Осы ретте аймақ басшысы Меркі ауданындағы Найзабековтар отбасына арнайы ат басын бұрып, үш бірдей қыздың әкесі атанған мемлекеттік қызметкер Нұрбол Найзабеков пен жары, №17 И.Трубицын атындағы жалпы білім беретін мектеп-гимназиясында ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Гүлжан Әбдібаеваны құттықтап, Алғыс хат және сый-сияпатын табыс етті.
Ербол Шырақпайұлы былтыр өңірде 25 мың, биыл 16,5 мың нәресте дүниеге келсе, солардың 191-і егіз, үш отбасында ғана үшем өмірге келгенін айта келе, алдында егіз ұлдың, енді Аяна, Айша, Айла есімді үшемнің ата-анасы атанған Найзабековтер жанұясына ізгі тілегін айтты.
Ұлағатқа ұйыған осындай отбасылар – жаңадан шаңырақ көтерген жас отау иелеріне үлгі екенін тілге тиек еткен Ербол Қарашөкеев, жас отбасылар және ана мен балаға мемлекет тарапынан әрдайым қамқорлық пен қолдау болатынын жеткізді.
Үшемнің ел үшін қызмет ететін азаматша болып өсуіне тілеулестік білдіріп, Найзабековтер шаңырағына шаттық тіледі.
Жамбыл облысы әкімінің баспасөз қызметі