• Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс
  • ҚАЗ
  • РУС
05.09.2026, 05:17
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
No Result
Барлық нәтижені қарау

САПАРБАЕВ МАХМАДОВТАРДЫҢ КӘСІПОРНЫНДА БОЛДЫ

turan_admin turan_admin
15.04.2020, 00:18
Облыс жаңалықтары
САПАРБАЕВ МАХМАДОВТАРДЫҢ КӘСІПОРНЫНДА БОЛДЫ
695
қаралым
FacebookWhatsAppTelegramTwiiter

Облыс әкімі Бердібек Сапарбаев өңір кәсіпорындарының жұмысымен танысуды жалғастыруда. Сейсенбі, 14 сәуір күні аймақ басшысы «Jardem-109» мониторинг және жедел әрекет ету ақпараттық орталығында болып, «Тараз былғары аяқкиім» ЖШС фабрикасында, «Та-Мак» ЖШС және «БМ» өндірістік кәсіпорнына барды.
Тараз қаласы әкімдігінің 109 бірыңғай диспетчерлік қызметі облыс орталығының тыныс-тіршілігіне қатысты әртүрлі мәселелер бойынша азаматтардың өтініштері бойынша жедел әрекет ету мақсатында құрылған. Алайда бұл қызмет бүгінде өз міндетін толықтай атқарып отырған жоқ. Қаланың коммуналдық және басқа да салаларындағы мәселелерге қатысты азаматтардың көптеген өтініштері нақты жүйелі жұмыстың жоқтығы салдарынан шешілмей келеді. Бұл орайда мерзімі өткен өтініштердің көп болуы бұл қызметтің тиімділігінің төмендігін көрсетеді. Сондай-ақ, азаматтарға берілетін жауаптардың сапасы да көңіл көңшітпейді.
Осыған байланысты 109 қызметін облыс әкімі аппаратының қарамағына беру және оның базасында бүкіл облысты қамтитын Бірыңғай байланыс орталығын құру мәселесі өз шешімін таппақ.
— Бұл орталықта облыстағы жұмыстардың ахуалы туралы барлық ақпарат шоғырлануы тиіс. Осы ретте қазіргі уақыттағы коронавирустық инфекцияға қарсы әрекет ету бойынша толық ақпараттық база құру қажет. Сондай-ақ, мұнда барлық әлеуметтік төлемдер, мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру және жергілікті атқарушы органдар қызметінің басқа да салалары бойынша база қалыптастырылады. Орталық қызметкерлері азаматтардың келіп түскен өтініштеріне жедел назар аударып және олар тарапынан туындаған мәселелерді шешу жолдарын қарастыруға міндетті, — деп атап өтті облыс әкімі.
Бұдан соң аймақ басшысы «Тараз былғары аяқкиім» ЖШС-не барды. Бір кездері бұл кәсіпорынның өнімі тек Қазақстанда ғана емес, шетелдерде де танымал болатын. Алайда, кейінгі уақытта зауыт үлкен қиындықтарды бастан өткерді. Бүгінде мұнда әскери қызметшілер мен жұмысшыларға арналған бәтеңкелер дайындалады. Зауыт қарыздары жыл санап өсуде. Кәсіпорын басшылығына тұтынушылардың сұранысына сай тауарлардың жаңа түрлерін шығару мүмкіндігін қарастыру керектігі ұсынылды.
«Та-Мак» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің «Арзу» макарон фабрикасында жұмыс қызу жүріп жатыр деуге болады. Оның жайма, кеспе, лағман өнімдері Қазақстан аумағында жоғары сұранысқа ие. Тұтынушыларды өнімнің сапасы мен оның түпнұсқа орамасы қызықтырады.
ЖШС директоры Гүлмира Конкашеваның айтуынша, алдағы уақытта кәсіпорынның жаңа өндірістік желісін іске қосу жоспарланып отыр. Ол бойынша италиялық кәсіпкерлермен ортақ келісім жасалған.
Облыс әкімі кәсіпорын басшылығына рожки, вермишель секілді жаңа өнім түрлерін шығаруды ұсынды. Ондай өнімдер өңірдегі сауда желісіне еліміздің басқа аймақтарынан және шетелдерден жеткізілетінін тілге тиек етті.
Сондай-ақ, Жамбыл ауданының Жалпақтөбе ауылында орналасқан «БМ» өндірістік кәсіпорнында да жұмыстардың ілгерілеуі байқалуда. ЖШС бас директоры Сұлтан Махмадовтың айтуынша, бүгінде зауыт құрама жем өндіруге маманданған. Ал жуырда коронавирустың таралуына байланысты мұнда антисептиктер шығарыла алдағы жоспарларымен де бөлісті.
Бердібек Сапарбаев кәсіпорын қызметін оң бағалап, оның дамуына барынша қолдау көрсетуге уәде берді.

БөлісуЖолдауБөлісуTweet
Құрылтай

Ұқсас мақалалар

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

04.09.2026, 21:20
Жамбыл облысында жұмыспен қамту және әлеуметтік қолдау бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда

Жамбыл облысында жұмыспен қамту және әлеуметтік қолдау бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда

03.09.2026, 10:51
Жамбыл облысында 2026 жылғы шомылу маусымы қорытындыланды

Жамбыл облысында 2026 жылғы шомылу маусымы қорытындыланды

03.09.2026, 10:49
Тамыз айының топ-мақалалары: «Turaninfo.kz» оқырмандары қандай тақырыптарға басымдық берді?

Тамыз айының топ-мақалалары: «Turaninfo.kz» оқырмандары қандай тақырыптарға басымдық берді?

02.09.2026, 19:06

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

04.09.2026, 21:20

Ұлттық өнердің зерлі өрнегі: Әбілхан Қастеев атындағы музейде Бәтима Заурбекованың мерейтойлық көрмесі өтеді

04.09.2026, 12:52

Алматы облысына жаңа әкім тағайындалды

04.09.2026, 10:09

Қазақстан мен Лаос: достық байланыстарды жаңа деңгейге көтеруге бағытталған маңызды қадам

03.09.2026, 17:34

Жаңа Үкімет, ескі құрам: министрлер кабинетінде кім кетті, кім орнында қалды?

03.09.2026, 14:38

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

  • Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ауыл» партиясы Құрылтайға өтетін депутаттар тізімін бекітті

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ақ жол» Демократиялық партиясы Құрылтайдағы депутаттық мандаттарды бөлді

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Вице — Президент Ерлан Қарин немен айналысады?

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, №16981- ИА куәлігі берілген.

Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com



  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.