• БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Қазақша
Русский
Кері байланыс
TURANINFO.KZ
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
TURANINFO.KZ
No Result
View All Result
Басты бет Облыс жаңалықтары

Сапарбаев Жамбыл ауданы әкімінің есеп беру жиынына қатысты

11.02.2021
0
Сапарбаев Жамбыл ауданы әкімінің есеп беру жиынына қатысты
562
ҚАРАЛЫМ
FacebookTwitter

Жамбыл ауданында ауыз сумен қамтамасыз ету мәселесі оң шешіліп, әлеуметтік маңызы бар нысандар салынып, жолдар жөнделуде. Аудан әкімі Сәкен Арубаев халықпен қорытынды есеп беру кездесуі барысында жүзеге асырылған жобалар мен 2021 жылға жоспарланған міндеттер туралы баяндады.

 Аса ауылындағы Өнер мектебінде өткен кездесуге облыс әкімі Бердібек Сапарбаев арнайы қатысты.

Айта кету керек, Жамбыл ауданы халық тығыз қоныстанған аудандардың бірі болып саналады десек, соған орай мұнда шешімін күткен мәселелер де аз емес.

Сәкен Арубаевтың айтуынша, коронавирустық пандемияға байланысты шектеулердің салдарынан өнеркәсіптік өндіріс көлемі 18,4 миллиард теңгені құраған. Бұл 2019 жылмен салыстырғанда 0,5 пайызға ғана  артық. Ал, аудан бюджетіне түскен түсімдер 28,9 миллиард теңгеге айналған.

«Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасын іске асырудың арқасында ауыл шаруашылығы саласында оң динамика байқалады. Бағдарлама шеңберінде 1,8 миллиард теңгеге 23 жоба іске асырылып, 43,8 миллиард теңгенің ауыл шаруашылығы өнімі өндірілген.

Осы жылға арналған басым бағыттардың бірі – мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыру болып табылады. Аудан алдында қолжетімді тұрғын үй, балабақшалар мен мектептер салу және инфрақұрылымды дамыту жобаларын орындау бойынша міндеттер тұр. Сонымен қатар, аудан әкімі тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту, қауіпсіздікті қамтамасыз ету және тағы басқа жоспарларға назар аудартты.

Кездесуде Сәкен Арубаев ауыл тұрғындарын толғандырған сұрақтарға да жауап берді. Жасөркен ауылының тұрғыны Наурыз Талғатов суармалы судың тапшылығына байланысты шаруалардың егіс алқаптарын кеңейте алмай отырғандығын айтып шағымданды. Оларға жерлерін суару үшін көп шығындануға тура келеді екен.

Аудан әкімінің айтуынша, ағымдағы жылы барлық каналдардың жай-күйіне толық талдаулар жүргізіледі. Қайта жаңартуды талап ететін нысандар бойынша жобалық-сметалық құжаттама жасалынып, қаржыландыру көзі қарастырылмақ.

Наргиза Құлбаева жеке тұрғын үй құрылысына жер телімін беру мәселесін қозғады. Сәкен Арубаев құрылыс жобалары әзірленіп, инженерлік желілер жүргізіліп жатқандықтан, кезектің баяу жылжып отырғандығын түсіндірді. Инфрақұрылым тартылып біткеннен кейін ғана жер телімдері берілетін болады.

— Бұл мәселе шешілуде. Жыл соңына дейін біз Жасөркен ауылының тұрғындарына 202 жер телімін беруді жоспарлап отырмыз, — деп уәде берді аудан әкімі.

Бүгінде аудан бойынша жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер телімі кезегінде 11 мың адам тұр. Жыл соңына дейін 1882 отбасы жер телімдеріне ие болады. Жеті елді мекеннің тұрғын алқаптарын коммуникациялармен қамту үшін 2,2 миллиард теңге бөлу көзделуде.

