінде 2012 жылдан бастап Республикалық «Үздік педагог» байқауында облысымыздың 38 педагогы жүлдегер атанды, оның 16-сы ауыл мектебінің мұғалімдері.
Облыс педагогтарымен тиімді ұйымдастырылған жұмыстардың нəтижесінде 2012 жылдан бастап 13465 педагог «Үздік педагог», «Авторлық бағдарлама», «Үздік жыл психологы», «Педагогикалық идеялар фестивалі» және т.б. республикалық, халықаралық байқаулардың жеңімпазы атанды .
Облыс педагогтарының командасы республикалық «Жылдың ең үздік психологі» байқауында – 35, «Дарынды балаларға-талантты ұстаз» байқауында – 45, «Математикалық регата» байқауында – 12, «Үздік авторлық бағдарлама» байқауында – 106, «Педагогикалық идеялар фестивалінде» – 77, «Жаңа мектепке – жаңашыл ұстаз» байқауында – 10, математика, физика және информатика пәні мұғалімдерінің халықаралық шығармашылық байқауында – 33 педагог жүлделі орындарды иеленіп, алдыңғы қатардан көрінуде.
Өңір педагогтарының жемісті қызметі 2015 және 2022 жылдары облыстық оқу-әдістемелік кабинетінің тәжірибесі республикалық деңгейде таратылып, жоғары бағаға иеленді.
Облыстың білім беру жүйесін жетілдіруге қосқан үлесі үшін және «Мұғалімдер күні» мерекесіне орай келесілер марапатталады |
|||
ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ ӘКІМІНІҢ ҚҰРМЕТ ГРАМОТАСЫМЕН |
|||
1. | АСАНЖАНОВА
Мадина Болысбекқызы |
— |
Меркі аудандық кәсіподақ комитетінің төрайымы, Меркі ауданы |
2. | БЕЙСЕНБЕКОВА Шарипа Асанқызы |
— |
№11 орта мектебінің тарих пәнінің мұғалімі, Тараз қаласы |
3. | ДҮЙСЕНБИЕВА
Бағдат Әлішқызы |
— |
М.Мәметова атындағы орта мектебінің математика пәнінің мұғалімі, Шу ауданы |
4. | МОЛДАБЕКОВА
Қазира Қазбекқызы |
— |
Д.Қонаев атындағы орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі, Сарысу ауданы |
5. | ТІЛЕНШІ
Мамыр Қаулыбайұлы |
— |
Қ.Сағындықов атындағы орта мектебінің тарих пәнінің мұғалімі, Жуалы ауданы |
ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ ӘКІМІНІҢ АЛҒЫС ХАТЫМЕН |
|||
1. | АМАНБАЕВА
Айжан Шәкірқызы |
— |
облыстық мамандандырылған дарынды балаларға арналған «Дарын» лицей-интернатының қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі |
2. | ДУАМБЕКОВА
Алтынай Әбілханқызы |
— |
Балалар өнер мектебінің фортепиано және хор пәнінің мұғалімі, Талас ауданы |
Жас ұрпақты оқыту мен тәрбиелеуде қосқан үлесі үшінкелесілер «Ы.АЛТЫНСАРИН» ТӨСБЕЛГІСІМЕН марапатталады | |||
1. | БЕЛОУС
Елена Николаевна |
— |
Айша бибі атындағы дарынды қыз балаларға арналған мамандандырылған «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ»лицей-интернатының орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі, Тараз қаласы |
2. | ӨТЕГЕНОВА
Гүлнар Пермеғалиқызы |
— |
№45 қазақ классикалық гимназиясының физика пәнінің мұғалімі, Тараз қаласы |
«ЕҢБЕК АРДАГЕРІ» медалімен |
|||
1. | АХМЕТЖАНОВА
Камилаш Құстүтінқызы |
— |
Ардагер ұстаз |
2. | НИЯЗБЕКОВА
Айша Бердешқызы |
— |
Ардагер ұстаз |
Білім беру ісінің ардагер менеджері, 50 жылдық ғұмырын бір мектепке арнаған ардагер ұстаз және білім беру ұйымында ұзақ жылдар бойы әкімшілік-шаруашылық ісі жөніндегі орынбасары қызметінде
болған келесі ардагер ұстаздар 100 мың теңгенің сыйақыларымен марапатталады |
|||
«Мамандыққа адалдық» номинациясы бойынша |
|||
1. | ГИБНЕР
Александр Абрамович |
— |
Білім беру ісінің ардагер менеджері, Тараз қаласы |
«Бір мектепке арналған ғұмыр» номинациясы бойынша |
|||
2. | ҚҰДАЙБЕРГЕНОВА Ақжарқын Маханбетқызы |
— |
Жамбыл атындағы №5 мектеп-гимназиясының ардагер ұстазы, Тараз қаласы |
«Білім майданының көрінбейтін қаһарманы» номинациясы бойынша |
|||
3. | МАЗБАЕВ
Жалел Мазбайұлы |
— |
М.Жұмабаев атындағы мектеп-лицейінің әкімшілік-шаруашылық ісі жөніндегі орынбасары, Мойынқұм ауданы |
Облыстың білім беру ұйымдарының педагогтары мен аудандық білім бөлімдерінің келесі әдіскерлері 150 мың теңгенің сыйақыларыменмарапатталады |
|||
«Үлкен жүрек»номинациясы бойынша |
|||
1. | ЕВЕСКИНА
Алия Түгелбайқызы |
— |
«Ақ бота» бөбекжай-бақшасының тәрбиешісі, Қордай ауданы |
2. | РАМАЗАНОВА
Дариға Шәмілқызы |
— |
№39 «Балдәурен»бөбекжай-бақшасының әдіскері, Тараз қаласы |
«Таланттар сәулесін жаққандар» номинациясы бойынша |
|||
3. | БАЙМУСАЕВА
Нұргүл Тәттібайқызы |
— |
«Балалар мен жасөспірімдер орталығының» педагогі, Т.Рысқұлов ауданы |
4. | ЖУВАНДИКОВА
Алима Норманбекқызы |
— |
«Балалар мен жасөспірімдер шығармашылық орталығының» педагогі, Байзақ ауданы |
5. | САВИНА
Татьяна Александровна |
— |
«Мектеп олимпиадаларын және мектептен тыс іс-шараларды өткізетін облыстық орталығының» педагогі, Тараз қаласы |
6. | ШУТОВ
Константин Геннадьевич |
— |
«Техникалық шығармашылық орталығының» педагогі, Тараз қаласы |
«Ерен еңбек иесі» номинациясы бойынша |
|||
7. | ҚАЛИАКПЕРОВА
Айжан Нұрғұмарқызы |
— |
Облыстық «Болашақ» арнайы мектеп-интернатының» педагогі |
8. | ШАРБАДАРОВ
Қуатбек Тұрысбекұлы |
— |
Облыстық «Жасөспірімдер үйінің» тәрбиешісі |
«Мамандығым — мақтанышым» номинациясы бойынша |
|||
9. | АБДУРАИМОВ Жайлыбай |
— |
С.Сейфуллин атындағы орта мектебінің математика пәнінің мұғалімі, Байзақ ауданы |
10. | АНАРБЕКОВА
Сәуле Серікқызы |
— |
Қаратау құрылыс-техникалық колледжінің арнайы пән оқытушысы, Талас ауданы |
«Үздік әдіскер» номинациясы бойынша |
|||
11. | БЕЙБІТОВА
Айсұлу Тоқтасынқызы |
— |
Жамбыл ауданының білім бөлімінің әдістемелік кабинетінің әдіскері |