• Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс
  • ҚАЗ
  • РУС
05.09.2026, 18:34
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
No Result
Барлық нәтижені қарау

Сақтардың саф алтындарын көргіңіз келсе музейге келіңіз

turan_admin turan_admin
12.10.2023, 16:07
Мәдениет, Облыс жаңалықтары
Сақтардың саф алтындарын көргіңіз келсе музейге келіңіз
233
қаралым
FacebookWhatsAppTelegramTwiiter

Тараз төрінде «Сыр өңірі-Түркі өркениетінің алтын бесігі» атты көрме өтуде. Аталған мәдени іс-шара Қызылорда облысының 85 жылдығына орай ұйымдастырылып отыр.

Сыр өңірі – Қазақстан жеріндегі көне өркениет іздері мол сақталған өлкенің бірі. Өлкенің тарихы археологиялық деректер бойынша бес мың жылдықты қамтиды. Сондықтан да Қызылорда облыстық тарихи-өлкетану музейі қорында сақталған құнды жәдігерлерді «алтынның арқауы, күмістің жалғауы» болған көне шаһар Таразға арнайы алып келіп, қала жұртшылығының назарына ұсынып отырғандығының өзіндік тарихи маңызы жоғары.

 

Алаштың мақтанышына айналған Сыр елінде қазақ халқының 4 астанасы бой көтергенін біздер тарихнамадан жақсы білеміз. Олар Шірік-Рабат, Жанкент, Сығанақ, Қызылорда қалалары.

Сақ тайпаларының барлығы тек көшпелі қауым болды деуге болмайды, өйткені ерте темір дәуірінде оларда дала мен қала мәдениеті қатар дамыған. Сыр өңіріндегі сақтар отырықшы әрі қалалық өркениетті жақсы меңгерген, егін егіп, бау-бақша өсіріп, қала салған. Бұған Сырдария өзенінің арнасы Жаңадарияның сол жақ жағалауындағы ең биік төбенің үстіне орналасқан Шірік – Рабат қаласы айғақ бола алады. Себебі антикалық дәуірдегі грек және парсы халықтары мен осы өңірдегі жергілікті сақтардың мәдени және саяси байланыста болғаны ықылым заманнан белгілі.

Жанкент қаласы Оғыз бірлестігінің астанасы болған орта ғасырлардан бері тарихы бай қала. Кей деректерде яғни, түрікше Янгикент, қазақша Жанкент, «Жаңа қала» деген мағынаны білдіреді деп түсініктеме береді ғалымдар. Қаланың XV ғасырдан кейінгі тағдыры белгісіз, жазба деректерде де ешқандай мәліметтер кездеспейді. Шамасы қала монғол және жоңғар шапқыншылығнан соң өмір сүруін тоқтатқан деп топшалаймыз.

Сығанақ қаласы Ұлы Жібек жолының бойындағы маңызды сауда және қолөнер орталығы болған, 1469-1511 жылдары Қазақ хандығының астанасы, ал оған дейін қыпшақ мемлекетімен Ақ Орданың бас қаласы ретінде белгілі болған тарихы терең шаһар.

Қызылорда ХХ ғасыр ширегінде яғни, Орынбордан кейінгі екінші бас қаламыз болған. Алаштың ардақты оқығандары ығайы мен сығайының бастарын біріктіріп, қазақ халқының мүддесі үшін тер төккен зиялыларды бір арнаға бастарын тоғыстырған қаланың бірі ретінде бізге тарихаттан белгілі.

Атап айтар болсақ, Жамбыл облыстық тарихи-өлкетану музейінің Көркемсурет галереясында өтіп жатқан бұл көрмеде Сыр елінің тарихынан сыр шертетін 100-ге жуық археологиялық құнды жәдігерлер қойылған. Мәселен, б.з.д. 4-2 мыңжылдықтарды қамтитын Шірік-Рабат қалашығының алтын әшекей бұйымдары «Дала өнері», «Алтын тұмар», «Алтын ханшайым» композициясы және Х-ХVІІІ ғасырлардағы Сығанақ қалашығының алтындары, VII-XI ғасырлардағы оғыздар пайдаланған Жанкент қыш бұйымдары көрмені тамашалауға келген облыстағы жұртшылықтың назарына ұсынылып отыр. Жамбыл облыстық тарихи-өлкетану музейінің ұйымдастыруымен өтіп жатқан бұл көне тарихи көрме бір жеті бойы облыс тұрғындарының назарына ұсынылады. Тарихи көрмені тамашалаймын деген кісіге қаппы қалмауға әлі де мүмкіндік бар.

Мадияр ЕРАЛЫҰЛЫ

Қазақстан журналистер одағының мүшесі,

Жамбыл облыстық тарихи-өлкетану музейінің ғылыми қызметкері

БөлісуЖолдауБөлісуTweet
Құрылтай

Ұқсас мақалалар

Жамбыл облысында аға прокурор ұсталды

Жамбыл облысында аға прокурор ұсталды

05.09.2026, 18:12
«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

04.09.2026, 21:20
Айдархан Қалиев, дизайнер, «Aspara» брендінің негізін қалаушы:   «Бір көйлекті сапалы етіп шығару үшін мың рет толғанамын»

Айдархан Қалиев, дизайнер, «Aspara» брендінің негізін қалаушы: «Бір көйлекті сапалы етіп шығару үшін мың рет толғанамын»

03.09.2026, 12:23
Жамбыл облысында жұмыспен қамту және әлеуметтік қолдау бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда

Жамбыл облысында жұмыспен қамту және әлеуметтік қолдау бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда

03.09.2026, 10:51

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Жамбыл облысында аға прокурор ұсталды

05.09.2026, 18:12

Елордада жамбылдық креаторлардың жәрмеңкесі өтуде

05.09.2026, 15:50

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

04.09.2026, 21:20

Ұлттық өнердің зерлі өрнегі: Әбілхан Қастеев атындағы музейде Бәтима Заурбекованың мерейтойлық көрмесі өтеді

04.09.2026, 12:52

Алматы облысына жаңа әкім тағайындалды

04.09.2026, 10:09

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

  • Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ауыл» партиясы Құрылтайға өтетін депутаттар тізімін бекітті

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ақ жол» Демократиялық партиясы Құрылтайдағы депутаттық мандаттарды бөлді

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Вице — Президент Ерлан Қарин немен айналысады?

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, №16981- ИА куәлігі берілген.

Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com



  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.