Шығармашылық топтың балалар денсаулығына қатысты атқарып жатқан жұмысы орасан. Айта кетсек ұйымның негізгі нысаны — балалардың психикалық жай күйі. Бұл ретте қыркүйек айында Т.Рысқұлов ауданы білім бөліміне қарасты мектептерде 11 сынып білім алушыларының мазасыздану және алаңдаушылық деңгейін анықтау мақсатында «Аппелс» тесті жүргізілді. Зерттеуге 26 мектептен 734 білім алушы қамтылды. Нәтижесінде мазасыздану және алаңдаушылық деңгейі төмен 616 білім алушы, ал мазасыздану және алаңдаушылық деңгейі орташа 113 білім алушы, ал мазасыздану және алаңдаушылық деңгейі жоғары 5 білім алушы (Құлан мектеп–гимназиясы 1, Ә.Бөкейханов орта мектебі 2, М.Әуезов тірек мектебі 2 оқушы) анықталды. Зерттеудің нәтижесі бойынша жалпы 11 сынып білім алушыларының мазасыздану және алаңдаушылық деңгейі орташа екені анықталған.
Қазан айында Т.Рысқұлов ауданы білім бөліміне қарасты мектептерден 5 сынып білім алушыларының мазасыздық деңгейін анықтау мақсатында «Экспресс-тесті» жүргізілді. Зерттеуге жалпы отыз бір (31) мектептен 1447 білім алушы қамтылды. Орта буын білім алушыларының мазасыздық деңгейін анықтау мақсатында жүргізілген «Экспресс-тесті» 15 сұрақтан тұрады. Білім алушылар сұрақтарға «иә» немесе «жоқ» деп жауап береді. Егер білім алушы 1,4,5,6,8,9,10,12,13,14,15 сұрақтарына «Ия» деп жауап берсе және 2,3,7,11 сұрақтарына «жоқ» деп жауап берсе 1 ұпай қосылады. Ұпайлар қосындысы бойынша 1- 4 ұпай – мазасыздануы төмен; 5-7 ұпай – мазасыздануы орта; 8-11 ұпай — сәл жоғары мазасыздану; ал 12-15 ұпай жинаса бала бойында мазасыздық деңгейі жоғары дегенді білдіреді. 5 сыныптар аралығында жалпы Нәтижесінде мазасыздық деңгейі төмен 1204 білім алушы (83 пайыз); ал мазасыздық деңгейі орташа 209 (14 пайыз) білім алушы; ал мазасыздық деңгейі сәл жоғары 34 (3 пайыз) білім алушы анықталса, мазасыздану деңгейі жоғары ешқандай оқушы анықталған жоқ. Зерттеудің нәтижесі бойынша жалпы 5 сынып оқушыларының мазасыздану деңгейі орташа екені белгілі болды.
Осы айда Т.Рысқұлов ауданы білім бөліміне қарасты мектептерден 2 сынып білім алушыларының аутодеструктивті әрекеттің алдын алу мақсатында «Менің сыныбым» проективті әдістемесі жүргізілді. Зерттеуге жалпы отыз екі мектеп қатысты. Аутодеструктивті әрекеттің алдын алу мақсатында жүргізілген «Менің сыныбым» проективті әдістемесінде білім алушыға адам мен сыныптың суреті ұсынылады. Сол суреттен білім алушы өзін тауып белгілейді. Белгілеуі бойынша қорытынды талдау жүргізіледі: Егер мұғалімнен алыс, жалғыз тұрса, білім алушының сыныпқа бейімделмегенін көруге болады. Егер балалармен ойын ойнап, сабақ оқып тұрса ол жақсы дегенді білдіреді. Егер білім алушы мұғалімнің қасында болса, онда оқушы мұғалімге жақындағысы келетінін көрсетед. Ойын барысындағы бала білім алушының оқуға деген мотивациясының төмен екендігі байқалады. Зерттеуде 2 сыныптар аралығындағы жалпы саны 1306 білім алушы қамтылды. Нәтижесінде: балалармен ойын ойнап, сабақ оқып тұрған ол жақсы дегенді білдіреді – 1039 білім алушы, мұғалімге жақындағысы келетінін – 259 білім алушы, оқуға деген мотивациясы төмен – 8, (Қ.Сатпаев орта мектебі 4 білім алушы, Малдыбай орта мектебі 4 білім алушы) анықталса, мұғалімнен алыс, жалғыз тұрған, оқушының сыныпқа бейімделмегенін көруге болатын оқушы анықталған жоқ.