Облыс әкімі Бердібек Сапарбаев қанша баспанаға мұқтаж адамның кезекте тұрғанын сұрады.

— Тұрғын үй кезегінде 1019 тұрғын тұр. Өткен жылы «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы аясында бес қабатты 76 пәтерлі тұрғын үй салынды. Осы жылдың соңына дейін жалпы 2,5 миллиард теңгеге бой көтеріп жатқан төрт тұрғын үй пайдалануға беріледі, — деп жауап берді С.Арубаев.

        Сондай-ақ, кездесуде Айша бибі ауылының тұрғындары жергілікті мектепке күрделі жөндеу жүргізуді сұрады. Тұрғындар атынан сөз алған Асхат Әбдіхалықов біраз жыл бұрын салынған оқу орнының мәселесі мұғалімдер мен билік өкілдерімен бірнеше рет талқыланғанын, бірақ әлі де нәтиже жоқ екенін тілге тиек етті. Мектеп ашылғалы бері бірде-бір рет күрделі жөндеуден өтпеген.

Ал, Шоқай ауылының тұрғындарын 1969 жылы салынған жалғыз орта мектептегі үш ауысымды оқыту мәселесі алаңдатады.

Аудан әкімі мәселенің шын мәнінде өзектілігін жоққа шығармай, оны көп ұзамай шешу бойынша жұмыстар жүргізілетініне сендірді. Қазіргі таңда Шоқай ауылында 150 орындық мектеп құрылысы бойынша жобалық-сметалық құжаттама дайындалуда. Алдын ала есептеулер бойынша, оның құрылысына 850 миллион теңге қажет. Айша бибі ауылының мектебінде де жөндеу жұмыстары жүргізілетін болды.

Аудан әкімі өткен жылы бес ауыл тұрғындары ауыз сумен қамтылғанын жеткізді. 42 елді мекеннің 13-і әзірге орталықтандырылған суға қосылмаған. Егер 2019 жылы ауыз сумен қамтамасыз ету деңгейі 45,2 пайызды құраса, 2020 жылы ол 69 пайызға жеткен. Бұл көрсеткіш 71,4 пайызға дейін артады деп күтілуде. Ауыз су тарту бойынша келесі кезекте Бесағаш, Түрксіб, Бектөбе, Қызылшарық, Қаракемер ауылдары тұр.

Ағымдағы жылы сегіз елді мекендегі 12 көше жарықтандырылып, электр қуатын арттыру үшін үш көшеде трансформатор ауыстырылады.

Өткен жылы 12 ауыл арасындағы 28 ауыларалық жол жөнделген. «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы бойынша 61 көше мен аудандық маңызы бар бір жол жөнделді. «Ауыл ел бесігі» жобасы аясында бес ауылдың сегіз көшесі ретке келтірілді. Биыл да аудан басшылығы жеті елді мекендегі сегіз көшені орташа жөндеуден өткізуді жоспарлап отыр.

Шалғай ауылдық округтердің тұрғындары интернет мәселесін күн сайын бастан кешіп келеді десек, ата-аналар балаларды онлайн режимде оқытудың сапасына алаңдаулы.

Бұл орайда Сәкен Арубаев «Транстелеком» компаниясымен келіссөздер жүргізіліп жатқанын айтты. Көп ұзамай ауданның ең шалғай Тоғызтарау, Ерназар, Өрнек ауылдарының тұрғындарын кең жолақты интернетпен қамтамасыз ету жұмыстары аяқталмақ. Қазіргі кезде Қарасу және Қапал ауылдарын желіге қосу бойынша өтінімдер әзірленуде.

Қарасу ауылдық округінің тұрғындары Шайдана ауылына көгілдір отын тартуды сұрады. Аталған ауылдықтар әлі күнге дейін үйлерін көмірмен жылытуда.

—Көрші ауылдардың газға қосылғанына талай уақыт өтсе де, біз әлі де тек күтумен жүрміз, — дейді Еркебұлан Құрманбеков.

