• Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс
  • «Ой шебері» зияткерлік ойыны
  • ҚАЗ
  • РУС
16.10.2026, 07:35
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
No Result
Барлық нәтижені қарау

ШЕРХАН МҰРТАЗА АТЫНДАҒЫ «Руханият және тарихтану» орталығы ашылды

turan_admin turan_admin
25.12.2019, 18:46
Облыс жаңалықтары
ШЕРХАН МҰРТАЗА АТЫНДАҒЫ «Руханият және тарихтану» орталығы ашылды
2.2k
қаралым
FacebookWhatsAppTelegramTwiiter

Жамбыл облысының 80 жылдық мерейтойына орай ашылған «Көне-Тараз» тарихи-этномәдени кешенінде ел игілігіне берілген нысандардың бірі –  «Руханият және тарихтану» орталығы.

  Халық жазушысы Шерхан Мұртаза атындағы аталған орталықта бүгінде өңірге қатысты рухани құндылықтар, тарихи танымдар, салт-дәстүр, жоралғыларымыздың бәрі көрініс табуда. Алдағы уақытта онда жергілікті айтыскерлер мен жазба ақындарды, қаламгерлерді  қолдау іс-шараларын тұрақты түрде ұйымдастырып  отыру жолға қойылмақ. Аты айтып тұрғандай,  орталықта өңірдің руханияты мен тарихын танытуға, насихаттауға қатысты жүйелі  жұмыстар қолға алынып, түрлі тақырыптағы құндылықтар көрсетіледі деп көзделуде.

Руханият және тарихтану орталығы — тарихымызды тереңнен танып білуге, өнеріміз бен мәдениетімізді, әдебиетіміз бен салт-дәстүрімізді жаңғыртар, рухымыздың өзегі болар бірден — бір мекеме.

Орталыққа Шерхан Мұртазаның атын беру ұсынылып, Республикалық ономастикалық комиссиядан қолдау тапты. Қазір Үкімет қаулысының жобасы дайындалуда. Сондықтан да шығыстық сәулет үлгісінде салынған ғимараттың кіреберісінде  тау тұлғаның горельеф мүсіні орнатылды.

     Екі қабаттан тұратын ғимараттың бірінші қабатында үлкен және кіші мәжіліс залдары бар. Мұнда зиялы қауым өкілдері мен бұқаралық ақпарат құралдары, қоғам белсенділері, облыс тұрғындары мен қонақтары рухани шараларды өткізіп, бас қосатын болады. Сондай-ақ бірінші қабатта амфитеатрда өз өнерін халық назарына ұсынатын өнерпаздардың грим бөлмелері де бар.

Орталықтың екінші қабатында үлкен холда Шерхан Мұртазаның әдебиеті мен журналистикасына арналған қос қанат бейнесіндегі қолжазбалары мен суреттерінен тұратын композиция жасалған.  Композицияның астында Шераға отырған екі кресло мен журнал столы қойылды.

Холдың екі жақ қабырғаларындағы көрме сөрелерінде жазушының көзі тірісінде облыстық кітапханаға сыйға берген заттары ел назарына ұсынылып отыр. Онда Шер-аға пайдаланған қолмен жазу машинкасы, сувенирлік қаламы, иіссу құтысы, кілемшесі, шапаны, мантиясы, портфелі, тіпті жеке “Киев” фотоаппараты, Шерағаның марапаттары, куәліктері және өзге де жеке басына қатысты құжаттары қойылды.

Орталық екі бөлімнен тұрады. Олар: Тарихтану және Шерхантану.

Тарихтану бөлімі  негізінен Жамбыл облысы өңіріндегі ежелгі дәуірден қазіргі күнге дейінгі өткен тарихымызды зерттеп, зерделеп, архив құжаттары және тарихи жазба дерек көздері арқылы нақты фактілерді жинақтайды. Шерхантану бөлімі – келешекте ұлттық рухты көтерер мәдени мұраны, әдебиетті, тарихты,  этнографияны, аңыз-әңгімелерді, жыр-дастандарды және ақын-жыраулардың еңбектерін жүйелі түрде зерделеп, ақын, жазушы, айтыскер, сазгер, тарихшы және өлкетанушылардың еңбектерінен алтын қор қалыптастыруды қолға алады. Бұл бөлімде салт-дәстүр, халық ауыз әдебиеті және әдеби шығармалар, дәстүрлі музыка, шерхантану шығармашылық зерттеу бөлмелері біріктірілген. Онда Ш.Мұртазаның мұралары туралы ақпараттар топтастырылып, брошюра дайындауда жоспарда бар.

