• БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Қазақша
Русский
Кері байланыс
TURANINFO.KZ
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
TURANINFO.KZ
No Result
View All Result
Басты бет Облыс жаңалықтары

СОҢҒЫ 9 АЙДА ЖАСӨСПІРІМДЕР АРАСЫНДАҒЫ 104 ҚЫЛМЫСТЫҢ ТЕРГЕУІ АЯҚТАЛДЫ

23.10.2018
0
210
ҚАРАЛЫМ
FacebookTwitter

 

 

 

Жамбыл облысы əкімдігі ішкі саясат басқармасы «Өңірлік коммуникациялар қызметінің» алаңында облыс әкімдігінің білім басқармасы басшысының орынбасары Талғат Жамалов, облыстық Ішкі істер департаментінің ЖПҚ Ювеналдық полиция бөлімінің басшысы Қуанышбек Қалжановтың қатысуымен баспасөз конференциясы өтті. Спикерлер «Жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын-алу» туралы  баяндап, журналистердің сұрақтарына жауап береді.

Республикалық Жас Алаш газетінің 2018 жылғы 16 қазандағы номерінде жарияланған «Жамбылда жасөспірімдер қылмысы өршіп тұр» тақырыбындағы мақалаға орай өз пікірімді білдіруге рұқсат етіңіздер.

Мақала жарияланған күні  мақаламен таныстым және мақала авторына  мақаланың тақырыбы шын қалыптасқан жағдайға сәйкес келмейтіндігін хабарлап, өз қарсылығымды жеткіздім.

Облыстық ішкі істер департаментінің оперативті мәліметі бойынша 2018 жылдың 9 айында кәмелетке толмаған жасөспірімдер тарапынан 104 қылмыстың тергеу жұмыстары аяқталып, 2017 жылдың 9 айымен салыстырғанда 20 (16,1%) қылмыстық іске азайған (2017 ж. 9 айында – 124).

104 қылмыстың 57-і Тараз қаласында (2017 ж.-66) тіркелсе, аудандарда 47 қылмыс (2017 ж.-58) тіркелген.

Атап айтқанда:

Байзақ ауданы – тұрақты (3/3);

Жамбыл ауданы – 2-ден 3-ке (50%) өскен;

Жуалы ауданы – 0-ден 4-ке (400%) өскен;

Қордай ауданы – тұрақты (16/16);

Т.Рысқұлов ауданы – 3-тен 9-ға (200%) өскен;

Мерке ауданы — 4-тен 1-ге (75%) төмендеген;

Мойынқұм ауданы 0-ден 1-ге (100%) өскен;

Сарысу ауданы – 12-ден 2-ге (83,3%) төмендеген;

Талас ауданы — 3-тен 2-ге (33,3%) төмендеген;

Шу  ауданы – 15-тен 6-ға  (60%) төмендеген;

Тараз қаласы – 66-дан 57-ге (13,6%) төмендеген.

104 қылмыстың, 4-і денеге жарақат салу, 65-і ұрлық, 2-і алаяқтық, 9-ы тонау, 4-і қарақшылық, 5-і бопсалаушылық, 3-і атвокөлік тонау, 4-і бұзақылық, 8-і басқа да қылмыстар мен құқық бұзушылық жасаған фактісі ретінде тіркелген.

2018 жылдың қыркүйек айындағы талдау көрсеткендей кәмелетке толмағандардың қатысуымен жасалған қылмыстар өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 124 тен 104 фактіге яғни 16,1% төмендегенімен, мынадай қылмыс түрлері:  денеге жарақат салу 1-ден 4-ге, бопсалаушылық 1-ден 5-ке, автокөлік тонау 1-ден 3-ке облыс бойынша өскен.

Облыс бойынша өткен жылдың 9 айымен салыстырғанда кісі өлтіру 1-ден 0-ге, ұрлық 72-ден 65-ке, алаяқтық 3-тен 2-ге, тонау 19-дан 9-ға, бұзақылық 9-дан 4-ке, есірткі 1-ден 0-ге, басқа да қылмыстар мен құқық бұзушылық жасағандар 11-ден 8-ге азайғанымен, кейбір қылмыс түрлері бойынша өсу динамикасы байқалып отыр, мысалы, ұрлық Тараз қаласы бойынша 29-дан 34-ке, Жамбыл ауданында 1-ден 2-ге, Жуалы ауданында 0-ден 2-ге, Т.Рысқұлов ауданында 2-ден 7-ге,Мойынқұм ауданында 0-ден 1-ге өскен. Тонау   Т.Рысқұлов ауданында 0-ден 1-ге, Сарысу ауданында 0-ден 1-ге, қарақшылық Т.Рысқұлов ауданында 0-ден 1-ге, Меркі ауданында 0-ден 1-ге, қорқытып алушылық Тараз қаласында 0-ден 3-ке, Қордай ауданында 1-ден 2-ге, Автокөлікті ұрлау Тараз қаласында 0-ден 1-ге, Қордай ауданында 0-ден 2-ге өскен.