Сонымен қатар Т.Рысқұлов ауданы білім бөліміне қарасты мектептерде 10 сынып оқушыларына неврозды жедел диагностикалау мақсатында К.Хек және Х. Хесс әдістемесі жүргізілді. Жалпы зерттеуге 912 білім алушы қатысты. Неврозды жедел диагностикалау мақсатында жүргізілген К.Хек және Х. Хесстің әдістемесі жалпы саны қырық сұрақтан тұрады. Білім алушылар сұрақтармен немесе пікірмен таныса отырып «иә» немесе «жоқ» деп жауап береді. Көрсеткіштерді мақұлданған жауаптар санымен есептейді. Әрбір «иә» жауабына 1 ұпай саны қойылады. Егер ұпай саны 24 ұпайдан көп болса, бұл невроздың жоғары деңгейін көрсетеді. Жүргізілген әдістеменің нәтижесіне тоқталсақ: невроздың жоғары деңгейі бойынша 1 білім алушы (Құлан мектеп – гимназиясы) анықталды. Ал қалған 911 білім алушының бойында невроздың жоғарғы деңгейі байқалмады.
Қараша айында Т. Рысқұлов ауданы білім бөліміне қарасты мектептерде 3 сынып білім алушыларының отбасымен, таныс құрдастары мен ересектерге деген қарым-қатынасын анықтау мақсатында «Екі үй» әдістемесі жүргізілді. Зерттеуге жалпы мектептер бойынша барлығы 1243 білім алушы қатысты. Әдістемеде бірі ашық және тартымды, ал екіншісі сұр және көмескі үйлер бейнеленген сурет ұсынылды. Білім алушы өзімен қарым-қатынас жасайтын адамдарын қайсысын қай үйге орналастырып жазып шығады және неліктен олай жазғанын түсіндіріп береді. Жүргізілген зерттеудің нәтижесіне тоқталсақ: жағымды ахуал қалыптасқан отбасы — 1230, жағымсыз ахуал қалыптасқан отбасы саны — 13 екендігі анықталды (Құлан мектеп гимназиясы — 4, М.Горький орта мектебі -3, Ә Бөкейханов орта мектебі — 4; Ақтоған орта мектебі -2).
Осы айда Т.Рысқұлов ауданы білім бөліміне қарасты мектептерде 9 сынып білім алушыларының мазасыздану деңгейін анықтау мақсатында «Кондаш» әдістемесі жүргізілді. Зерттеуге жалпы 30 (отыз) мектеп қатысты. 9 сыныптар аралығында жалпы 1391 білім алушы қамтылды. Әдістеме 30 сұрақтан тұрады. Тестің әрбір сөйлемін мұқият оқып жауабын 0,1,2,3,4 цифрларымен белгілейді: 0 – жағдай мүлдем жағымсыз көрінбейді (қобалжу жоқ); 1 – аздап қобалжытады; 2 – жағымсыз, безетін жағдай; 3 – күшті қобалжушылық, мазасыздық, үрей; 4 – шеткі жағымсыз жағдай, өте күшті қобалжу, өте күшті үрей. Әдістемелікте жағдайлардың үш түрі қарастырылады: 1) мектеппен және мұғаліммен арақатынасқа байланысты жағдайлар – № 1, 4, 6, 9, 10, 13, 16, 20, 25, 30 сұрақтар; 2) өзі туралы түсініктерді өзектеу жағдайлары – № 2, 5, 12, 14, 19, 22, 23, 27, 28, 19 сұрақтар; 3) тұлға аралық қатынас