• БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Қазақша
Русский
Кері байланыс
TURANINFO.KZ
ҚҰРЫЛТАЙ
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
TURANINFO.KZ
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев энергетика министріне бірнеше тапсырма берді

Мемлекет басшысы энергетика министрі Ерлан Ақкенженовті қабылдады

02.04.2025
0
Қасым-Жомарт Тоқаев энергетика министріне бірнеше тапсырма берді

Фото: Ақорданың баспасөз қызметі

89
ҚАРАЛЫМ
FacebookTwitter

Қасым-Жомарт Тоқаевқа еліміздегі отын-энергетика кешенінің жай-күйі, негізгі жобаларды іске асыру барысы мен саланы одан әрі дамыту жоспары туралы есеп берілді.

Президентке отандық мұнай өңдеу зауыттарының қалыпты жұмыс істеп тұрғаны жөнінде баяндалды. Биыл мұнай өңдеу көлемін 17,6 миллион тоннаға жеткізу жоспарланып отыр. Сондай-ақ, министр мұнай өңдеу саласын дамытудың 2040 жылға дейінгі тұжырымдамасы әзірленіп жатқанын мәлімдеді.

Ерлан Ақкенженов газ өндіру, Қашаған, Қарашығанақ кен орындарында және Жаңаөзен қаласында жаңа газ өңдеу зауыттарын салу жоспарын таныстырды.

«Бейнеу – Бозой – Шымкент магистральді газ құбырының екінші желісі және Талдықорған – Үшарал газ құбырының құрылысы жалғасып жатыр», — деді министр.

Қасым-Жомарт Тоқаевқа қуаты 26 гигаваттан асатын жаңа генерациялау кешендерін іске қосу көзделіп отырғаны айтылды. Бұл 2035 жылға қарай ішкі сұранысты өтеу мақсатында қолға алынды.

Кездесу соңында Президент отын-энергетика секторын одан әрі дамыту бойынша бірқатар тапсырма берді. Мемлекет басшысы мұнай-газ, мұнай-газ химиясы және электр энергетикасы салаларында жоспарланған инфрақұрылымдық жобаларды уақтылы әрі сапалы іске асырудың маңызын атап өтті.

Қасым-Жомарт Тоқаев елдің энергетикалық қауіпсіздігін сақтауға, тұрғындар мен өндірістік нысандарды қуат көзімен тұрақты қамтамасыз етуге баса назар аудару қажет деп санайды.

Президент инвестициялық климатты жақсарту үшін кешенді шаралар қабылдау, геологиялық барлауға стратегиялық инвесторларды тарту міндеттерін жүктеді.

Тегтер: Қасым-Жомарт ТоқаевЭнергетика министрі

Танымал жаңалықтар

«Adilet» партиясының Жамбыл облыстық филиал басшысы сайланды

«Adilet» партиясының Жамбыл облыстық филиал басшысы сайланды

02.07.2026
0

Құрылтай сайлауы: Жамбыл облысынан қай партиялар кімдерді ұсынды? (1 бөлім)

Құрылтай сайлауы: Жамбыл облысынан қай партиялар кімдерді ұсынды? (1 бөлім)

07.07.2026
0

Мұрат Адамның лицензиясы бойынша сотта адвокатқа қатысы жоқ жарияланымдар қаралды

Гульнар Бажкенова қатысты қылмыстық іс бастау алды

02.07.2026
0

Таразда Ұлттық домбыра күніне арналған мерекелік кеш ұйымдастырылды

Таразда Ұлттық домбыра күніне арналған мерекелік кеш ұйымдастырылды

06.07.2026
0

Отбасы – қоғамның алтын діңгегі: Қазақстандағы отбасылық құндылықтар қалай өзгеріп жатыр?

Отбасы – қоғамның алтын діңгегі: Қазақстандағы отбасылық құндылықтар қалай өзгеріп жатыр?

10.06.2026
0

Жамбылда Кәсіпкерлер палатасына жаңа басшы тағайындалды

Жамбылда Кәсіпкерлер палатасына жаңа басшы тағайындалды

09.07.2026
0

  • БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 
2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, № 16981- ИА  куәлігі берілген.
Сайт материалдарын көшіріп жариялаған жағдайда "Turaninfo.kz" ақпарат агентігіне сілтеме берілуі тиіс.
Құпиялылық саясаты

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • Спорт
  • Видеоблог
  • Қазақша
  • Русский