• Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс
  • «Ой шебері» зияткерлік ойыны
  • ҚАЗ
  • РУС
15.10.2026, 16:28
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
No Result
Барлық нәтижені қарау

Шу ауданында бір күнде екі бірдей спорт кешені ел игілігіне берілді

Шу ауданының Шу қаласы мен Бірлік ауылында пайдалануға берілген спорт нысандарының құрылысы “Қазақстан халқына” қоғамдық қорының қаржыландыруымен жүзеге асырылды.

Ғалия Абылай Ғалия Абылай
04.04.2026, 14:48
Облыс жаңалықтары
Шу ауданында бір күнде екі бірдей спорт кешені ел игілігіне берілді
196
қаралым
FacebookWhatsAppTelegramTwiiter

Ашылу салтанатына облыс әкімі Ербол Қарашөкеев пен «Қазақстан халқына» қоғамдық қорының басқарма төрағасы Ляззат Шыңғысбаева қатысып, аудан тұрғындарын қуанышпен құттықтады, деп хабарлайды Жамбыл облысы әкімдігінің баспасөз қызметі. 

Алдымен Шу қаласындағы Қант қызылшасы мөлтек ауданында орналасқан спорт кешенінің ашылу салтанаты өтті.

Жаңа кешенде футбол, волейбол және баскетболға арналған заманауи жаттығу залдары қарастырылған.

Сонымен қатар, нысанның іске қосылуы нәтижесінде 15 жаңа тұрақты жұмыс орны ашылып, өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына оң әсерін тигізіп отыр.

Салтанатты жиында облыс әкімі жаңа спорт кешендерінің маңыздылығына тоқталып, олардың жас ұрпақтың спортқа қызығушылығын арттырып, болашақта ел намысын қорғайтын таланттардың шығуына жол ашатынына сенім білдірді.

— Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев үнемі атап өткендей, спортты дамыту, бұқаралық спортты кеңінен қолдау және ұлт саулығын нығайту – ел саясатының маңызды бағыты. Осы міндеттер өңірімізде де жүйелі түрде жүзеге асырылуда.
Бүгін ашылған жаңа спорт кешені – осы бағыттағы нақты істердің нәтижесі,-деді облыс әкімі.

Өз кезегінде «Қазақстан халқына» қоғамдық қорының басқарма төрағасы Ляззат Шыңғысбаева елімізде дәл осындай 24 спорт нысаны салынып жатқанын, соның екеуі Шу ауданында бой көтергенін атап өтті. Қазіргі таңда олардың 12-сінің құрылысы аяқталған.

— Мемлекет басшысының тапсырмасы аясында Жамбыл облысында 12,6 млрд теңгені құрайтын жобалар іске асырылып жатыр. Біз тұрғындарға жайлы өмір қалыптастыру мақсатында әлеуметтік салаға көп көңіл бөлудеміз. Бұл игі бастамалар әлі де жалғасын табады деген сенімдемін, — деді басқарма төрағасы.

Іс-шара барысында облыс әкімі Бірлік ауылында салынған екінші спорт кешенінің ашылуына да қатысты. Екі нысанның да жалпы құны 170,5 млн теңгені құрайды. Құрылыс жұмыстарын «SK Monolit Ltd» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жүргізген.

Жаңа спорт кешендері қала мен ауыл тұрғындарына қолжетімді болып, бұқаралық спортты дамытуға, жастардың бос уақытын тиімді ұйымдастыруға және өңірдегі салауатты өмір салтын нығайтуға қызмет ететін болады.

– Ауылымызда осындай спорт кешенінің салынғаны – үлкен қуаныш. Бұл – елге жасалған қамқорлық. Жастар спортпен шұғылданып, ауылымыз одан әрі көркейе береді, – деп өз қуанышын жеткізді ауыл ақсақалы Асқар Нұржанов.