жағдайлары – № 3, 7, 8, 11, 15, 17, 18, 21, 24, 26 сұрақтар. Зерттеу нәтижесі бойынша тесттің ұпайлар қосындысы мазасыздықтың жеке түрлері және жалпы тест бойынша есептелінеді. Қорытындысы бойынша: шамадан тыс тыныштық; қалыпты деңгей; аздап жоғары; жоғары; өте жоғары деңгейге бөлінеді. Ұпайлар көрсеткіші бойынша: мазасыздық деңгейі төмен – 0-10 ұпай аралығы; мазасыздық деңгейі нормаға сай – 10-20 ұпай аралығы; мазасыздық деңгейі жоғары – 20 ұпайдан жоғары ұпай жиынтығын құрайды. Жүргізілген зерттеудің нәтижесінде мазасыздануы жоғары 51 оқушы анықталды. Мазасыздану түрлері бойынша: мектеппен және мұғаліммен арақатынасқа байланысты жағдайлар бойынша 28 білім алушы анықталды. Атап айтар болсақ: Т. Рысқұлов м/л-3; Т. Әубакиров н/м-1; №3 о\м-1; Қ.Сұлтанбеков о/м-1; Құлан м/г-1; Ақтоған о/м-3; Ю.Гагарин н/м-1; А.Байтұрсынов о/м-1; Ш.Уалиханов о/м-1; Болтай батыр о/м-1; №4 орта мектеп-1; Жамбыл о/м-2; А.Шынасилов о/м-2; Ақыртөбе о/м-1; Малдыбай о/м-1; Ә.Бөкейханов о/м-3; М.Әуезов т/м-1; Абай орта мектебі о/м-1; Б.Момышұлы о/м-2 білім алушы. 2) өзі туралы түсініктерді өзектеу жағдайлары бойынша 17 білім алушы анықталды. Атап айтар болсақ: Қ.Сұлтанбеков о/м-1;№3 о\м-1; Құлан м/г-1; Ақтоған о/м-1; А.Байтұрсынов о/м-1; Ш.Уалиханов о/м-2; Болтай батыр о/м-1; №4 орта мектеп-1; Жамбыл о/м-1; Р.Смайлов о/м-1; А.Шынасилов о/м-1; Ә.Бөкейханов о/м-2; М.Әуезов т/м-1; Қ.Сатпаев о/м-2 білім алушы. 3) тұлға аралық қатынас жағдайлары бойынша 6 білім алушы анықталды. Атап айтар болсақ: Құлан м/г-1; Ақтоған о/м-1; А.Байтұрсынов о/м-2; Ш.Уалиханов о/м-2 білім алушы.
Сонымен қатар Т.Рысқұлов ауданы білім бөліміне қарасты мектептерде 7 сынып білім алушыларының ұялшақтығы мен жасқаншақтықтарын анықтау мақсатында «Табандылықты» зерттеу сауалнамасы жүргізілді. Зерттеуге жалпы мектептер бойынша барлығы 1299 білім алушы қатысты Зерттеу әдістемесі 15 сұрақтан тұрады. Сұрақтамадағы пікірлерді оқып шығып, келісесе «+» белгісін, келіспесе «-» белгісін қояды. Жоғары ұпай ұялшақтықты, табансыздықты, сезімсіздікті көрсетеді. Мұндай адамдар қажет уақытында шешім қабылдаудан қашқақтайды. Жүргізілген зерттеудің нәтижесіне тоқталсақ: төмен деңгей (0-4 ұпай) бойынша – 1027 білім алушы; орташа деңгей (5-10 ұпай) бойынша – 256 білім алушы; жоғары деңгей (11-15 ұпай) бойынша 16 білім алушы анықталды. Атап айтар болсақ: Құлан м/г (6 білім алушы); №1 мектеп –лицей (3 білім алушы); М.Горький о/м (5 білім алушы); Ақтоған орта мектебі (2 білім алушы).
