• Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс
  • ҚАЗ
  • РУС
05.09.2026, 11:36
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
No Result
Барлық нәтижені қарау

Соңғы екі жылда су саласының негізгі капиталына 579 млрд теңге инвестиция тартылды

Астанада Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітовтің БАҚ өкілдерімен баспасөз кездесуі өтті. Іс-шарада 2025 жылдың қорытындылары жарияланды.

Turan Redaktor Turan Redaktor
19.12.2025, 23:08
Қазақстан жаңалықтары
Соңғы екі жылда су саласының негізгі капиталына 579 млрд теңге инвестиция тартылды
13
қаралым
FacebookWhatsAppTelegramTwiiter

Су ведомствосының басшысы журналистерге жыл басынан бері атқарылған жұмыстар және Мемлекет басшысы қойған стратегиялық міндеттердің іске асырылу барысы жайлы баяндады. Ал вице-министр Аслан Абдраимов су саласын цифрландыру жобалары қалай іске асырылып жатқаны жөнінде есеп берді. 

Биыл Қазақстанда су шаруашылығы инфрақұрылымын дамыту бойынша 145 жоба жүзеге асырылуда. Сонымен қатар шамамен 300 нысанға арналған жобалау-сметалық құжаттама мен техникалық-экономикалық негіздеме әзірленіп жатыр.

Қазіргі таңда Алматы облысындағы Қызылағаш су қоймасын және Абай облысындағы Шар су қоймасын реконструкциялау толық аяқталды. Астана су қоймасын ауқымды тазалау жұмыстарының бірінші кезеңі аяқталды.

Биыл Түркістан облысындағы Қапшағай су қоймасын реконструкциялау жұмыстарын аяқтау көзделіп отыр. Сондай-ақ Батыс Қазақстан облысындағы Киров су қоймасының соңғы 58 жылда алғаш рет жүргізіліп отырған күрделі реконструкциясы аяқталады.

Шу өзеніндегі Фурманов айналма каналында соңғы 40 жылда алғаш рет механикалық тазалау жұмыстарын жүргізіп жатыр. Сонымен бірге Түркістан облысында «Қарақуыс» және «Бәйдібек-ата» су қоймаларының құрылысы жалғасып жатыр. Нысандарды 2026 жылы аяқтау жоспарланып отыр. Бұл қосымша шамамен 69 млн текше метр су жинауға мүмкіндік береді.

Көксарай контрреттегішіндегі жөндеу жұмыстары аяқталды. Бұл жұмыстар нысанның су жинау көлемін 2 млрд текше метрге дейін ұлғайтуға мүмкіндік береді. 

Жыл қорытындысына сәйкес, жөндеу және реконструкциядан өткен 700 км-ден астам ирригация желісін пайдалануға беру жоспарланып отыр.

Сондай-ақ 469 мыңнан астам адам тұратын 224 елді мекенді сумен қамтамасыз ететін 13 топтық су құбырын пайдалануға беру жоспарда бар. Оның ішінде 32 мың тұрғыны бар 43 елді мекен алғаш рет орталықтандырылған сумен жабдықтауға қосылған.

Соңғы екі жыл ішінде Қазақстанның су шаруашылығы саласының негізгі капиталына тартылған инвестиция көлемі 579 млрд теңгені құрады. Қазіргі таңда Су ресурстары және ирригация министрлігі шетелдік серіктестермен 7 келісімге және 30-дан астам өзара түсіністік пен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.

Екі жылда су үнемдеу технологияларын енгізу көрсеткіші бірнеше есеге артып, орта есеппен 150 мың гектарға жетті. Су үнемдеу технологиялары қолданылатын егістік ауданы жалпы 543,5 мың гектарға өсті. 2030 жылға қарай бұл көрсеткішті 1,3 млн гектарға жеткізу жоспарланып отыр.

Осы мақсаттарға жету үшін 2026-2028 жылдарға республикалық бюджетте 228 млрд теңгеден астам қаражат қарастырылған, бұл алдыңғы үшжылдық кезеңмен салыстырғанда төрт есе көп. 

