Шығармашылық топтың балалар денсаулығына қатысты атқарып жатқан жұмысы орасан. Айта кетсек ұйымның негізгі нысаны — балалардың психикалық жай күйі. Бұл ретте қыркүйек айында Т.Рысқұлов ауданы білім бөліміне қарасты мектептерде 11 сынып білім алушыларының мазасыздану және алаңдаушылық деңгейін анықтау мақсатында «Аппелс» тесті жүргізілді. Зерттеуге 26 мектептен 734 білім алушы қамтылды. Нәтижесінде мазасыздану және алаңдаушылық деңгейі төмен 616 білім алушы, ал мазасыздану және алаңдаушылық деңгейі орташа 113 білім алушы, ал мазасыздану және алаңдаушылық деңгейі жоғары 5 білім алушы (Құлан мектеп–гимназиясы 1, Ә.Бөкейханов орта мектебі 2, М.Әуезов тірек мектебі 2 оқушы) анықталды. Зерттеудің нәтижесі бойынша жалпы 11 сынып білім алушыларының мазасыздану және алаңдаушылық деңгейі орташа екені анықталған.
Қазан айында Т.Рысқұлов ауданы білім бөліміне қарасты мектептерден 5 сынып білім алушыларының мазасыздық деңгейін анықтау мақсатында «Экспресс-тесті» жүргізілді. Зерттеуге жалпы отыз бір (31) мектептен 1447 білім алушы қамтылды. Орта буын білім алушыларының мазасыздық деңгейін анықтау мақсатында жүргізілген «Экспресс-тесті» 15 сұрақтан тұрады. Білім алушылар сұрақтарға «иә» немесе «жоқ» деп жауап береді. Егер білім алушы 1,4,5,6,8,9,10,12,13,14,15 сұрақтарына «Ия» деп жауап берсе және 2,3,7,11 сұрақтарына «жоқ» деп жауап берсе 1 ұпай қосылады. Ұпайлар қосындысы бойынша 1- 4 ұпай – мазасыздануы төмен; 5-7 ұпай – мазасыздануы орта; 8-11 ұпай — сәл жоғары мазасыздану; ал 12-15 ұпай жинаса бала бойында мазасыздық деңгейі жоғары дегенді білдіреді. 5 сыныптар аралығында жалпы Нәтижесінде мазасыздық деңгейі төмен 1204 білім алушы (83 пайыз); ал мазасыздық деңгейі орташа 209 (14 пайыз) білім алушы; ал мазасыздық деңгейі сәл жоғары 34 (3 пайыз) білім алушы анықталса, мазасыздану деңгейі жоғары ешқандай оқушы анықталған жоқ. Зерттеудің нәтижесі бойынша жалпы 5 сынып оқушыларының мазасыздану деңгейі орташа екені белгілі болды.
Осы айда Т.Рысқұлов ауданы білім бөліміне қарасты мектептерден 2 сынып білім алушыларының аутодеструктивті әрекеттің алдын алу мақсатында «Менің сыныбым» проективті әдістемесі жүргізілді. Зерттеуге жалпы отыз екі мектеп қатысты. Аутодеструктивті әрекеттің алдын алу мақсатында жүргізілген «Менің сыныбым» проективті әдістемесінде білім алушыға адам мен сыныптың суреті ұсынылады. Сол суреттен білім алушы өзін тауып белгілейді. Белгілеуі бойынша қорытынды талдау жүргізіледі: Егер мұғалімнен алыс, жалғыз тұрса, білім алушының сыныпқа бейімделмегенін көруге болады. Егер балалармен ойын ойнап, сабақ оқып тұрса ол жақсы дегенді білдіреді. Егер білім алушы мұғалімнің қасында болса, онда оқушы мұғалімге жақындағысы келетінін көрсетед. Ойын барысындағы бала білім алушының оқуға деген мотивациясының төмен екендігі байқалады. Зерттеуде 2 сыныптар аралығындағы жалпы саны 1306 білім алушы қамтылды. Нәтижесінде: балалармен ойын ойнап, сабақ оқып тұрған ол жақсы дегенді білдіреді – 1039 білім алушы, мұғалімге жақындағысы келетінін – 259 білім алушы, оқуға деген мотивациясы төмен – 8, (Қ.Сатпаев орта мектебі 4 білім алушы, Малдыбай орта мектебі 4 білім алушы) анықталса, мұғалімнен алыс, жалғыз тұрған, оқушының сыныпқа бейімделмегенін көруге болатын оқушы анықталған жоқ.