Желтоқсан айында Т.Рысқұлов ауданы білім бөліміне қарасты мектептердің 4 сынып білім алушыларымен баланың эмоционалдық жағдайын, агрессия деңгейін анықтау мақсатында М.А.Панфилованың «Кактус» әдістемесі жүргізілді. Зерттеуге аудан бойынша 36 мектеп, жалпы 1319 оқушы қатысты. Зерттеу үш бағытта – агрессия, өзіндік бағалау, отбасылық жылулық бойынша анықталды. Зерттеудің нәтижесі бойынша: Бірінші бағыт: Агрессияны анықтау бағыты бойынша жоғары деңгейде — 6 білім алушы анықталды (М.Горький о/м – 1 білім алушы; Ә.Бөкейханов о/м – 5 білім алушы); орташа деңгейде – 259 білім алушы, төмен деңгейде — 1054 білім алушы. Екінші бағыт: Өзіндік бағалау бағыты бойынша жоғары деңгейде – 240 білім алушы, орташа деңгейде – 1002 білім алушы, төмен деңгейде – 77 білім алушы анықталды. Атап айтар болсақ М.Горький о/м – 3 білім алушы; Ю.Гагарин н/м – 4 білім алушы; Ш.Уалиханов о/м – 13 білім алушы; Ы.Алтынсарин о/м – 1 білім алушы; Алғабас о/м – 8 білім алушы; Р.Смайлов о/м – 2 білім алушы; Ақыртөбе о/м – 4 білім алушы; Малдыбай о/м – 5 білім алушы; Ә.Бөкейханов о/м – 7 білім алушы; Қ.Сатпаев о/м – 13 білім алушы; Б.Момышұлы о/м – 6 білім алушы; № 6 мектеп-гимназиясы – 2 білім алушы; Жалпақсаз баст мектебі – 4 білім алушы; Шолаққайынды бас мек – 4 білім алушы; Сөгеті бастауыш мектебі – 1 білім алушы. Үшінші бағыт: Отбасылық жылулық бағыты бойынша, жылулық сезіледі – 1289 оқушы, отбасылық жылулығы әлсіз – 30 оқушы анықталды. Атап айтар болсақ М.Горький о/м – 4 білім алушы; Ю.Гагарин н/м – 1 білім алушы; Ақыртөбе о/м – 2 білім алушы; Ә.Бөкейханов о/м – 21 білім алушы; М.Әуезов т/м – 2 білім алушы.
Осы айда Т.Рысқұлов ауданы білім бөліміне қарасты мектептердің 6 сынып білім алушыларының агрессия және үрейін, өзін-өзі бағалау деңгейін анықтау мақсатында Идеографикалық тест модификацияланған Э.Махони әдістемесі жүргізілді. Зерттеуге жалпы 31 (отыз бір) мектеп қатысты. Аудан мектептері бойынша 6 сыныптар аралығында жалпы 1387 білім алушы қамтылды. Нәтижесінде агрессиялық деңгейі жоғары – 49 білім алушы анықталды. Атап айтар болсақ Т. Рысқұлов м/л – 2 білім алушы; № 1 Мектеп — лицейі – 1 білім алушы; Т. Әубакиров н/м – 1 білім алушы; М.Горький о/м – 9 білім алушы; №3 о\м – 1 білім алушы; Қ. Сұлтанбеков о/м – 2 білім алушы; Құлан м/г – 9 білім алушы;Ақтоған о/м – 3 білім алушы; А.Байтұрсынов о/м -1; Болтай батыр о/м – 3; №4 орта мектеп – 1 білім алушы; Ы.Алтынсарин о/м – 1; Бірлес о/м – 1; Алғабас о/м – 2 білім алушы; Жамбыл о/м – 2 білім алушы; А.Шынасилов о/м – 1 білім алушы; Ақыртөбе о/м – 3 білім алушы; №5 орта мектеп – 1 білім алушы; Ақбұлақ о/м – 1 білім алушы; М.Әуезов т/м – 2 білім алушы; Абай орта мектебі – 1 білім алушы; Б.