2017 жылдың 17 сәуірінде сағат 09:02-де Жамбыл облысы ІІД Жедел басқару орталығының «102» тетігіне Тараз қаласының Сауда орталығы маңында орналасқан орындықтардың бірінде иесіз «оқушы сөмкесі» тұрғандығы туралы хабарлама түсті.
Түскен ақпаратты тексеру және күдікті зат табылған орынды қарау мақсатында Жамбыл облысы ІІД-нің Жедел қимылдайтын арнайы жасағының тобы оқиға орнына жетті.
Тексеру нәтижесі көрсеткендей, оқушы сөмкесінде ешбір қауіпті зат болмағаны анықталды.
Күдікті зат табылған жерде атыс оқиғасы орын алды деген қауесет негізсіз.
Жамбыл облысы ІІД Баспасөз қызметі