«21 сәуірде Шымкент қаласы әкімдігі ғимараты маңында атыс болды. Оқиға салдарынан әкімдік қызметкері жарақат алып, ауруханаға жеткізілді. Қазір оған қажет медициналық көмек көрсетіліп жатыр», — деп жазылған хабарламада.
Полиция мәліметінше, қылмысты жасаған күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалған, бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалған.
«Оқиғаның барлық мән-жайы тергеу барысында анықталады», — деді полиция.