Сонымен қатар Т.Рысқұлов ауданы білім бөліміне қарасты мектептерде 10 сынып оқушыларына неврозды жедел диагностикалау мақсатында К.Хек және Х. Хесс әдістемесі жүргізілді. Жалпы зерттеуге 912 білім алушы қатысты. Неврозды жедел диагностикалау мақсатында жүргізілген К.Хек және Х. Хесстің әдістемесі жалпы саны қырық сұрақтан тұрады. Білім алушылар сұрақтармен немесе пікірмен таныса отырып «иә» немесе «жоқ» деп жауап береді. Көрсеткіштерді мақұлданған жауаптар санымен есептейді. Әрбір «иә» жауабына 1 ұпай саны қойылады. Егер ұпай саны 24 ұпайдан көп болса, бұл невроздың жоғары деңгейін көрсетеді. Жүргізілген әдістеменің нәтижесіне тоқталсақ: невроздың жоғары деңгейі бойынша 1 білім алушы (Құлан мектеп – гимназиясы) анықталды. Ал қалған 911 білім алушының бойында невроздың жоғарғы деңгейі байқалмады.
Қараша айында Т. Рысқұлов ауданы білім бөліміне қарасты мектептерде 3 сынып білім алушыларының отбасымен, таныс құрдастары мен ересектерге деген қарым-қатынасын анықтау мақсатында «Екі үй» әдістемесі жүргізілді. Зерттеуге жалпы мектептер бойынша барлығы 1243 білім алушы қатысты. Әдістемеде бірі ашық және тартымды, ал екіншісі сұр және көмескі үйлер бейнеленген сурет ұсынылды. Білім алушы өзімен қарым-қатынас жасайтын адамдарын қайсысын қай үйге орналастырып жазып шығады және неліктен олай жазғанын түсіндіріп береді. Жүргізілген зерттеудің нәтижесіне тоқталсақ: жағымды ахуал қалыптасқан отбасы — 1230, жағымсыз ахуал қалыптасқан отбасы саны — 13 екендігі анықталды (Құлан мектеп гимназиясы — 4, М.Горький орта мектебі -3, Ә Бөкейханов орта мектебі — 4; Ақтоған орта мектебі -2).
Осы айда Т.Рысқұлов ауданы білім бөліміне қарасты мектептерде 9 сынып білім алушыларының мазасыздану деңгейін анықтау мақсатында «Кондаш» әдістемесі жүргізілді. Зерттеуге жалпы 30 (отыз) мектеп қатысты. 9 сыныптар аралығында жалпы 1391 білім алушы қамтылды. Әдістеме 30 сұрақтан тұрады. Тестің әрбір сөйлемін мұқият оқып жауабын 0,1,2,3,4 цифрларымен белгілейді: 0 – жағдай мүлдем жағымсыз көрінбейді (қобалжу жоқ); 1 – аздап қобалжытады; 2 – жағымсыз, безетін жағдай; 3 – күшті қобалжушылық, мазасыздық, үрей; 4 – шеткі жағымсыз жағдай, өте күшті қобалжу, өте күшті үрей. Әдістемелікте жағдайлардың үш түрі қарастырылады: 1) мектеппен және мұғаліммен арақатынасқа байланысты жағдайлар – № 1, 4, 6, 9, 10, 13, 16, 20, 25, 30 сұрақтар; 2) өзі туралы түсініктерді өзектеу жағдайлары – № 2, 5, 12, 14, 19, 22, 23, 27, 28, 19 сұрақтар; 3) тұлға аралық қатынас жағдайлары – № 3, 7, 8, 11, 15, 17, 18, 21, 24, 26 сұрақтар. Зерттеу нәтижесі бойынша тесттің ұпайлар қосындысы мазасыздықтың жеке түрлері және жалпы тест бойынша есептелінеді. Қорытындысы бойынша: шамадан тыс тыныштық; қалыпты деңгей; аздап жоғары; жоғары; өте жоғары деңгейге бөлінеді. Ұпайлар көрсеткіші бойынша: мазасыздық деңгейі төмен – 0-10 ұпай аралығы; мазасыздық деңгейі нормаға сай – 10-20 ұпай аралығы; мазасыздық деңгейі жоғары – 20 ұпайдан жоғары ұпай жиынтығын құрайды. Жүргізілген зерттеудің нәтижесінде мазасыздануы жоғары 51 оқушы анықталды. Мазасыздану түрлері бойынша: мектеппен және мұғаліммен арақатынасқа байланысты жағдайлар бойынша 28 білім алушы анықталды. Атап айтар болсақ: Т. Рысқұлов м/л-3; Т. Әубакиров н/м-1; №3 о\м-1; Қ.Сұлтанбеков о/м-1; Құлан м/г-1; Ақтоған о/м-3; Ю.Гагарин н/м-1; А.Байтұрсынов о/м-1; Ш.Уалиханов о/м-1; Болтай батыр о/м-1; №4 орта мектеп-1; Жамбыл о/м-2; А.Шынасилов о/м-2; Ақыртөбе о/м-1; Малдыбай о/м-1; Ә.Бөкейханов о/м-3; М.Әуезов т/м-1; Абай орта мектебі о/м-1; Б.Момышұлы о/м-2 білім алушы. 2) өзі туралы түсініктерді өзектеу жағдайлары бойынша 17 білім алушы анықталды. Атап айтар болсақ: Қ.Сұлтанбеков о/м-1;№3 о\м-1; Құлан м/г-1; Ақтоған о/м-1; А.Байтұрсынов о/м-1; Ш.Уалиханов о/м-2; Болтай батыр о/м-1; №4 орта мектеп-1; Жамбыл о/м-1; Р.Смайлов о/м-1; А.Шынасилов о/м-1; Ә.Бөкейханов о/м-2; М.Әуезов т/м-1; Қ.Сатпаев о/м-2 білім алушы. 3) тұлға аралық қатынас жағдайлары бойынша 6 білім алушы анықталды. Атап айтар болсақ: Құлан м/г-1; Ақтоған о/м-1; А.Байтұрсынов о/м-2; Ш.Уалиханов о/м-2 білім алушы.
Сонымен қатар Т.Рысқұлов ауданы білім бөліміне қарасты мектептерде 7 сынып білім алушыларының ұялшақтығы мен жасқаншақтықтарын анықтау мақсатында «Табандылықты» зерттеу сауалнамасы жүргізілді. Зерттеуге жалпы мектептер бойынша барлығы 1299 білім алушы қатысты Зерттеу әдістемесі 15 сұрақтан тұрады. Сұрақтамадағы пікірлерді оқып шығып, келісесе «+» белгісін, келіспесе «-» белгісін қояды. Жоғары ұпай ұялшақтықты, табансыздықты, сезімсіздікті көрсетеді. Мұндай адамдар қажет уақытында шешім қабылдаудан қашқақтайды. Жүргізілген зерттеудің нәтижесіне тоқталсақ: төмен деңгей (0-4 ұпай) бойынша – 1027 білім алушы; орташа деңгей (5-10 ұпай) бойынша – 256 білім алушы; жоғары деңгей (11-15 ұпай) бойынша 16 білім алушы анықталды. Атап айтар болсақ: Құлан м/г (6 білім алушы); №1 мектеп –лицей (3 білім алушы); М.Горький о/м (5 білім алушы); Ақтоған орта мектебі (2 білім алушы).
Мектептегі балалардың психологиялық хәлін бағдарлау, зерделеу бойынша жұмыс жүргізу — “Шың” шығармашылық тобының басты бағыты. Өз кезегінде жоғарыда аталған тәсілдер арқылы балалардың эмоционалды күйін зерттеп, олардың ішкі жағдайына үңілу — көптеген өкінішті жағдайларды алдын алады. Бұл тұрғыда шығармашылық топ өз бағытынан өзге арнаға бұрылмай, осы салада нәтижелі жұмыс істеуді жалғастыра бермек.