Момышұлы о/м – 2 білім алушы; Үрей деңгейі жоғары – 66 оқушы анықталды. Атап айтар болсақ Т. Рысқұлов м/л – 10 білім алушы; М.Горький о/м – 11 білім алушы; Қ.Сұлтанбеков о/м – 3 білім алушы; Құлан м/г – 3 білім алушы; Ақтоған о/м – 2 білім алушы; Ю.Гагарин н/м – 4 білім алушы; А.Байтұрсынов о/м – 2 білім алушы; Ш.Уалиханов о/м – 2 білім алушы; Болтай батыр о/м – 8 білім алушы; №4 орта мектеп – 2 білім алушы; Бірлес о/м – 2 білім алушы; Алғабас о/м – 2 білім алушы; Р.Смайлов о/м – 3 білім алушы; Ақыртөбе о/м –10 білім алушы; Малдыбай о/м – 2 білім алушы; Ақбұлақ о/м – 1 білім алушы; Ә.Бөкейханов о/м – 13 білім алушы; М.Әуезов т/м – 1 білім алушы; Қ.Сатпаев о/м – 3 білім алушы; № 6 мектеп-гимназиясы – 2 білім алушы. Ө зін-өзі бағалауы төмен – 49 оқушы анықталды. Атап айтар болсақ Т. Рысқұлов м/л – 3 білім алушы; № 1 мектеп — лицейі – 2 білім алушы; Т. Әубакиров н/м – 1 білім алушы; М.Горький о/м – 5 білім алушы; №2 орта мектеп – 2 білім алушы; №3 о\м – 1 білім алушы; Құлан м/г – 5 білім алушы; Ақтоған о/м – 1 білім алушы; Болтай батыр о/м – 5 білім алушы; №4 орта мектеп – 2 білім алушы; Ы.Алтынсарин о/м – 1 білім алушы; Бірлес о/м – 2 білім алушы; Алғабас о/м – 3 білім алушы; Жамбыл о/м – 1 білім алушы; Ақыртөбе о/м – 5 білім алушы; Малдыбай о/м – 1 білім алушы; №5 орта мектеп – 1 білім алушы; Ақбұлақ о/м – 1 білім алушы; Ә.Бөкейханов о/м – 3 білім алушы; Абай орта мектебі – 2 білім алушы; Б.Момышұлы о/м – 2 білім алушы.
Сонымен қатар Т.Рысқұлов ауданы білім бөліміне қарасты мектептерде 8 сынып білім алушыларының жалғыздық сезімдерін анықтау мақсатында М.Фергюсен мен Д.Рассельдің тесті жүргізілді. Зерттеуге аудан бойынша 31 (отыз бір) мектеп қамтылды. Аудан мектептері бойынша 8 сынып аралығында жалпы 1241 білім алушы қамтылды. Нәтижесінде жалғыздық сезімдері жоғары – 4 білім алушы (Құлан м/г (2 білім алушы); Ә.Бөкейханов о/м (1 білім алушы); Б.Момышұлы о/м (1 білім алушы)); жалғыздық сезімдері орташа – 166 білім алушы; жалғыздық сезімдері төмен – 1071 білім алушы анықталды.
2024 жылдың 10 қаңтар күні білім алушылардың психикалық көңіл — күйлерін көтеруге, шығармашылық қабілеттерін бағалай білуге, өздеріне құрметпен қарауға, дұрыс қарым — қатынас орната білуге үйрету мақсатында орта буын білім алушыларымен «Жақсы көңіл-күй-жан азығы» тақырыбында психологиялық түзету жұмысы жүргізілді. Психологиялық түзету жұмысына 66 білім алушы, 2 педагог, 4 психолог қатысты. Қатысушылармен: 1.Танысу; 2. Әдістеме «Менің мінезім»; 3. «Мен-үйде» және «Мен — сабақта» жаттығуы; 4. «Тиімді қарым — қатынас орнату» жаттығуы; 5. «Ыстық картоп» жаттығуы; 6. Релаксациялық жаттығу «Сарқырама»; 7. Қорытынды «Күн шуағы» жаттығулары жүргізілді. Қатысушылар психологиялық түзету жұмысына белсене қатысты, өз ойларын ашық айта білді.
