Жамбыл облысы әкімі Бердібек Машбекұлы бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерін Мемлекет басшысының «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» Тұжырымдамасы негізінде жұмыс жасауға шақырып, ұтымды ұсыныстар мен пайымды пікірлер ескерусіз қалмайтындығын айтты. Облыстық телеарнадағы өзекті бағдарламаларды әлеуметтік желілерде жариялау арқылы халыққа таратудың маңыздылығын баса атап өтті. Облыс әкімі бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерін бірігіп жұмыс жасауға шақырып: «Кемшіліктерді көрсету керек, айттым ғой, кемшіліктер – ол бізге көмек, біздің жұмысымызды жақсартуға септігін тигізеді»,-деп осы жұмыстарды одан әрі жандандыру керектігін айтты.