Жамбыл облысы, Сарысу ауданы
2026 жылғы 17 қазанда Сарысу ауданындағы этнос өкілдеріне арналған Түркістан қаласына танымдық-мәдени экскурсия ұйымдастырылды.
Іс-шара Сарысу ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің тапсырмасы бойынша, «Жамбыл облысы жастар ұйымдарының Қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігінің ұйымдастыруымен өткізілді.
Экскурсияның негізгі мақсаты – аудан тұрғындарының тарихи-мәдени мұраға деген қызығушылығын арттыру, этносаралық татулық пен қоғамдық келісімді нығайту, еліміздің бай тарихы мен рухани құндылықтарын кеңінен насихаттау.
Сапар барысында қатысушылар Түркістан қаласының тарихи орындарымен танысып, қазақ халқының рухани орталығы саналатын қасиетті мекеннің тарихы мен мәдениеті туралы мағлұмат алды. Гидтің сүйемелдеуімен өткен экскурсия қатысушыларға тағылымды әсер сыйлап, тарихи танымдарын кеңейтуге мүмкіндік берді.
Мұндай мәдени-танымдық іс-шаралар Қазақстандағы этносаралық достықты нығайтуға, түрлі этнос өкілдерінің өзара түсіністігі мен ынтымақтастығын дамытуға ықпал етеді.
Экскурсия қатысушылары ұйымдастырушыларға алғыстарын білдіріп, сапардың мазмұнды әрі әсерлі өткенін атап өтті.
Іс-шараның маңызы: этносаралық келісімді нығайту, ортақ тарихи-мәдени құндылықтарды дәріптеу және қоғамдағы бірлік пен татулықты насихаттау.