Облыс әкімі және «Қазақстан халқына» қоғамдық қорының басқарма төрағасы Ляззат Шыңғысбаева ауыл тұрғындарымен бірге спорт нысанының ауласына тал егу рәсіміне қатысты.

Бүгінде облыста спортпен жүйелі айналысатындар саны 514 мыңнан асып, тұрғындардың 44,8%-ын құрап отыр. Қазіргі таңда 13 спорт нысанының құрылысы жүргізілуде, жыл соңына дейін тағы 11 нысанды пайдалануға беру жоспарланған.

Ербол Қарашөкеев Бірлік ауылындағы саябақтың жұмысымен танысып, осындай игі жобаларды басқа елді мекендерде де жүзеге асыру керектігін алға тартты.

Тегтер: бірлікоблыс әкіміспорт кешенішу ауданы
БөлісуЖолдауБөлісуTweet
Құрылтай Құрылтай Құрылтай

Ұқсас мақалалар

«Қарақыстақ» – жасыл энергетиканың алғашқы қарлығашы

Шу ауданындағы жасыл энергетика: Өңірдің қуат көздері жаңа сатыға көтерілуде

14.10.2026, 23:51
Navai лақап атымен белгілі шетелдік азамат Жамбыл облысының аумағында ұсталды

Navai лақап атымен белгілі шетелдік азамат Жамбыл облысының аумағында ұсталды

14.10.2026, 20:37
8 ЖЫЛДАН БЕРІ ТОҚТАП ТҰРҒАН ХАНТАУ ЦЕМЕНТ ЗАУЫТЫ 3,2 МЛРД ТЕҢГЕГЕ САТЫЛАДЫ

8 ЖЫЛДАН БЕРІ ТОҚТАП ТҰРҒАН ХАНТАУ ЦЕМЕНТ ЗАУЫТЫ 3,2 МЛРД ТЕҢГЕГЕ САТЫЛАДЫ

14.10.2026, 13:41
СЕРІКБОЛ БЕРІКҚОЖАНЫҢ САЯСИ ЖОЛЫ: «ӘДІЛЕТКЕ» ТӨРАҒА АТАНДЫ

СЕРІКБОЛ БЕРІКҚОЖАНЫҢ САЯСИ ЖОЛЫ: «ӘДІЛЕТКЕ» ТӨРАҒА АТАНДЫ

14.10.2026, 09:16
«Ой шебері» зияткерлік ойыны

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Шу ауданындағы жасыл энергетика: Өңірдің қуат көздері жаңа сатыға көтерілуде

14.10.2026, 23:51

Таразда тазалық талаптары қатаң бақылауда

14.10.2026, 23:41

Navai лақап атымен белгілі шетелдік азамат Жамбыл облысының аумағында ұсталды

14.10.2026, 20:37

Астанада Astana Media Week медиа апталығы басталды

14.10.2026, 14:13

8 ЖЫЛДАН БЕРІ ТОҚТАП ТҰРҒАН ХАНТАУ ЦЕМЕНТ ЗАУЫТЫ 3,2 МЛРД ТЕҢГЕГЕ САТЫЛАДЫ

14.10.2026, 13:41

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

  • СЕРІКБОЛ БЕРІКҚОЖАНЫҢ САЯСИ ЖОЛЫ: «ӘДІЛЕТКЕ» ТӨРАҒА АТАНДЫ

    СЕРІКБОЛ БЕРІКҚОЖАНЫҢ САЯСИ ЖОЛЫ: «ӘДІЛЕТКЕ» ТӨРАҒА АТАНДЫ

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ой шебері» зияткерлік ойынында оқылуға міндеттелген 5 кітап

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Кінәмді мойындамаймын»: Тараздың бұрынғы бас сәулетшілері сотта соңғы уәждерін айтты

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Тараз теміржол көлік және коммуникация колледжіне жаңа директор тағайындалды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, №16981- ИА куәлігі берілген.

Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com



  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
  • «Ой шебері» зияткерлік ойыны
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.