Желідегі мәліметке сүйенсек, бұл оқиға қалада сауда орталығының бірінде болған, департамент қызметкерлері жігітті жұмыс уақытында, әріптестері мен куәгерлердің көз алдында алып кеткен. Кейбіреулер бұл жайтты видеоға түсіріп алған
Әлеуметтік желі қолданушылары бұл көрініске наразылық білдірген: «Мынау не сұмдық?!», «Бұлай алып кетуге қандай құқығы бар?», «Бәрі жақсы болсын деп тілейік».
Қорғаныс министрлігінің пікірі
Астана қаласы бойынша Қорғаныс істері жөніндегі департамент желідегі видеоға пікір білдірді.
«4 желтоқсанда жедел профилактикалық іс-шаралар шеңберінде Астана қаласы Қорғаныс істері департаментінің қызметкерлері полиция қызметкерлерімен бірлесіп, азамат Ә.-ні тоқтатты. Ол 2002 жылы туған, дерекқорда әскерге шақыру жасындағы тұлға ретінде тұр. Тексеріс барысында азамат бұған дейін әскери қызметке жарамдылығын анықтау үшін міндетті медициналық куәландырудан өтпегені анықталды. Оған қалалық бөлімшеге бару ұсынылды, бірақ ол бас тартты. Қолданыстағы заңнамаға сәйкес азамат медициналық комиссиядан өту үшін жеткізілді. Алғашқы медициналық тексеріс нәтижелері бойынша ол тұрақты тіркелген жері бойынша қосымша тексеріске жіберілді. Оған тиісті жолдама берілді, содан кейін ол үйге жіберілді. Азамат тарапынан заңсыз әрекеттер туралы шағым, арыз түскен жоқ», — деп жазылған Massaget.kz-ке жауапта.