Мекеме қызметкерлері жергілікті ақын, жазушы, композитор, суретшілер туралы анықтамалық  мәліметтер дайындап, жұмыс барысында пайдалануға ұсынып отырады.  Жыл бойы атқаратын іс-шараларға әдістемелік құралдар, баспа өнімдерін дайындап, бейнероликтер әзірлеу де негізгі бағыттардың біріне айналмақ.

Құрылысты бас мердігер «КДСМ» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жүргізген.   Құрылыстың жалпы алаңы 2335,14 шаршы метрді құрайды.

Жамбыл облысы әкімінің баспасөз қызметі

Тегтер: РуханиятТаразтарихШерхан Мұртаза
БөлісуЖолдауБөлісуTweet
Құрылтай Құрылтай Құрылтай

Ұқсас мақалалар

«Қарақыстақ» – жасыл энергетиканың алғашқы қарлығашы

Шу ауданындағы жасыл энергетика: Өңірдің қуат көздері жаңа сатыға көтерілуде

14.10.2026, 23:51
Navai лақап атымен белгілі шетелдік азамат Жамбыл облысының аумағында ұсталды

Navai лақап атымен белгілі шетелдік азамат Жамбыл облысының аумағында ұсталды

14.10.2026, 20:37
8 ЖЫЛДАН БЕРІ ТОҚТАП ТҰРҒАН ХАНТАУ ЦЕМЕНТ ЗАУЫТЫ 3,2 МЛРД ТЕҢГЕГЕ САТЫЛАДЫ

8 ЖЫЛДАН БЕРІ ТОҚТАП ТҰРҒАН ХАНТАУ ЦЕМЕНТ ЗАУЫТЫ 3,2 МЛРД ТЕҢГЕГЕ САТЫЛАДЫ

14.10.2026, 13:41
СЕРІКБОЛ БЕРІКҚОЖАНЫҢ САЯСИ ЖОЛЫ: «ӘДІЛЕТКЕ» ТӨРАҒА АТАНДЫ

СЕРІКБОЛ БЕРІКҚОЖАНЫҢ САЯСИ ЖОЛЫ: «ӘДІЛЕТКЕ» ТӨРАҒА АТАНДЫ

14.10.2026, 09:16
«Ой шебері» зияткерлік ойыны

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

«Берекелі отбасы – берік қоғам» іс-шарасы өтті

15.10.2026, 19:45

Шу ауданындағы жасыл энергетика: Өңірдің қуат көздері жаңа сатыға көтерілуде

14.10.2026, 23:51

Таразда тазалық талаптары қатаң бақылауда

14.10.2026, 23:41

Navai лақап атымен белгілі шетелдік азамат Жамбыл облысының аумағында ұсталды

14.10.2026, 20:37

Астанада Astana Media Week медиа апталығы басталды

14.10.2026, 14:13

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

  • СЕРІКБОЛ БЕРІКҚОЖАНЫҢ САЯСИ ЖОЛЫ: «ӘДІЛЕТКЕ» ТӨРАҒА АТАНДЫ

    СЕРІКБОЛ БЕРІКҚОЖАНЫҢ САЯСИ ЖОЛЫ: «ӘДІЛЕТКЕ» ТӨРАҒА АТАНДЫ

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ой шебері» зияткерлік ойынында оқылуға міндеттелген 5 кітап

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Кінәмді мойындамаймын»: Тараздың бұрынғы бас сәулетшілері сотта соңғы уәждерін айтты

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Тараз теміржол көлік және коммуникация колледжіне жаңа директор тағайындалды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, №16981- ИА куәлігі берілген.

Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com



  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
  • «Ой шебері» зияткерлік ойыны
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.