 Ауданның газбен қамтамасыз етілу көрсеткіші 61,9 пайызды құрайды. Бес елді мекенде газ құбырын тарту жұмыстары аяқталған. Жақын арада осындай жұмыстар 13 ауылда жүргізіле бастамақ.

Өткен жылы «Ауыл – ел бесігі» жобасы бойынша Аса ауылында спорт кешені пайдалануға берілген. Ауданда 41 шағын футбол алаңы, 21 балалар ойын алаңы, 16 стрит воркаут алаңшасы бар. Биыл Айша бибі, Гродиково, Пригородное, Жалпақ төбе, Шайқорық, Қаракемер ауылдарында жаңа спорт нысандары бой көтереді.

— Инвестиция тарту бойынша жұмысты күшейту керек, мониторинг жүргізу және ауыл шаруашылығы тауар өндірушілердің жұмысына кедергі келтіретін мәселелерді зерделеу қажет. Кездесу барысында жер беру мәселесі бірнеше рет көтерілді, сондықтан барлық шаруа қожалықтарымен түсіндіру жұмыстарын жүргізу аса маңызды. Өңірде 18 мыңнан астам шаруа қожалығы бар. Олардың көпшілігі өз жерлерін тиімді пайдалана алмай отыр. Сонымен қатар, шаруалар кәсіпкерлікті дамытуға арналған мемлекеттік гранттар мен басқа да қолдау шараларына қол жеткізуі тиіс, — деді Бердібек Сапарбаев.

Облыс әкімі грант алушылар саны бойынша Жамбыл облысы өткен жылдың қорытындысымен алдынғы орынға ие болғанын тілге тиек етті. Жамбылдықтар жалпы көлемі бес миллиард теңгені құрайтын гранттарға ие болған.

Сонымен қатар, ауылдық округтердің әкімдеріне ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеуді дамыту бойынша  жүйелі жұмыс жүргізуді тапсырды. Оларға аудан әкімімен бірлесіп қайта өңдеу кәсіпорындарына мониторинг жүргізу және ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілердің мәселелерін шешу жайы жүктелді.

— Ауданда барлық салаларда оң нәтижелерге қол жеткізілген. Дегенмен, бүгін ауыл тұрғындары бірқатар өзекті мәселелерді көтерді, олардың әрқайсысынан біз хабардармыз. Жоспарға сәйкес ол мәселелердің барлығы 2025 жылдың соңына дейін шешілетін болады. Әлеуметтік мәселелерді шешу үшін демеушілерді – ауданның белді түлектерін тартыңыздар. Айталық, өткен жылы меценаттардың көмегімен жалпы сомасы 412 миллион теңгеге ондаған әлеуметтік жобаны жүзеге асқан болатын, — деді Бердібек Сапарбаев.

  • Маңызды
  • Пікірлер
  • Соңғы
Туған жер – алтын бесігім

Туған жер – алтын бесігім

14.08.2017
Ораза-2024 кестесі. Ауызашар, ауыз бекіту уақыты

Ораза-2024 кестесі. Ауызашар, ауыз бекіту уақыты

11.03.2024
Үйдегі бәле-жаладан мына дұғалар қорғайды

Үйдегі бәле-жаладан мына дұғалар қорғайды

05.12.2017
Таразда денсаулық сақтау саласы қызметкерлері арасында  Ұлт жоспарының жүзеге асырылу барысы талқыланды

Таразда денсаулық сақтау саласы қызметкерлері арасында Ұлт жоспарының жүзеге асырылу барысы талқыланды

14.08.2017
СІЗДІҢ ПІКІРІҢІЗШЕ КЕРІ БАЙЛАНЫС ОРНАТА АЛҒАН ҚАЙ МЕКЕМЕЛЕР?

СІЗДІҢ ПІКІРІҢІЗШЕ КЕРІ БАЙЛАНЫС ОРНАТА АЛҒАН ҚАЙ МЕКЕМЕЛЕР?

