Аудан әкімдігінің кіші залында өткен күзгі мерзімді әскери шақыруды сапалы ұйымдастыру және өткізу жөніндегі штаб отырысына аудан әкімінің орынбасары Олжас Баққараев төрағалық етті.
Басқосуда күн тәртібіндегі мәселе бойынша аудандық Қорғаныс істері жөніндегі бөлім басшысы, майор Ғани Алдабергенов хабарлама жасады. Баяндамашының сөзіне сүйенген, Олжас Елебекұлы жауапты тұлғаларға күзгі мерзімді әскери қызметке шақыру бойынша берілген жасақты жасақтауды, соның ішінде ҚР Қарулы Күштеріне берілген жасақтың орындалуын 26 қазанға дейін аяқтауды, ауылдық округ әкімдеріне әскерге баратындарды шақыру комиссиясына мерзімінде жеткізілуін қамтамасыз етуді, осы мақсатта әскер қатарына барудан жалтарып жүрген азаматтарды шақыру комиссиясына келтіру үшін ауылдық округтердегі учаскелік полиция инспекторларымен бірлесіп жұмыс жасауды тапсырды.
Штаб отырысына ауылдық округ әкімдері бейнебайланыс арқылы қатысып отырды.