Тараз қаласында мектеп оқушыларымен жасалған қылмыстар саны 21-ден 26-ға, колледж студенттерімен жасалған қылмыстар 23-тен 26-ға өскен.

Жамбыл ауданында мектеп оқушыларымен жасалған қылмыстар саны 0-ден 2-ге, Т.Рысқұлов ауданында 5-тен 11-ге өскен. Колледж студенттерімен жасалған қылмыстар саны Тараз қаласында 23-тен 26-ға, Байзақ ауданында 1-ден 2-ге, Жуалы ауданында 0-ден 2-ге, Т.Рысқұлов ауданында 0-ден 6-ға, Меркі ауданында 0-ден 1-ге, Мойынқұм ауданында 0-ден 1-ге өскен.   

Дегенмен, оның ішінде мектеп оқушыларымен 54 қылмыс жасалып, ол өткен жылғыдай 54 факті болып тұр, колледж білімгерлерімен 44 қылмыс тіркеліп, өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда  9 фактіге өскен (2017 ж. 9 айында мектеп оқушыларымен — 54, колледж білімгерлерімен — 35 қылмыс жасалған болатын).

2018 жылдың 9 айының қорытындысы бойынша кәмелетке толмағандарға қарсы жасалған қылмыстар саны 121 (2017 жылдың 9 айында 119 болған), соның ішінде зорлау 1 (2017 жылдың 9 айында — 4), сексуалдық сипаттағы күш көрсету 5 (2017 жылдың 9 айында — 12), 16 жасқа толмаған адаммен жыныстық қатынас немесе сексуалдық сипаттағы өзге де әрекеттер жасау – 23 (2017 жылдың 9 айында — 11), жас балаларды азғындық жолға түсіру (124)  — 6 (2017 жылдың 9 айында — 11).

Талдау көрсеткендей 16 жасқа толмаған адаммен жыныстық қатынас жасау фактісі 11-ден 23-ке өсіп отыр.

Жамбыл облыстық ІІД ЖПҚ Ювеналдық полиция бөлімшесінің ақпаратына сәйкес, ҚР ҚК-нің осы бабы бойынша мәліметтер медицина мекемелерімен салыстыру нәтижесінде анықталған. Аталған оқиғалар бойынша жанұялар профилактикалық бақылауға алынған жоқ, себебі олар жанұя құрғандар, балалары бар және аморальдық өмір сүру салтын ұстанбайды.

Мектеп, колледж әкімшіліктерінің ықпалымен Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 127 бабы, яғни ата-аналардың немесе олардың заңды өкілдерінің кәмелетке толмаған жасөспірімдерді тәрбиелеу жөніндегі міндеттерін өз деңгейінде орындамағаны үшін 41 ата-ана жауапкершілікке тартылған.

130 ата-ана Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 442-1 бабымен (балаларының түнгі уақытта ойын-сауық мекемелерінде болуына жол бергені үшін) әкімшілік жауапкершілікке тартылды. 442-2 бабы (балаларының түнгі уақытта, сағат 23.00-ден кейін тұрғын жайдан тыс жерлерде болуы) бойынша 3688 ата-ана әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 132 бабы, яғни кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта ойын-сауық мекемелерінде болуына жол бергені үшін 80 қоғамдық орындардың әкімшілеріне хаттама толтырылып, жауапкершілікке тартылған.

Аталған Кодекстің 133 бабына сәйкес, 18-ге толмаған жасөспірімдерге темекі және темекі бұйымдарын сатқаны үшін 37 әкімшіге хаттама толтырылып, жауапкершілікке тартылған.  

ҚР Әкімшілік Құқық бұзушылық туралы Кодексінің 200 бабы, яғни Қазақстан Республикасы заңнамасының алкоголь өнімін өткізу жөніндегі талаптарын бұзудың 80 фактісі бойынша әкімшілік хаттама толтырылған.