26.03.2020
Жамбыл облысында төрт блок-бекеті орнатылды

ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНДА КОРОНАВИРУС ИНФЕКЦИЯСЫ ТІРКЕЛДІ

24.03.2020
ҚОРДАЙ ОҚИҒАСЫ. СОТ ҮКІМІ ШЫҒУДА… (жаңартылуда)

ҚОРДАЙ ОҚИҒАСЫ. СОТ ҮКІМІ ШЫҒУДА… (жаңартылуда)

13.07.2021
История о том, как 3 сотрудника Tele2 создали популярное мобильное приложение

История о том, как 3 сотрудника Tele2 создали популярное мобильное приложение

6
6 000 000 теңгеге айыпталды

6400 теңге үшін 4 жылға сотталды

5
Жамбыл облысындағы қазақтың соңғы ханына  қойылған сұрықсыз  ескерткіші сүрілетін болды

Жамбыл облысындағы қазақтың соңғы ханына қойылған сұрықсыз ескерткіші сүрілетін болды

3
Шу ауданындағы күрделі мәселе

Шу ауданындағы күрделі мәселе

3
Бәйге! Бәйге! Бәйге! «Мәңгілік ел алыптары» атты эссе жазу интернет-байқауына қатысуға шақырамыз!

Бәйге! Бәйге! Бәйге! «Мәңгілік ел алыптары» атты эссе жазу интернет-байқауына қатысуға шақырамыз!

3
Сериал өндірісі кемшіліктер арқылы дамиды – Ләззат Таныс­бай

Сериал өндірісі кемшіліктер арқылы дамиды – Ләззат Таныс­бай

3
ӘКІМДЕРДІҢ ОРТА ЖАСЫ ҚАНДАЙ?

ЖЫЛ ҚОРЫТЫНДЫСЫ. ӘКІМДЕР РЕЙТИНГІСІ

3
Қазақстан жастар құрамасы Азия чемпионатында бақ сынады

Қазақстан жастар құрамасы Азия чемпионатында бақ сынады

26.07.2025
Заңсыз дәрі саудасы бойынша бірнеше адам қылмыстық жауапқа тартылды

Заңсыз дәрі саудасы бойынша бірнеше адам қылмыстық жауапқа тартылды

26.07.2025
Түркістан облысында әкімдік ғимаратында төбелес болды

Түркістан облысында әкімдік ғимаратында төбелес болды

26.07.2025
«Отбасы құндылықтары: берік неке, жарқын болашақ» әлеуметтік жобасы бастау алды

«Отбасы құндылықтары: берік неке, жарқын болашақ» әлеуметтік жобасы бастау алды

26.07.2025
Пойызда босанған әйел сәбиін терезеден лақтырып жіберді – Қарағандыда сұмдық оқиға

Пойызда босанған әйел сәбиін терезеден лақтырып жіберді – Қарағандыда сұмдық оқиға

26.07.2025
Шу ауданы Белбасар ауылында мәдениет үйі пайдалануға берілді

Шу ауданы Белбасар ауылында мәдениет үйі пайдалануға берілді

25.07.2025
Ербол Қарашөкеев Шу ауданы тұрғындарының мәселелерін тыңдады

Ербол Қарашөкеев Шу ауданы тұрғындарының мәселелерін тыңдады

25.07.2025
  • БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com

© 2016-2025. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 
2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, № 16981- ИА  куәлігі берілген.
Сайт материалдарын көшіріп жариялаған жағдайда "Turaninfo.kz" ақпарат агентігіне сілтеме берілуі тиіс.
Құпиялылық саясаты


No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • Спорт
  • Видеоблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2025. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 
2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, № 16981- ИА  куәлігі берілген.
Сайт материалдарын көшіріп жариялаған жағдайда "Turaninfo.kz" ақпарат агентігіне сілтеме берілуі тиіс.
Құпиялылық саясаты