2024 жылдың14 ақпан күні М.Әуезов және Малдыбай орта мектептерінің жоғарғы буын білім алушыларымен эмоционалдық қысымды түсіруге және позитивті тұрғыдан ойлауға дағдыландыру және білім алушыларды ұжымдыққа баулу мақсатында «Позитивті ойлау және оған дағдыландыру» тақырыбында психологиялық түзету және кеңес беру жұмыстары жүргізілді. Атқарылған іс – шараға 60 білім алушы, 4 педагог, 4 психолог қатысты. Қатысушылармен: 1.Амандасу; 2. «Менің идеалды күнім» жаттығуы; 3. «Алғыс күнделігін толтыру» жаттығуы; 4. «5 артықшылық» ойыны; 5.Қорытынды бөлімінде «Жан жылуы» жаттығуымен аяқталды.
2024 жылдың 21 ақпан күні Құлан мектеп-гимназиясы және Ақтоған шағын орталықты орта мектептерінің ата – аналарымен отбасында балаға жақсы тәрбие беруіне ықпал жасау, сонымен қатар ата – аналар арасында жағымды қарым – қатынас орнату, сыйластықты арттыру мақсатында «Бала өмірі – басты құндылық» тақырыбында семинар – тренинг жүргізілді. Семнар – тренингке 27 ата – ана, 6 педагог, 6 психолог қатысты. Қатысушылармен: 1.Сәлемдесу; 2. «Отбасы татулығы» пікір алмасу; 3. «Сөйлемді аяқта» әдістемесі; 4. «Бақыт деген не?» бейне баян; 5.Сергіту сәті: Мақал – мәтелдереді аяқтау; 6. Дидактикалық ойын «Отбасылық махаббат үйі»; 7. Күлкі көңіл ажары; 8. «Өмірдегі ең маңызды тіреулеріңіз кім?» ой толғау; 9. «Отбасылық құндылық ағашы» жаттығуымен аяқталды.
2024 жылдың 6 наурызында Ә.Бөкейханов және Құлан мектеп-гимназиясының 4 сынып білім алушыларымен өз-өзіне деген жағымды (позитиві) қарым-қатынасты дамыту және сенімділік сезімдерін қалыптастыру мақсатында «Мен өзімді мақтай аламын» тақырыбында психологиялық түзету жұмысы жүргізілді. Психологиялық түзету жұмысы: 1. «Мен кіммін» серпімділік ойыны; 2.«Мен өткен, осы және келер шақтардамын» жаттығуы; 3. «Бәрі жұлдыздар» жаттығуы; 4. «Сенен маған ұнайтыны» жаттығуы; 5. «Шеңбер бойынша қошемет» жаттығулары өткізілді. Түзету жұмысы «Шеңбер бойынша қол алысу» жаттығуымен аяқталды. Қатысушылар психологиялық түзету жұмысына белсене қатысты, өз ойларын ашық айта білді.
2024 жылдың 13 наурыз күні Абай орта мектебінің ата – аналарымен бала тәрбиесіндегі қарым-қатынас туралы түсінікті дамыту мақсатында «Бала бойына сенімділік қасиеттерін қалыптастыру» тақырыбында психологиялық кеңес беру және түзету жұмыстары жүргізілді. Баланы бағалауға, түсіне білуге баулу мақсатында «Бала тәрбиесінде ата – ана тарапынан қандай қасиеттер керек?» тақырыбында шағын дәріс және ескертпе сөздер, кеңестер берілді.
Мектептегі балалардың психологиялық хәлін бағдарлау, зерделеу бойынша жұмыс жүргізу — “Шың” шығармашылық тобының басты бағыты. Өз кезегінде жоғарыда аталған тәсілдер арқылы балалардың эмоционалды күйін зерттеп, олардың ішкі жағдайына үңілу — көптеген өкінішті жағдайларды алдын алады. Бұл тұрғыда шығармашылық топ өз бағытынан өзге арнаға бұрылмай, осы салада нәтижелі жұмыс істеуді жалғастыра бермек.