 

  • Маңызды
  • Пікірлер
  • Соңғы
Туған жер – алтын бесігім

Туған жер – алтын бесігім

14.08.2017
Ораза-2024 кестесі. Ауызашар, ауыз бекіту уақыты

Ораза-2024 кестесі. Ауызашар, ауыз бекіту уақыты

11.03.2024
Үйдегі бәле-жаладан мына дұғалар қорғайды

Үйдегі бәле-жаладан мына дұғалар қорғайды

05.12.2017
Таразда денсаулық сақтау саласы қызметкерлері арасында  Ұлт жоспарының жүзеге асырылу барысы талқыланды

Таразда денсаулық сақтау саласы қызметкерлері арасында Ұлт жоспарының жүзеге асырылу барысы талқыланды

14.08.2017
СІЗДІҢ ПІКІРІҢІЗШЕ КЕРІ БАЙЛАНЫС ОРНАТА АЛҒАН ҚАЙ МЕКЕМЕЛЕР?

СІЗДІҢ ПІКІРІҢІЗШЕ КЕРІ БАЙЛАНЫС ОРНАТА АЛҒАН ҚАЙ МЕКЕМЕЛЕР?

26.03.2020
Жамбыл облысында төрт блок-бекеті орнатылды

ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНДА КОРОНАВИРУС ИНФЕКЦИЯСЫ ТІРКЕЛДІ

24.03.2020
ҚОРДАЙ ОҚИҒАСЫ. СОТ ҮКІМІ ШЫҒУДА… (жаңартылуда)

ҚОРДАЙ ОҚИҒАСЫ. СОТ ҮКІМІ ШЫҒУДА… (жаңартылуда)

13.07.2021
История о том, как 3 сотрудника Tele2 создали популярное мобильное приложение

История о том, как 3 сотрудника Tele2 создали популярное мобильное приложение

6
6 000 000 теңгеге айыпталды

6400 теңге үшін 4 жылға сотталды

5
Шу ауданындағы күрделі мәселе

Шу ауданындағы күрделі мәселе

3
ӘКІМДЕРДІҢ ОРТА ЖАСЫ ҚАНДАЙ?

ЖЫЛ ҚОРЫТЫНДЫСЫ. ӘКІМДЕР РЕЙТИНГІСІ

3
28-і Универсиада алауы 28 қаңтар күні  Таразда

28-і Универсиада алауы 28 қаңтар күні Таразда

2
2017 жылдың «Жыл журналисі» кім болды?

2017 жылдың «Жыл журналисі» кім болды?

2
1 наурыз «Нұр Отан» партиясының құрылған күні

1 наурыз «Нұр Отан» партиясының құрылған күні

1
Grand Slam. Қазақстан алтынсыз қалды

Grand Slam. Қазақстан алтынсыз қалды

09.05.2025
Путин Тоқаевқа әкесіне арналған Кеңес Одағының батыры атағын беретін марапат қағазын тапсырды

Путин Тоқаевқа әкесіне арналған Кеңес Одағының батыры атағын беретін марапат қағазын тапсырды

09.05.2025
Жеңіс күні: Президент Путиннің шақыруымен Ресейге барды

Жеңіс күні: Президент Путиннің шақыруымен Ресейге барды

08.05.2025
Жамбыл облысында инвестиция көлемі 37,1 пайызға өсті

Жамбыл облысында инвестиция көлемі 37,1 пайызға өсті

08.05.2025
Таразда дәрігерлік амбулатория ашылды

Таразда дәрігерлік амбулатория ашылды

08.05.2025
Жеңіс күні: Ардагерлерге 545 млн теңге төленді

Жеңіс күні: Ардагерлерге 545 млн теңге төленді

08.05.2025
Таразда әскери қызметшілер майдангерлер үшін Жеңіс парадын ұйымдастырды

Таразда әскери қызметшілер майдангерлер үшін Жеңіс парадын ұйымдастырды

08.05.2025
  • БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com

© 2016-2025. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 
2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, № 16981- ИА  куәлігі берілген.
Сайт материалдарын көшіріп жариялаған жағдайда "Turaninfo.kz" ақпарат агентігіне сілтеме берілуі тиіс.
Құпиялылық саясаты


No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • Спорт
  • Видеоблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2025. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 
2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, № 16981- ИА  куәлігі берілген.
Сайт материалдарын көшіріп жариялаған жағдайда "Turaninfo.kz" ақпарат агентігіне сілтеме берілуі тиіс.
Құпиялылық саясаты