• Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс
  • ҚАЗ
  • РУС
05.09.2026, 01:38
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
No Result
Барлық нәтижені қарау

Шетелдіктерді «крышавать» еткен полицей сотталды

turan_admin turan_admin
14.05.2026, 19:24
Абырой, Облыс жаңалықтары
Шетелдіктерді «крышавать» еткен полицей сотталды
166
қаралым
FacebookWhatsAppTelegramTwiiter

Жамбыл облысында көші-қон заңнамасын тексеру кезінде шетелдік жұмысшыларға қатысты істен кейін Сарысу аудандық полиция бөлімінің бастығының орынбасары сотталды. Сот үкімімен полиция подполковнигі Қанат Нарбеков алаяқтық жасауға оқталу және пара беруге арандату факілері бойынша кінәлі деп танылды.

Тергеу материалдарына сәйкес, Қанат Нарбеков 2025 жылдың қаңтарында Сарысу аудандық полиция бөлімі бастығының орынбасары қызметіне тағайындалған. Оның қызметтік міндетіне қоғамдық қауіпсіздік, көші-қон саласын бақылау, шетелдік жұмыс күшіне мониторинг жүргізу және әкімшілік өндірістерді қадағалау кірген.

2025 жылғы 14 мамырда Жамбыл облыстық полиция департаментінің көші-қон қызметі басқармасы Сарысу ауданында «Мигрант» профилактикалық іс-шарасын өткізген. Тексеру барысында China National Chemical Engineering Co., Ltd. компаниясында жұмыс істейтін Қытай Халық Республикасының 33 азаматы полиция бөліміне жеткізілген.

Құжаттарды тексеру кезінде 21 Қытай азаматының еңбек визасы жоқ екені анықталған. Осыдан кейін, тергеу нұсқасы бойынша, Қанат Нарбеков компания өкілдеріне тексерісті «тоқтатуға көмектесетінін» айтып, 2 миллион теңге талап еткен.

Компания өкілдері бұл туралы басшылыққа хабарлап, кейін жағдайға Ұлттық қауіпсіздік комитеті араласқан. 15 мамыр күні ҰҚК бақылауымен өткен кездесуде Нарбеков тексерушілерге «сыйақы беру қажеттігін» айтып, делдал арқылы ақша сұрауын жалғастырған.

2025 жылғы 16 мамырда түнгі уақытта Жаңатас қаласындағы Maki Maki дәмханасында 1,5 млн теңгені қолма-қол алған сәтінде ҰҚК қызметкерлері оны ұстаған. Жеке тінту барысында аталған ақша тәркіленген.

Сот шешімімен Қанат Нарбеков Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің алаяқтық және пара беруге арандату баптары бойынша кінәлі деп танылып, мемлекеттік қызметте лауазым атқару құқығынан өмір бойына айырылды. Сонымен қатар, оған 3 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Сот үкіміне сәйкес, ол жазасын орташа қауіпсіздік мекемесінде өтейді. Сондай-ақ сотталған азамат «полиция подполковнигі» арнаулы шенінен айырылды.

Тегтер: взяткаПАРА АЛУсарысу
БөлісуЖолдауБөлісуTweet
Құрылтай

Ұқсас мақалалар

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

04.09.2026, 21:20
Жамбыл облысында жұмыспен қамту және әлеуметтік қолдау бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда

Жамбыл облысында жұмыспен қамту және әлеуметтік қолдау бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда

03.09.2026, 10:51
Жамбыл облысында 2026 жылғы шомылу маусымы қорытындыланды

Жамбыл облысында 2026 жылғы шомылу маусымы қорытындыланды

03.09.2026, 10:49
Тамыз айының топ-мақалалары: «Turaninfo.kz» оқырмандары қандай тақырыптарға басымдық берді?

Тамыз айының топ-мақалалары: «Turaninfo.kz» оқырмандары қандай тақырыптарға басымдық берді?

02.09.2026, 19:06

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

04.09.2026, 21:20

Ұлттық өнердің зерлі өрнегі: Әбілхан Қастеев атындағы музейде Бәтима Заурбекованың мерейтойлық көрмесі өтеді

04.09.2026, 12:52

Алматы облысына жаңа әкім тағайындалды

04.09.2026, 10:09

Қазақстан мен Лаос: достық байланыстарды жаңа деңгейге көтеруге бағытталған маңызды қадам

03.09.2026, 17:34

Жаңа Үкімет, ескі құрам: министрлер кабинетінде кім кетті, кім орнында қалды?

03.09.2026, 14:38

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

  • Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ауыл» партиясы Құрылтайға өтетін депутаттар тізімін бекітті

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ақ жол» Демократиялық партиясы Құрылтайдағы депутаттық мандаттарды бөлді

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Вице — Президент Ерлан Қарин немен айналысады?

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, №16981- ИА куәлігі берілген.

Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com



  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.