Аудан әкімі Бақытжан Жәнібеков пәтер кілттерін салтанатты түрде табыстап, халықты тұрғын үймен қамтамасыз ету – басты міндеттердің бірі екенін алға тартты.
Баспана әлеуметтік осал топтар санатына жататын отбасылар мен көпбалалы аналарға берілді.
7 баланың анасы Перизат Бақытжанқызы көппен бірге қуанып, қоныс тойын тойлап отыр. Көпбалалы отбасы талай жылдан бері пәтер жалдап күн кешіп келген.
– Мемлекет қолдауының арқасында пәтерге қол жеткізіп отырмыз. Алғыстан басқа айтарымыз жоқ. Баспанасыз жүрген отбасыларға осындай қуаныш бұйырсын! – дейді аудан тұрғыны.
Айта кетейік, Шу ауданында 1 872 азамат тұрғын үй кезегінде тұр.
Жамбыл облысының әкімдігі