ҚР Денсаулық сақтау министрінің бұйрығымен «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ басқармасының төрағасы болып Ашуев Айдын Жұмабекұлы болып тағайындалды.
Айдын Ашуев 1976 жылы Алматы қаласында дүниеге келген. Қазақ мемлекеттік басқару академиясын, Қаржы академиясын тәмамдаған.
Еңбек жолын 1995 жылы бастаған, әр жылдары коммерциялық секторда, ұлттық компаниялар мен мемлекеттік органдарда жұмыс істеді. Тағайындалғанға дейін ол Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қазынашылық комитетінің төрағасы, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік сатып алу комитетінің төрағасы, Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі төрағасының орынбасары, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті төрағасының орынбасары, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің жауапты хатшысы қызметтерін атқарды.