Жасыратыны жоқ, біздің қоғамда азаматтардың құқықтық, қаржылық сауаттылығы әлі де төмен. Соның салдарынан, олар сотта немесе басқа да мемлекеттік органдарда өз мүдделерін қорғай алмай жатады. Шалғайдағы ауыл тұрғындарының бәрі бірдей мұндай кәсіби көмекке қол жеткізе алмай отырғандықтан, «Жаңа-Ру» жастар коалициясының қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігі «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы гранты аясында ауыл-ауылды аралап, халыққа арнайы құқықтық көмек көрсетті. Әділдік пен заңның үстемдік құруы осындай нақты істерден басталады деп ойлаймыз.
«Көшпелі заң көмегі керуені» құқықтық кеңес беру кездесулері Жамбыл облысы, Ақмола облысы, Ақтөбе облысы және Абай облыстарының ауылдарын қамтыды.