• Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс
  • ҚАЗ
  • РУС
05.09.2026, 03:19
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
No Result
Барлық нәтижені қарау

Шу ауданында 15 шаруашылық каналы және екі коллектор жүйесі жөнделуде

turan_admin turan_admin
10.02.2023, 08:31
Облыс жаңалықтары
Шу ауданында 15 шаруашылық каналы және екі коллектор жүйесі жөнделуде
238
қаралым
FacebookWhatsAppTelegramTwiiter

Мемлекет басшысының «Әкімдердің халықпен кездесулерін өткізу туралы» Жарлығына сәйкес Жамбыл облысының әкімі Нұржан Нұржігітов тұрғындармен кездесулері жалғасуда.

Бүгінге дейін өңірдегі барлық деңгейдегі әкімдердің 1226 кездесуі өтсе, оның 35-і облыс әкімінің қатысуымен ұйымдастырылған.

Бұл жолы аймақ басшысы Шу ауданындағы Дулат және Балуан Шолақ ауылдық округтерінің тұрғындарымен кездесіп, азаматтарды жеке мәселелелері бойынша қабылдады.

Басқосуға облыстық құқық қорғау органдарының және салалық басқармалардың басшылық өкілдері де қатысты.

Дулат ауылдық округінде өткен кездесуде алдымен округ әкімі Найман Сұлтанбаев атқарылған жұмыстар туралы есеп берді. Оның айтуынша, ауылда жалпы 139 шаруа қожалық тіркелген, оның 4-і өткен жылы мал басына 7,565 млн теңге субсидия алған. Шаруа қожалықтарында 53 техника бар.

Округте екі орта мектеп, кітапхана, ауылдық клуб, 2 фельдшерлік акушерлік пункт, пошта, учаскелік  тірек, екі мешіт тұрғындардың күнделікті қажеті үшін жұмыс істеуде.

Ұлттық жоба аясында қоғамдық жұмысқа 67 адам тартылып, 3 азамат грант алған.

Жиында өзге де бағытта атқарылып жатқан жұмыстар айтылды.

Сұрақ-жауап кезегінде ауылдықтар тарапынан газ, ауыз су тарту, ағын су, жайылым, көше жөндеу, мал ауруымен күрес, ұялы байланыстың әлсіздігі, қоқыс полигоның салу және басқа да өзекті мәселелер көтерілді.

Аймақ басшысы барлық сұрақтарға облыс деңгейінде атқарылып жатқан жұмыстарды негізге ала отырып жан-жақты жауап берді.

Айта кетейік, ағын су мәселесін шешу, тозған каналдарды жөндеу мақсатында “Иррегациялық-дренаждық жүйелерді жетілдіру” («ПУИД-2») бағдарламасы аясында округтегі барлық тоғандар жаңартылып, лотоктар қойылып жатыр. Тоғандардың жалпы ұзындығы 48,2 шақырымды құрайды.

Тұрғындар алдында есеп берген “ЗАО Туннель садд Ариана” компаниясының жоба жетекшісі Эхсан Ходам аудан бойынша аталған жоба шеңберінде 15 шаруашылық каналы және екі коллектор жүйесін жөндеу қолға алынғандығын жеткізді. Бұл жұмыстардың барлығы ағымдағы жылдың қазан айына дейін аяқталады деп күтілуде.

— Мәселелердің бәрін бірден шешу мүмкін емес. Өткен жылы облысты дамытудың кешенді жоспары әзірленіп, барлық аудан, елді мекендер қамтылды. Соның аясында елді мекендердегі негізгі әлеуметтік мәселелердің бәрі кезең-кезеңімен шешілетін болады.  Тек бұл тұрғыда тұрғындардың да өзара түсінігі, сенімі, жауапкершілігі маңызды. Жергілікті билік пен халық түсінісіп, бірлесіп еңбек етсе, көп нәтижеге жетуге болады,- деген Нұржан Нұржігітов аудан, ауыл басшылығына нақты міндеттер жүктеді.

Дәл осындай форматтағы халықпен кездесу Балуан Шолақ ауылдық округінде де ұйымдастырылды.

Кездесулерден соң облыс әкімі азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады.

Дереккөз: Жамбыл облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

БөлісуЖолдауБөлісуTweet
Құрылтай

Ұқсас мақалалар

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

04.09.2026, 21:20
Жамбыл облысында жұмыспен қамту және әлеуметтік қолдау бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда

Жамбыл облысында жұмыспен қамту және әлеуметтік қолдау бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда

03.09.2026, 10:51
Жамбыл облысында 2026 жылғы шомылу маусымы қорытындыланды

Жамбыл облысында 2026 жылғы шомылу маусымы қорытындыланды

03.09.2026, 10:49
Тамыз айының топ-мақалалары: «Turaninfo.kz» оқырмандары қандай тақырыптарға басымдық берді?

Тамыз айының топ-мақалалары: «Turaninfo.kz» оқырмандары қандай тақырыптарға басымдық берді?

02.09.2026, 19:06

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

04.09.2026, 21:20

Ұлттық өнердің зерлі өрнегі: Әбілхан Қастеев атындағы музейде Бәтима Заурбекованың мерейтойлық көрмесі өтеді

04.09.2026, 12:52

Алматы облысына жаңа әкім тағайындалды

04.09.2026, 10:09

Қазақстан мен Лаос: достық байланыстарды жаңа деңгейге көтеруге бағытталған маңызды қадам

03.09.2026, 17:34

Жаңа Үкімет, ескі құрам: министрлер кабинетінде кім кетті, кім орнында қалды?

03.09.2026, 14:38

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

  • Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ауыл» партиясы Құрылтайға өтетін депутаттар тізімін бекітті

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ақ жол» Демократиялық партиясы Құрылтайдағы депутаттық мандаттарды бөлді

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Вице — Президент Ерлан Қарин немен айналысады?

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, №16981- ИА куәлігі берілген.

Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com



  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.