• Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс
  • ҚАЗ
  • РУС
05.09.2026, 04:44
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
No Result
Барлық нәтижені қарау

Сапаров Жамбыл облысы ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілермен кездесті

Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров Жамбыл облысының тұрғындарымен және ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерімен кездесті.

Turan Redaktor Turan Redaktor
25.09.2025, 22:20
Жаңалықтар
Сапаров Жамбыл облысы ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілермен кездесті
42
қаралым
FacebookWhatsAppTelegramTwiiter

Кездесу барысында өңірдің агроөнеркәсіптік кешенін дамыту және саланы өркендетуге арналған мемлекеттік қолдау шаралары әңгіме өзегіне айналды.

Өткен жылдың қорытындысы бойынша облыстың жалпы өңірлік өніміндегі ауыл шаруашылығының үлесі 9 пайызды құрады. Дегенмен, өңірдің әлеуеті бұл көрсеткішті айтарлықтай арттыруға мүмкіндік береді.

«Мемлекет басшысы агроөнеркәсіптік кешен бағытында ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемін екі есеге арттыру міндетін қойды. Бұл тапсырманы орындау үшін заманауи агротехнологияларды кеңінен енгізу қажет. Атап айтқанда, тыңайтқыш қолдану, сапалы тұқым пайдалану, ауыл шаруашылығы техникасын жаңарту, сондай-ақ асыл тұқымды мал шаруашылығын қоса алғанда, мал шаруашылығын қарқынды дамыту қажет»,  — деді министр.

Соңғы он жылда көктемгі дала жұмыстары мен егін жинауға бөлінген қаржы 70 млрдтан 700 млрд теңгеге дейін, яғни он есеге артты. Биылғы жылы еліміз бойынша шамамен 8 мың ауыл шаруашылығы тауарын өндірушіге 502 млрд теңге қаржы бөлінді, тек Жамбыл облысында осы саланың 211 өкілі  5 млрд теңге көлемінде қолдауға ие болды.

Қаржыландыру Аграрлық несие корпорациясы», екінші деңгейлі банктер, өңірлік инвестициялық орталықтар, несие серіктестіктері, әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялар, микроқаржы ұйымдарын қосқанда алты бағыттан жүзеге асырылады.

Кепілзаты жеткіліксіз шаруалар үшін «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры арқылы қарыз сомасының 85 пайызына дейін кепілдік беру тетігі қолданылуда.

Биыл жеңілдетілген лизинг бағдарламасына 250 млрд теңге бөлінді (жылдық 5%), бұл 7 мың бірлік ауыл шаруашылығы техникасын сатып алуға мүмкіндік береді. Жамбыл облысында 285 бірлік техника алуға қаржы бөлінді.

Ағымдағы жылы еліміздегі жалпы егіс алқабы 23,6 млн гектарды құрап, өткен жылмен салыстырғанда 322,8 мың гектарға артты. Жамбыл облысында 640 мың гектар жерге егін егілді.

Бүгінгі таңда Қазақстанда 10,5 млн гектар дәнді дақыл орылып, орташа өнімділік гектарына 15,2 ц. құрап, 5,9 млн тонна астық бастырылды. Ал Жамбыл облысында 330,1 мың тонна астық жиналды.

Жинау науқанына 139 мыңнан астам трактор, 31 мың комбайн және 130 мыңнан астам өзге де ауыл шаруашылығы техникасы жұмылдырылды. 422 мың тонна жеңілдетілген дизель отыны литріне 254 теңгеден бөлінді.

Тамыз айының алғашқы күніне бастап, көктемгі дала жұмыстарына жеңілдетілген несиелеу бағдарламасының оң тәжірибесін негізге ала отырып, айналым қаражатының тапшылығын шешу үшін мал шаруашылығына 50 млрд теңге көлемінде жылдық 5%-дан аспайтын мөлшерлемемен жеңілдетілген несие беру іске қосылды.

Мемлекет басшысының Жолдауда берген тапсырмаларын орындау мақсатында мал шаруашылығын дамытудың нақты, қаржылық тұрғыда қамтамасыз етілген шаралары бар жеке кешенді жоспар әзірленуде.

Онда асыл тұқымды мал сатып алуға несиелер, «Даму» қоры арқылы қарыздарға кепілдік беру, жас фермерлерге жер алу рәсімдерін жеңілдету, сала қызметкерлеріне әлеуметтік жеңілдіктер сияқты жаңа қолдау түрлері көзделетін болады,-деп атап өтті Министр.

Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялар арқылы ірі инвестициялық жобаларды қаржыландыру бағдарламасы жалғасын табатын болады. Бұл бағдарлама басталғалы еліміз көлемінде жалпы қуаттылығы жылына 316 мың тонна болатын 50 сүт-тауарлы ферма іске қосылды.

Айдарбек Сапаров қабылданып жатқан мемлекеттік шаралар Жамбыл облысының ғана емес, республиканың аграрлық секторын тұрақты әрі бәсекеге қабілетті етуге мүмкіндік беретінін айтты.

Кездесу барысында қатысушылар қайта өңдеу кәсіпорындарын жеңілдетілген несиелеу, жеңілдетілген лизинг, тұқым шаруашылықтарын дамыту және басқа да өзекті мәселелерді талқылады.

Одан кейін министр азаматтарды жеке қабылдап, әрі қарай  «Талап» шаруа қожалығындағы егін жинау жұмыстарының барысымен танысты.

АШМ

Тегтер: Айдарбек Сапаровауыл шаруашылығыАШМЖамбыл облысы
БөлісуЖолдауБөлісуTweet
Құрылтай

Ұқсас мақалалар

Тоқаев ШЫҰ туралы: Ең бастысы – «Шанхай рухын» сақтап қалдық

Тоқаев ШЫҰ туралы: Ең бастысы – «Шанхай рухын» сақтап қалдық

02.09.2026, 13:00
Тек ресми мәліметтерге сеніңіз: JAQ.OrtCom фейктердің таралуы туралы ескертеді.

Тек ресми мәліметтерге сеніңіз: JAQ.OrtCom фейктердің таралуы туралы ескертеді.

19.08.2026, 15:16
«Сізге банктен қоңырау шалып жатыр»: телефон алаяқтарын қалай тануға болады

«Сізге банктен қоңырау шалып жатыр»: телефон алаяқтарын қалай тануға болады

18.08.2026, 11:41
Қазақстан прокурорлары әлемдік ЖИ сарапшысы Кай-Фу Лиге өздері жасаған сандық жобаларды ұсынды

Қазақстан прокурорлары әлемдік ЖИ сарапшысы Кай-Фу Лиге өздері жасаған сандық жобаларды ұсынды

05.08.2026, 16:32

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

04.09.2026, 21:20

Ұлттық өнердің зерлі өрнегі: Әбілхан Қастеев атындағы музейде Бәтима Заурбекованың мерейтойлық көрмесі өтеді

04.09.2026, 12:52

Алматы облысына жаңа әкім тағайындалды

04.09.2026, 10:09

Қазақстан мен Лаос: достық байланыстарды жаңа деңгейге көтеруге бағытталған маңызды қадам

03.09.2026, 17:34

Жаңа Үкімет, ескі құрам: министрлер кабинетінде кім кетті, кім орнында қалды?

03.09.2026, 14:38

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

  • Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ауыл» партиясы Құрылтайға өтетін депутаттар тізімін бекітті

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ақ жол» Демократиялық партиясы Құрылтайдағы депутаттық мандаттарды бөлді

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Вице — Президент Ерлан Қарин немен айналысады?

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, №16981- ИА куәлігі берілген.

Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com



  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.