Министрлік «Қазсушар» РМК филиалдары үшін 757 арнайы техника мен автокөлік сатып алу жұмысын бастады. Бүгінге дейін жоспарланған 757 техниканың 576-сы алынды.

Сонымен қатар 2028 жылға дейінгі Жол картасы аясында Қ. Сәтбаев атындағы каналды жаңғырту және техникалық қайта жарақтандыру жұмыстары басталды. Жұмыстарға 17 трансформаторды сатып алу, сондай-ақ 19 сорғы агрегатын жаңғырту және жөндеу кіреді. 

Су саласын тартымды ету мақсатында «Қазсушар» РМК қызметкерлерінің жалақысы биыл 1 шілдеден бастап 35-50%-ға артты. 

Су шаруашылығы саласының 1000-нан астам маманы біліктілігін арттыру курстарынан өтті, бұл 2024 жылмен салыстырғанда екі есе көп. Су саласы мамандықтарында оқитын студенттердің саны 2 731 адамды құрайды. 

«Осы шаралардың барлығы басты мақсатқа – су ресурстарын тиімді және ұтымды пайдалануға қол жеткізуге бағытталған. Бұл біздің экономикамыздың тұрақты дамуы мен азаматтарымыздың әл-ауқатын арттыру, сондай-ақ елдің ұзақ мерзімді су қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін маңызды міндет», — деді Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов.

Вице-министр Аслан Абдраимов журналистерге Су ресурстарының ұлттық ақпараттық жүйесін әзірлеу барысы, суару суын жеткізу бойынша электрондық келісімшарттарды енгізу жүйесінің пилоттық сынақтары, сондай-ақ өзен ағысын модельдеу және болжау жүйелерін енгізу бойынша атқарылған жұмыстар туралы айтты.

Негізгі бөлім аяқталғаннан кейін министр мен вице-министр БАҚ өкілдерінің сұрақтарына жауап берді.

ҚР Су ресурстары және ирригация министрлігі

Тегтер: ҚР Су ресурстары және ирригация министрлігіНұржан Нұржігітов
БөлісуЖолдауБөлісуTweet
Құрылтай

Ұқсас мақалалар

Ұлттық өнердің зерлі өрнегі: Әбілхан Қастеев атындағы музейде Бәтима Заурбекованың мерейтойлық көрмесі өтеді

Ұлттық өнердің зерлі өрнегі: Әбілхан Қастеев атындағы музейде Бәтима Заурбекованың мерейтойлық көрмесі өтеді

04.09.2026, 12:52
Алматы облысына жаңа әкім тағайындалды

Алматы облысына жаңа әкім тағайындалды

04.09.2026, 10:09
Қазақстан мен Лаос: достық байланыстарды жаңа деңгейге көтеруге бағытталған маңызды қадам

Қазақстан мен Лаос: достық байланыстарды жаңа деңгейге көтеруге бағытталған маңызды қадам

03.09.2026, 17:34
Жаңа Үкімет, ескі құрам: министрлер кабинетінде кім кетті, кім орнында қалды?

Жаңа Үкімет, ескі құрам: министрлер кабинетінде кім кетті, кім орнында қалды?

03.09.2026, 14:38

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

04.09.2026, 21:20

Ұлттық өнердің зерлі өрнегі: Әбілхан Қастеев атындағы музейде Бәтима Заурбекованың мерейтойлық көрмесі өтеді

04.09.2026, 12:52

Алматы облысына жаңа әкім тағайындалды

04.09.2026, 10:09

Қазақстан мен Лаос: достық байланыстарды жаңа деңгейге көтеруге бағытталған маңызды қадам

03.09.2026, 17:34

Жаңа Үкімет, ескі құрам: министрлер кабинетінде кім кетті, кім орнында қалды?

03.09.2026, 14:38

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

  • Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ауыл» партиясы Құрылтайға өтетін депутаттар тізімін бекітті

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ақ жол» Демократиялық партиясы Құрылтайдағы депутаттық мандаттарды бөлді

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Вице — Президент Ерлан Қарин немен айналысады?

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, №16981- ИА куәлігі берілген.

Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com



  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.